Артур Шопенгауэр мен Фридрих Ницшенің философиясы: жігер, эстетика және билікке ұмтылу


Slide 1

Артур Шопенгауэр және Фридрих Ницше

Slide 2

ЖОСПАР:

Кіріспе

Негізі бөлім

Артур Шопенгауэр (1788-1860)

Фридрих Ницше (1844-1900)

Қорытынды

Пайдаланыдған әдебиетер тізімі

Slide 3

КІРІСПЕ

ХІХ ғасырда басқа ғылымдармен қатар психологиялық зерттеулер кең өріс алып, оның жетістіктері сол кездегі философиялық концепциялардың қалыптасуына үлкен әсер етті. Сезімдік түйсінуді, немесе ақыл - ойды өз концепцияларының негізі етіп алған классикалық философияның орнына жігер, интуиция, инстинкт сияқты психикалық құбылыстарды дәріптеген және оған табынған жаңа философиялық бағыттар пайда болады.

Slide 4

АРТУР ШОПЕНГАУЭР (1788-1860)

А. Шопенгауер 1788ж Данциг каласында бай саудагер отбасында дуниеге келген. Негізгі еңбектері:

«Әлем жігер және елестету ретінде»

Табиғаттағы жігер туралы»

«Афоризмдер мен максималар»

Slide 5 Slide 6

Шопенгауэрдің пікірінше, таным процессі кезіндегі біздің қарастырып жүргеніміз, шын мәніндегі денелер емес, тек субъектімен байланысты объект немесе елестету ғана. Елестетуден басқа одан да гөрі ауқымдырақ құбылыстардың бар екенін херттей келе таным субъектісі, яки жеке адам өз басының тәжірибесі негізінде, жігерді өзінің ішкі мәні деп таниды. Жігер әр уақытта рухани акт. Жігер кейбір құндылықтарды қалыптастырады, ал оларды құндылық ретінде мойындағаннан кейін, өзі соған ұмтылады.

Slide 7

Эстетикалық аңдауға келер болсақ, Шопенгауэр Канттың айтып кеткен пікірін қолдап, оның риясыздығына ас көп көңіл бөледі - онда ешқандай өзімшілдік сезім, я болмаса пайдақорлық ойлар, болмауы керек. Өнерді игерудің негізгі мақсаты - адамның жан - дүниесін өзімшілдіктен шығатын зардаптан құтқарып, оны тыныштыққа бөлеу. Өнердің түрлерін талдай келе, Шопнгауэр мүсін мен сүрет - кеңістіктің, ал әуен мен поэзия - уақыттың шеңберінде ғана өмір сүре алады.

Slide 8

Жігердің өзі екі түрлі мәннен тұрады:

елестету ретінде немесе объективтендірілген жігер;

әркімге белгілі - саналы жігер, яки дененің өзіндік болмысы.

Басқаша айтқанда, әмбебаптық жалпы дігер объективті тұрғыда табиғат және адам денесі ретінде бейнелесе, субъективті тұрғыда - саналы жігер ретінде көрінеді. Жігер тек адамдарға ғана емес, жалпы табиғатқа тән құбылыс, сондықтан ол барлық құбылыстардың ішкі мәні. Мыслы, өсімдіктің өсуін жетелуші күште, заттарды кристалдандыратын күш те, магнит күші де, балық материалдық денелерге тән салмақтылықтың арқасында оларды жерге тартатын күш те - жігерге жатады. Жігер өзіндік зат ретінде кеңістіктен де, уақыттан да, себептіліктен де тыс жатыр.

Slide 9

Өмірлік жігер рухани акт болғандықтан, әр уақытта жігер еркіндігі, немесе өзіндік себептерді (мотив) таңдау мүмкіндігі ретінде көрінеді. Осы қасиеттерінің арқасында адамдар өз еркімен өз мүддесіне қарсы келетін, керек болса өзі - өзі құртатын, өзіндік себептерді таңдап алуы мүмкін. Мұндай қарама - қайшылық индивидуациялық қағидадан туындайды. Индивидуацияға байланысты қалыптасқан жаңа жағдайды түсінгенде, адамға әділеттілік пен жаңашырлық қасиеттерге пайда болады. Ал жаңашырлық әдептіліктің негізі. Жаңашырлық тек адамға ғана емес, сонымен бірге жануарларға да тән.

Slide 10

Фридрих Ницше

Негізгі еңбектері:

«Музыка рухынан трагедияның туындауы»

«Заратуштра осылай деген»

«Билікке ұмтылған жігер»

Slide 11 Slide 12

Ницщенің пікірінше, өркениет (цивилизация) пен мәдениетте құлдырау процесі басталды. Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес, жалпы қоғамтану ілімінің қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмауы басты себептердің бірі. Осы тұрғыдан Ницше өз концепциясының негізі етіп Дарвиннің «Өмір дегеніміз күрес» заңын алды. Бұл идеяны ары қарай дамыта отырып, Ницше өмір дегеніміз күрес арқылы билікке ұмтылу деген тұжырым жасады. Осы концепция негізінде ол жоғарғы дәрежедегі биологиялық тип - «аса күшті адам» идеялын қалыптастыру керектігін дәлелдеуге тырысты. .

Slide 13

Оның ойынша, өмірдің қиыншылықтарына, соқпақтарына қарсы тұра алатындай «аса күшті адамдар» басқалардың тәрбиесімен немесе өзін - өзі тәрбиелеу арқылы емес, өзінде туғаннан бар өмірлік күштің арқасында қалыптасады. Тек осындай «аса күшті адамдар ғана өмір сүруге немесе билікке ұмтылуға құқықты» сондықтан олар өздерінің жігерін тежейтінқоғамда қалыптасқан моральдық өлшемдерді мойындамай, жақсылықтан да, жамандықтан да аулақ жүреді.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Фридрих Ницшенің өмірбаяны және философиясы
Артур Шопенгауэр: өмірі, ерік ілімі және пессимистік философиясы
Иррационализм философиясы: ерік, өмір және бейсаналық түсініктері (Шопенгауэр, Ницше, Дильтей, Фрейд, Юнг)
19-20 ғасырдағы Батыс Еуропа философиясы: Шопенгауэрден экзистенциализмге дейін
Өмір және өлім: XIX-XX ғғ. Батыс Еуропа философиясы негізінде өмірдің мәні
Фридрих Гегельдің философиялық ойлары: диалектика, абсолютті идеализм және мемлекет теориясы
Өнер философиясы: мәдени феномен, тарихи типтер, эстетика және қазақ өнерінің философиялық негіздері
Өмір мен өлім философиясы: адамның өмірінің онтологиясы, аксиологиясы және мәні
Фридрих Ницше: құндылықтар жүйесін сынға алу, Мәңгілік қайталану және философиялық ықпалы
Эстетика: негізгі категориялар, өнер мен эстетикалық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz