Электроқозғалтқыштарды пайдалану


Slide 1

пайдалану.

1. Ағымдық жөндеу 2. Электр машиналарының оқшаулағыштарын құрғату тәсілдері 3. Электр машиналарын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі

Slide 2

Электр қозғалтқышты құрастыру және бөлшектеу туралы түсінік:

- жалпы мағлұматтар

- электр қозғалтқыш туралы түсінік.

- артықшылығы, қолдану саласы

Электрлік машина - механикалық энергияны электр энергиясына немесе электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіретін электромеханикалық түрлендіргіш болып табылады.

Электр машиналары берілетін немесе тұтынатын токтың тегіне байланысты айнымалы және тұрақты ток машиналары болып бөлінеді.

Айнымалы ток машиналары синхронды, асинхронды және коллекторлы болып бөлінеді.

Синхронды машиналар генератор және қозғалтқыш ретінде қолданылады.

Асинхронды машиналардың ішіндегі шағын қуатты бір фазалы қозғалтқыштар коллекторлы болып саналады.

Асинхронды машиналар негізінен қозғалтқыштар ретінде қолданылады.

Өзінің қарапайымдылығы мен арзандығына байланысты қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыштар кең тараған

Slide 3

б) Электр қозғалтқыштың құрылысы

Айнымалы ток машиналары негізгі екі бөліктен, қозғалмайтын статордан және айнымалы ротордан тұрады. Машинаның магнит өрісін жетілдіріп, оған тиісті конфигурациясын беру үшін асинхронды қозғалтқыштар статор және ротор өзекшелерінен тұрады. Бұл екі өзекшелер құйыңды токтардан болатын шығындарды азайту үшін жеке-жеке тіліктерден қаттап жиналып, бір-бірінен лакпен оқшауланады (изоляцияланады) .

Асинхронды қозғалтқыштың құрылыс схемалары.

1-білік, 2, 6- подщипник, 3, 7- подщипниктік қалқан, 4-клемдік қалқанша, 5-желдеткіш, 8 -желдеткіш қорабы, 9- қысқа тұйықталған орамды ротор өзекшесі, 10-орамдары бар статор өзекшесі, 11- қорап, 12- тіреуіш табандар.

Slide 4

в) Электр қозғалтқыштың орамдарының жалғану тәсілдері:

Қалканшада қозғалтқышқа арналған желінің екі кернеуі, яғни 220/127 В, немесе 380/220 В көрсетіледі. Жоғарғы кернеу үшін статор орамдары жұлдызшалап, ал төменгі кернеу - үшбұрыштап қосылады

Фаза

Орамның басталқы ұшы

Орамнын сонғы ұшы

А

С1

С4

В

С2

С5

С

С3

С6

Статор орам ұштарының орналасуы (а),

статор орамдарын жұлдызша және ұшбұрыштап

жалғағандағы ауыстырып қосқыш жағдайы (б)

Slide 5

1. Сырттай қарау. Электрқозғалтқыш корпусында, шықпалар қорабында, салқындату желдеткішінде механикалық бұзылымдардың жоқ екендігі тексеріледі.

Slide 6

2. Жөндеуге қабылдау туралы шешім Сырттай қарау кезінде электр қозғалтқышта ақаулар табылған болса, оны жөндеуге жіберу туралы шешім қабылданады

Slide 7

3. Ақаулар ведомостін құрастыру. Сырттай қарау барысында ақаулар анықталғаннан кеиін ақаулар ведомості құрастырылады. Ол ведомоста электр қозғалтқышының негізгі бөлшектер мен түйіндері көрсетіліп, оның механикалық бөлшектерінің сыртқы жағдайының сипаттамасы келтіріледі.

Slide 8

4. Бұзылған электрлік машиналарды қоймада уақытша сақтау. Бұзылған электрлік машиналарды уақытша сөрелерде немесе арнайы арбаларда сақтау керек.

Slide 9

5. Электрлік машинаның подшипниктерінің бүтіндігін тексеруді бос жүрісте жұзеге асырады, Бұл кезде подшипниктердің, қозғалтқыш корпусының қызуы, дірілдің болуы, подшипниктегі шудың сипаты тексеріледі.

Slide 10

6. Машинаны бөлшектеу барысында желдеткіштің сыртқы корпусын шешіп алып, желдеткішті бекіткен болттарды босатамыз.

Подшипникті қалқандарды балғамен жайлап ұру арқылы шешіп аламыз.

Slide 11

7. Роторды статордан бөлшектеп аламыз

Slide 12

8. Электрлік машинаның бөлшектерін тазалау барысында оларды шаңнан, кірден және майдан тазартылады. Қажет болса орамды жуып, кептіріп, синтетикалық жуғыш заттармен сүрту керек.

Барлық тазаланған және қайта қолдануға болатын бөлшектер маркіленіп, сақталынады, ал бұзылған бөлшектер жөндеуге немесе ауыстырылуға жіберіледі.

Slide 13

Электр машиналарын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі

Электр машиналарын пайдалану және жөндеу жұмыстарына біліктілігі ІІІ - тен төмен емес және жұмыс орнында нұсқамадан өткен электромонтер жіберіледі. Жөндеу және қызмет көрсету кезіндегі қауіпсіздік электроэнергетикалық қызмет шаруашылығының басшысына жүктеледі.

Slide 14

Қорғаныс құралдарын қолданар алдында, тексерілген мерзіміне көңіл аудара отырып, олардың жарамдылығына көз жеткізу керек.

Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында электр машиналарын пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтау керек.

Slide 15

Электромонтерларда кернеуі 1 000 В- қа дейінгі қондырғылар үшін арналған негізгі қорғаныс құралдары болуы керек, яғни : диэлектрлік қолғаптар, сабы оқшауланған құ-ралдар, тұйықтаушы (немесе тасымалданатын жерсіндіргіш) және кернеу көрсеткіш. Қосымша құралдар: диэлектрлік галоштар, резеңке кілемшелер, оқшаулағыш төсеніштер мен ескерту плакаттары.

Slide 16

Электроқозғалтқыштар мен олар қозғалысқа келтіретін механизмдерге олардың айналу бағытын көрсететін белгі - стрелка қойылуы тиіс. Жүргізгіш құрылғыда агрегаттың қай топқа жататындығы белгіленуі керек.

Қысқа тұйықталған роторлы асинхронды электроқозғалтқыштар үшін тізбек толық кернеу кезінде тікелей жүргізгішпен қамтамасыз етіледі.

Жүргізгіш аппаратуралардың корпустары сенімді түрде жерсіндірілуі тиіс.

Статордың, якорьдың және полюстердің шықпалары арнайы белгілермен белгілену-лері керек. Жүргізуді реттегіш құрылғыларда «қосу» және «жұмыс» жағдайлары белгіленулері тиіс.

Электроқозғалтқыштың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін шиналардағыкернеудің мәнін ± 5 % - дық аралықта сақтап отыру қажет.

Slide 17

Электр жетек тізбектен шұғыл түрде келесі жағдайларда ажыратылады:

- электроқозғалтқыштан намесе жүргізуді реттегіш аппаратурадан түтін мен от шықса;

- адамдармен қауіпті жағдай туындап, электроқозғалтқышты лезде тоқтату қажет болса;

- электроқозғалтқыштың бүтіндігіне қауіп тудыратындай, рұқсат етілген шамадан артық діріл пайда болса;

- қозғалысқа келтірілетін механизмде ақау туындаса;

- подшипниктердің шамадан тыс қызуы байқалса;

- электроқозғалтқыштың шамадан тыс қызып кетуі салдарынан, оның айналым санының күрт төмендеп кетуі сезілсе.


Ұқсас жұмыстар
Табиғатты пайдалану құқығы
Жер меншік құқығы
Сулардың құқықтық режимі және оларды қорғау
Жердің құқықтық
ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ
Жануарлар дүниесін қорғаудың және пайдаланудың құқықтық режимі
Табиғатты пайдалану құқығы туралы
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz