Қайта өрлеу мәдениеті


Slide 1

Қайта өрлеу мәдениеті

Slide 2

Мазмұны

Кіріспе:

Ренессанс ұғымы, даму тарихы

1. 1 Қайта өрлеу дәуіріндегі адамдар

II. Қайта өрлеу дәуірінің әлем және Еуропа мәдениетіне қосқан үлесі

2. 1 Көркем өнер туындылары

Қорытынды

Slide 3

Ренессанс ұғымы, даму тарихы

Қайта өрлеу мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениеті - XIV ғасыр аяғында XV ғасырдың басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венецияда басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта өрлеу дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т. б бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғам Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.

Қайта өрлеу мәдениеті антикалық өнер мұраларының үлгісіне байланысты болды. Бірақ ол көнені қайталау емес еді, өнер уақыт талабына сай мазмұны жасаған байи түсті, жаңа стильдер қалыптасты. Қайта өрлеу дәуір туғызған қайраткерлер білімді, шын мәнінде сегіз қырлы, бір сырлы адамдар болды. Олар әлемді зерттеуден жалықпады. Бұл дәуір суретшілер анатомия, математика, философиямен тереңдей шұғылданды.

Slide 4

Қайта өрлеу мәдениеті (фр. Renaissance, итал. Rinascimento; «ri» - «қайта» немесе «қайта туылған») -Батыс және Орталық Еуропа елдері мәдениеті тарихындағы орта ғасырдық мәдениеттен жаңа заман мәдениетіне өту дәуірі. Кезеңнің хронологиялық шегі шамамен XIV ғасырдың басы мен XVI ғасырдың соңғы ширегі, кей жағдайларда XVII ғасырдың алғашқы онжылдығы (мысалы, Англияда, әсіресе, Испанияда) . "Қайта өрлеу" деген термин Италияда XV ғасырда пайда болды, алғаш рет бұл түсінік жазушы және суретші Джорджо Вазари еңбектерінде, әсіресе оның "Ең атақты суретшілер, сәулетшілер және мүсіншілер" (XVI ғасыр) атты төрт томдық кітабында қолданыла бастады.

Терминнің қазіргі кездегі мағынасын XIX ғасырдың француз тарихшысы Жюл Мишле айналымға енгізген. Қазіргі таңда Қайта өрлеу термині мәдени гүлденудің метафорына айналды.

Slide 5

Қайта өркендеу дәуіріндегі адамдар

Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетінің негізгі ерекшеліктері - шынайылық, гуманистік дүниетаным, көне мәдени мұраларға ден қою, оны қайта «көркейту». Қайта өрлеу адамдарына шіркеулік мораль, феодалдық қатынастар, орта ғасырлық дәстүрлер тарлық ете бастады. Олар өздерін қоршаған табиғат дүниесін басқаша көретін болды, оны пайымдап бағалауы, эстетикалық талғамы, шындық пен өткенге деген көзқарасы өзгерді.

Қайта жаңғыру даналарының басты назарында Платон сияқты көне заман ойшылдарының ілімдерінің болды. А. Ф. Лосев осы орайда тамаша ғылыми тұжырым жасап, бұл жағдайды неоплатонизммен байланыстырды. Оның пікірінше, Қайта жаңғыру дәуірінің өкілдері мәдениетті орта ғасырлық догматтан тазартты, оны қайта қарау арқылы қайта жаңғыртып, жаңа мазмұн берді. Ол мәдениет тарихындағы неоплатонизмнің үш түрін атап көрсетті. Олардың біріншісі - көне замандық - космологиялық, екіншісі - орта ғасырлық - теологиялық, үшіншісі - жаңғырған - антроцентристік неоплатонизм. Көне заманның неоплатонизмі Платон ілімін қайта қарай отырып, рухтың табиғатын, заттар қозғалысын, космостық айналыстың ақиқаттығын космологиялық тұрғыдан түсіндіруге әрекет жасаса, орта ғасырлық неоплатонизм табиғат пен дүниеден жоғары өмір сүретін, жоқтан болмыс тудыратын абсолюттік жан теориясына негізделді.

Slide 6

Қайта өрлеу дәуірінің әлем және Еуропа мәдениетіне қосқан үлесі

Орта ғасырлар тарихы деп аталатын дәуірде дүниежүзілік мәдениет пен өнертарихында жаңа кезең басталды. Бұл кезең - "Қайта өрлеу мәдениеті" деген атпен тарихқа енді. Қайта өрлеу дәуірінің алғаш дамыған жері Италия елі болды. Ол дамыған, өркендеген мемлекет еді. Онда саяси, рухани-эстетикалық көзқарастар туып, адамдардың ой өрістерінің көмегімен әрекет жасауға болатынына көздері жете бастады. Сондықтан ғылымға деген, әлемнің тұңғиық сырларын ашуға деген құштарлықтары арта түсті. Бұл ғылым мен өнерге барынша ден қоюға жол ашты. XV-XVI ғасырларда өмір сүрген Италияныңмәдениет қайраткерлері өз дәуіріндегі өнер өрісін өте жоғары бағалады. Енді Батыс Еуропада өркендеу дәуірі қалыптаса бастады. Мұндағы басталған өнер, әдебиет, мәдениет, ғылым саласындағы бетбұрыс - бірте-бірте Англия, Германия, Франция, Испания, Голландия және тағы басқа елдерге тарады.

Қайта жаңғыру дәуірі - мәдениет пен өнер және ғылым тарихындағы ұлы бетбұрыс кезең болды. Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Еуропаның көптеген елдерінде бұрын-соңды болып көрмеген гүлдену, мәдени қозғалыс басталды.

Slide 7

Көркем өнер туындылары

Қайта өрлеу дәуірі өнерінің алғашқы суретшілерінің бірі - ұлы суретші Джотто (1267-1337) болды. Ол Римдегі антикалық өнермен жан-жақты танысты және сонда жүріп "Новичелла" атты мозаикалық шығармасын жазды. «Иуда ишараты»- талантты суретшінің ең әйгілі шығармасы. Көп адам қатысқан бұл композициядағы басты тұлғалар - Христос пен Иуда. Христос бейнесінен ізгіліктің, адамгершіліктің, сабырлылықтың белгілерін байқайтын болсақ, ал екінші бір кейіпкер Иуданың бойынан бір көргенде-ақ озбырлық пен сатқындық қасиеттерін жазбай танисыз. Екі жүзділік, күншілдік, зұлымдық сияқты жағымсыз қылықтар кейіпкердің жүзінен де, қимылынан да айқын көрінеді, ізгілік пен зұлымдық арасындағы ымыраға келмейтін күрес - шығарманың негізгі идеясы. Орасан зор шеберлікпен жазылған бұл туынды Джоттоның есімін бүкіл Италияға әйгілі етті. Көзінің тірісінде-ақ ол «Флоренцияның ұлы азаматы» деген абыройлы атаққа ие болды. Қайта жаңғыру кезеңінде талай өнер саңлақтары өздерінің өшпес туындыларымен әлемді таң қалдырды. Егер орта ғасырларда әлемнің кіндігі - құдай деп саналса, ендігі жерде адам құдай дөрежесіне көтеріліп, мадақталды.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Жаңа заман мәдениеті
ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІНІҢ МӘДЕНИЕТІ
Қайта өрлеу дәуірі
Мәдениет туралы түсініктердің тарихи эволюциясы
Ежелгі мәдениет, антикалық және ортағасыр мәдениеттері
Өркениет және мәдениет ұғымдары
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Түркілік қайта өрлеу және оның әлемдік мәдениет мұрасындағы орны
Қайта өрлеу дәуірінің мәдени мұрасы мен ескерткіштері
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨРКЕНИЕТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz