Алғы дақыл


Slide 1

Асбұршақ өсіру технологиясы.

С. Торайғыров атындғы Павлодар мемлекеттік Университеті Ауылшаруашылық ғылымдары факультеті Агротехнология кафедрасы

Орындаған:Айдана Ж. Г. және Көркемай М. М. Тобы:Агр-201қ

Тексерген: Какежанова З. Е.

Павлодар 2022

Slide 2

Асбұршақтың шаруашылық маңызы, өсірілетін аудандары, өнімділігі мен сорттары

Дәнді бұршақты дақылдардың ішіндегі көп тарағаны ас бұршақ, себебі ол халық шаруашылығында кеңінен пайдаланылады. Біріншіден, ас бұршақ бағалы тағам, оның дәнінде белок-28, көміртегі қосылыстары-62, 45, витаминдер, минералдық тұздар бар. Сондықтан ас бұршақ дәнінен жарма, аздап ұн дайындалады. Пісіп жетілмеген дәндері мен жасыл бұршақтарынан консерві жасалады. Екіншіден, ас бұршақ -жақсы мал азықтық дақыл. Әсіресе, құрамалы жем дайындағанда таптырмайтын өсімдік белогының қайнар көзі. Зоотехникалық норма бойынша жемнің бір мал азықтық өлшемінде 105-110 грамм қорытылғыш протеин болуы керек, ал ас бұршақтың бір мал азықтық өлшемінде 150- 180грамға дейін протеин болады.

Slide 3

Мысалы, гүлдену-жеміс түзу кезеңінде шабылған ас бұршақ көк балаусасының құрғақ затында 15-18 процент протеин болады. Ас бұршақтың 1 центнер балаусасында 16, ал шөбінде 49, 5 мал азықтық өлшем бар. Ас бұршақтың ТМД-дағы көлемі 4 млн гектарға жуық, 1990 жылы 130, 0 мың гектары Қазақстанда өсірілді. Көбінесе ас бұршақ республиканың солтүстік облыстарында егіледі. Ас бұршақтың 1990 жылы Қазақстан бойынша гектарынан 11, 0 центнер өнім алынып, барлығы 143, 0 мың тонна түсім жиналды. 1991 жылы Қазақстанда ас бұршақтың мына сорттары аудандастырылып себілді: Кан, Романский-77, Зерноградский неосыпающийся, Неосыпающийся- 1 және Таловец -55.

Slide 4

Сыртқы орта факторларына қойылатын талаптар.

Ас бұршақ жылылықты көп тілемейді. Оның тұқымы 1-2°С жылылықта өніп -өсе береді, бірақ жақсы көктеп шығуы үшін қолайлы температура 4-5°С шамасында. Егер генеративтік органдарының пайда болуы үшін қолайлы температура 16-20°С болса, бұршақтың өсуімен дәнінің толысуы үшін 22-26°С температура керек. Өркендері көктемгі -5-6°С суықтыққа төзе алса, оның гүлдену кезеңінде -2-4°С суықтың өзі қауіпті. Ас бұршақ ылғалды көбірек қажет ететін дақыл. Оның транспирациялық коэффиценті 300-600-ге тең. Ал оның топыраққа себілген тұқымының бөртуі үшін дәннің салмағының 100 процентіндей ылғал қажет. Генеративтік органдары пайда болуынан бастап толық гүлдену кезеңіне дейінгі аралықта ас бұршақ ылғалға аса мұқтаж болады. Сонымен қатар оған дәндену кезеңінде де жеткілікті мөлшерде ылғал керек. Бүрлену және гүлдену кезеңінде ылғал тапшы болса, ас бұршақтың өнімі күрт төмендейді. Ас бұршақ қара топырақта жақсы өседі. Механикалық құрамы ауыр, қышқыл топырақты ас бұршақ әсте қаламайды.

Slide 5

Өсірудің интенсивтік технологиясы.

Алғы дақыл. Ас бұршақ алғашқы даму кезеңінде арам шөптерден көп зардап шегеді. Сондықтан оны таза танапқа сепкен дұрыс. Осы тұрғыдан алып қарағанда оның жақсы алғы дақылы күздік дәнді дақылдар, жүгері, қант қызылшасы, картоп сияқты отамалы дақылдар. Бір себілген танапқа ас бұршақты қайталап сепсе, оның өнімі кемиді, сол себепті ас бұршақты бұл орынға 4-5 жылсыз қайыра орналастыруға болмайды.

Slide 6

Тыңайтқыш енгізу.

Ас бұршақ топырақтағы қоректік заттарды өсіп шыққаннан пісіп жетілгенге дейін пайдаланады. Дегенмен, қоректік заттарды дамуының алғашқы кезеңінде көп мөлшерде керек етеді. Гүлдену кезеңіне дейін барлық пайдаланатын азоттың үштен бірін 36%, фосфордың екіден үш бөлігін 60-64% және калийдің үштен бірінен тең жартысына дейінгі 37- 53% мөлшерін пайдаланады. Дәннің пайда болып, толықсу кезеңінде фосфорды 84-95 процент, калийді 79-81 процентіне дейін сіңіріп үлгереді, ал азотты пісіп жетілгенге дейін пайдалана береді.

Slide 7

Топырақ өңдеу.

Жерді негізгі өңдеу әдісі әр аймақтың топырақ климат жағдайына байланысты. Эрозия қаупі жоқ, механикалық құрамы ауыр топырақтарда жерді түренді плугтармен сүдігерге терең жыртады. Жерді терең жырту ас бұршақ тамыр жемісінің жақсы өсуіне, түйнек бактерияларының мол болуына мүмкіндік туғызады. Жер неғұрлым ерте жыртылса, соғұрлым оның пайдасы зор, өйткені топырақтың су, ауа режимдері, физика-механикалық қасиеттері жақсарып, осының арқасында микробиологиялық процестердің жүруі жылдамдайды. Механикалық құрамы жеңіл, топырақ жел эрозиясына ұшырайтын аймақтарда жерді негізгі өңдеу күзде сыдыра жыртқыш культиватормен жүзеге асырылады. Көктемгі топырақ өңдеу ылғал жабудан басталады. Күзде түренді плугтармен жыртылған жерлерде ылғалды ЗБТС-1, 0-пен, ал аударылмай сыдыра жыртқыштармен өңделген танаптарда БИГ-3А тырмаларымен жабады. Ас бұршақты интенсивті технологиямен өсіргенде, егін себер алдында жерді РВК-3, 6, РВК-5, 4 құрамалы агрегаттармен өңдеген дұрыс.

Slide 8

Тұқым себуге дайындау.

Тұқымды себуге дайындау оны әр түрлі ауруларғақарсы дәрілеуден басталады. Аскохитоз, фузариоз, бактериоз, сұр шірік және басқа ауруларға қарсысебер алдында тұқымның әр тоннасын 5-10 литр суғаерітілген 4-6 кг 70 проценттік тигам, немесе 3-4 кг 80проценттік ТМТД препараттарымен өңдейді. Өсімдіктің аталған ауруларынан шегетін зардабыназайту үшін, ас бұршақ егісінің әр гектарына 2-4 кг 80проценттік цинебом препаратын шашады. Себілген ас бұршақ тұқымы жақсы өніп шығуыжәне ерте пісіп жетілуі үшін республиканың солтүстікоблыстарында себілетін тұқымды 4-5 күн ыстықауамен желдеткен дұрыс.

Slide 9

Тұқымды себу мерзімі және дән себу мөлшері

Тұқым себу мерзімі жергілікті жағдайларға байланысты. Ас бұршақ ылғал сүйгіш және салқынға төзімді дақыл болғандықтан оны ерте сепкен жөн. Бұл егіннің өнімін арттыруға себеп болады. Дән себу мөлшері сорттың биологиялық ерекшеліктеріне, тұқымның ірілігіне, себу әдісіе, танаптағы ылғал қорына және басқа жағдайларға баланысты өзгеріп тұрады. Тұқымы ірі сорттардың қолайлы себу мөлшері бір гектарға 0, 6-0, 7 млн өнгіш дән болса, ұсақ тұқымды сорттар үшін ол -0, 7-0, 9 млн. Таспалық әдіспен сепкенде әр гектарға 0, 6 млн, кең қатарлы сепкенде -0, 4 млн өнгіш дән қажет.

Slide 10

Егістікті күтіп-баптау.


Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егістік
Ноқат дақылы
Алғы дақылдар
Күріш туралы
Жүгері, өсу аймағы, түрлері
Егіс тәжірибесінің түрлері
МАЙЛЫ ЗЫҒЫР
Асбұршақ біздің елімізде барлық дәнді бұршақ егістігінің 80 -дан астамында өсіріледі. Оны азық-түліктік және мал азықтық дақыл ретінде өсіреді
Мақсары
Май бұршақ, маңызы және өсіру технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz