Сабақ-оқу жұмысын ұйымдастыру: негізгі формалары, талаптары және құрылымы


Slide 1

«Сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. »

Slide 2

Жоспар:

Сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.

Сабаққа қойылатын талаптар.

Сабақтың типтері, құрылымы.

Slide 3

Сабақ-оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы.

Slide 4

Сынып-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері:

• Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру. Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді. • Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын сабақ түрінде жүреді. • Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады. • Жұмыстың негізгі түрі - сабақ. • Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі. • Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа көшіру туралы шешім қабылдайды.

Slide 5

Сабаққа қойылатын талаптар.

Slide 6

Сабаққа қойылатын талаптар 4-ке бөлінеді.

I. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:

IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:

III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:

Slide 7

білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге ықпалын анықтау;

оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру;

оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау, оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды ұйымдастыру;

I. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:

Slide 8

• оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау; • оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды, әдістемелік тәсілдерді табу; • оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы; • білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты уйымдастыру. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру: • жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау; • оларға жеке тапсырмалар беру; • әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау.

II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:

Slide 9

• қалыпты температуранық болуы; • ауаны тазартып түру; • жарықтың болуы; • балаларды шаршатпау; • іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, жазба және практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады; • сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу;

III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:

Slide 10

• сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген сұранысты арттыруы;

• сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі;

• мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру;

• мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс.

IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:

Slide 11

Сабақтың типтері, құрылымы.

Slide 12

Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортақ бір белгіні табу үшін оларды "жіктеу" керек. Сабақтарды бірінші рет топтастырған И. Н. Казанцев сабақтарды мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының тәсілдері бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс сабағы болып бөлінеді.

Slide 13

Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда.

Олар:

1) аралас сабақ;

2) жаңа материалды оқу;

3) жаңа іскерлікті қалыптастыру;

4) білім, іскерліктерді бекіту;

5) жинақтау және жүйелеу;

6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану;

7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.

Slide 14

Сабақ құрылымы

Сабақ құрылымы - сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге жасайтын алуан түрлі жұмыстар. Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі.

Slide 15

Тәжірибелік сабақтар шеберханаларда, оқу цехтарында, оқу-тәжірибе учаскелерінде өтеді.

Кезеңдері: • ұйымдастыру; • мақсат қою; • білімді еске түсіру; • нұсқау; • тәжірибелік жұмыс; • жұмыс нәтижесін шығару. Сабақтың көп уақытында оқушылар тәжірибелік жұмыспен айналысады. Мысалы, шеберханада түрлі бұйымдар жасайды. Оқу-тәжірибе учаскесінде жерді өңдеп, өсімдік өсіреді, өнім жинайды.

Slide 16

Бақылау сабақтары

Бақылау сабақтары оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған курстың негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейін, іскерлік, дағдылардың, оқу-танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқыту технологиясына қандайда бір өзгеріс, оқушылардың білімдеріне сәйкес оқу процесіне түзету енгізу мақсатында өткізіледі. Бақылау және түзету сабақтарының түрлері: ауызша сұрау (жаппай, мазмұндама, есептер және мысалдар шығару, т. б. ) сынақ, тәжірибелік (зертханалық), сынақ, практикумдар, өздік бақылау жұмыстары, емтихандар, т. б. Осы сабақ түрлері пәннің тұтас бөлімдерін, ірі тақырыптарды өткен соң өткізіледі.

Slide 17

Жаңа материалды оқу сабағының құрылымы:


Ұқсас жұмыстар
Студенттің оқу үдерісіндегі өзіндік жұмысын ұйымдастыру технологиясы
Тәрбие жұмысын жоспарлаудың түрлері, құрылымы және талаптары
Оқу процесінің формалары және ұйымдастыру түрлері
Сынып жетекшісінің сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары мен тәсілдері
Сабақ-оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы: талаптары, типтері және құрылымы
Оқу процесін ұйымдастыру формалары және сабақтың дидактикалық рөлі
Сабақ - оқытудың негізгі формасы: мәні, ұйымдастыру тенденциялары және қазіргі талаптары
Тәрбие үрдісінің негізгі қызметтері, әдістері және ұйымдастыру формалары
Сабақ - оқытудың негізгі формасы: мәні, динамикасы, ұйымдастыру тенденциялары мен қазіргі талаптары
ЖОО-да тәрбие жұмысын ұйымдастыру: мақсаттары, міндеттері және негізгі бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz