СЕНІМНІҢ ЖҮЙЕСІН ЖӘНЕ БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТЫҚ КӨЗҚАРАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ТҮСІНДІРУ



«дін, Мәдениет және қоғам»
Орындағандар: Сағымжан Нұрай, Жолдыбай Үміт, Мусин Елжан
Топ: 117-118
Факультет: Роман бағыты, Аударма ісі, Испан тілі Италия тілі
Тексерген: Изтаева Венера Амангельдиева
Пән: Әлеуметтану

Жоспары: 1) кіріспе 2) діннің пайда болуы мен қалыптасуы 3) ДІН ӘЛЕУМЕТТІК ФЕНОМЕН 4) діннің қоғамдағы орны 5) діннің құрылымы

кіріспе: 1. әлемдік діндер мен оның ішіндегі ислам дінінің пайда болуы, таралуы және осы ілімнің қазіргі қоғамдағы рөлімен таныстыру 2. Діннің түпкі мақсаты адамзатты билікке, мәдениеттілікке, өркениеттілікке, имандылыққа шақыру екендігін әңгімелей отырып жеткізу 3. Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани- адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыруды түсіндіру

Дін дегеніміз - әлемді танудың ерекше формасы, жоғарғы күштерге сену арқылы моральдық нормалар мен әр түрлі культтық дәстүрлерге бағыну. Мәдениет дегеніміз - осы ортада өмір сүріп жатқан дініміздің жоғалмай, әлемді танудың ерекше формасы, әрмен қарай жалғасын табуында, құрметтеуімізде.

Діннің бастаулары Дін (религия) - (латынның сөзі religio тазалық, қасиеттілік, құдайға сенгіштік) құдайдың бар екендігіне негізделгендүниетаным мен тәртіптер жүйесі. Бірте-бірте адамдар арасында адамныңжаны оның денесінен бөлек өмір сүредідеген сенім қалыптасты, оны анимизим депатайдыКейінірек феодалдық қоғамның нығаюынәтижесінде аса ірі діни жүйелер-буддизм, христиан және ислам діндері қалыптасты.


Дін социологиялық талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады. Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді: мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен бірге социология олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді. Айталық, мысалы, мұсылман және христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүние болып екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.
1902-1979 жылдарда өмір сүрген, американ әлеуметтан2ушысы, профессор Толкотт Парсонстың «Әлеуметтанудың жалпы теориясының мәселелері» деп аталатын басты шығармасындағы негізгі ойы - дін адамдардың мінез-құлықтары нормаларының негізі болып табылады, сондықтан да дінді арнайы әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу керек. Дін әлеуметтік феномен ретінде жалпы әлеуметтану пәнінің зерттейтін аса маңызды объектісі болып табылады. Егер философия дінді зерттеуде сенімнің мәнін түсіндіргісі келсе, әлеуметтану сол сенімдердің адамдардың мінез‑құлқына, іс-әрекетіне қалай әсер ететінін, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс ретінде сол сенімнің қалыптасуынының үдерістерін де зерттейді.


Қазақстандағы діни ахуал
Қазіргі Қазақстанда 17 түрлі конфессияға жататын 140 этникалық топтың өкілдері тұрады, олардың ең көп бөлігі, 2009 жылғы халық санағы бойынша, ислам (сенушілердің жалпы санының 70%) және христиандықтың әртүрлі бағыттары, негізінен православие (26%) . ) . Мемлекеттің тұтастығы және оның демократиялық қайта құру жолында дамуы тек экономикалық қайта құруларға ғана емес, сонымен қатар елдегі конфессияаралық және этносаралық келісімге де байланысты. Түрлі ұлт, мәдениет, дін өкілдерінің қақтығыссыз өмір сүруі ең алдымен билік жүргізіп отырған саясаттың арқасы. Сондықтан Қазақстанның дін саласындағы толеранттылық, тұрақтылық, саясат тәжірибесі зерттеуге және қабылдауға тұрарлық. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі бола отырып, әлемнің барлық елдері тап болған проблемалардан: терроризм мен экстремизмнен, этникалық негіздегі қақтығыстардан аулақ бола алмайды. Деструктивті ағымдардың көбеюі Республикадағы діни ахуалды өзгертуде, бұл конфессияаралық келісім саласындағы барлық сол жетістіктерді бұрынғы оқиғалардың қателіктері мен қате есептеулерін ескере отырып қайта қарауды қажет етеді.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz