Модульдік оқыту технологиясының мақсаты



Бекпатша Маржан
7М1503-11

Модуль дегеніміз - қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес бөлігі. С. И. Ожегов
Оқу модулi - оқу ақпаратының бiршама дербес
блогы, оған оқу мақсаттары мен мiндеттерi,
әдiстемелiк нұсқаулар, шамамен алғандағы iс
әрекеттер негiзi, оқу қызметiн атқару жетiстiгiн
бақылау (өзiн-өзi бақылау) құралдары
енедi.

“Модульдік оқыту технологиясы” деп аталған педагогикалық технология нұсқасын жасағанда “толық меңгеру” әдітемесінің негізгі қағидалары ұстанылған. “Толық меңгеру” әдістемесінің негізгі идеяларын 1960 - жылдары американ психологтары Д. Ж. Кэррол және Б. Блум ұсынған. Олардың пайымдауынша бала қабілеті қолайлы жағдай жасаған кезде оның оқу темпімен анықталады.

Модульдік оқыту технологиясының мақсаты
Оқу үрдісінде оқушының шығармашылығын
дамытуға қолайлы жағдай туғызу,
эстетикалық сезімін, зейінін тәрбиелеу.

Міндеттері
Жеке тұлғаның қажеттіліктерін
қанағаттандыру;
Таным үрдістерін дамыту;
Танымдылық қабілеттерін дамыту
Сөздік қорын дамыту;
Өзара көмек және бірге бастан өткізу;
Оқу себептілігінің өзгеруі.

Модульдік оқыту технологиясының құрылымы
Оқу модулінің өз құрамы бар. Ол үш бөлімнен тұрады:
Кіріспе бөлім (модульге, тақырыпқа ену) .
Диалогиялық сұхбат бөлімі (көбіне сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру) .
Қорытынды бөлім (бақылау) .

“Толық меңгеру” әдістемесіне сай мұғалімнің әрбір оқу бірлігіндегі жұмысы мына кезектілікте жүзеге асады:
Балаларды оқу мақсатымен таныстыру.
Берілген тарау бойынша сыныпты жалпы оқу жоспарымен таныстыру.
Мұғалімнің материалды көбіне баяндау түрінде оқытуы.
Диагностикалық тест бойынша ағымдағы тексеруді жүргізу.
Тексеру нәтижесін бағалау, тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды анықтау.
Тарауды толық меңгермеген оқушылармен түзету оқуларын жүргізу.
Диагностикалық тест жүргізу оқу бірлігінің мазмұнын толық меңгерген оқушыларды анықтау.
М. Жанпейісова ұсынған нұсқада мұғалім әрекетінің кезектілігі сәл өзгеше:
Оқушыларды оқу мақсатттарымен таныстыру.
Мазмұны жағынан маңызды тақырыппен және тарау бойынша құрылған блоктарды оқыту модулімен сыныпты таныстыру.
Мұғалім таңбалар жүйесімен берілген сызба, кесте, таблицалар т. с. с. қолдана отырып, материалды қысқаша баяндайды. Оқушыларды зерттеуге, іздеуге жетелейді.
Диалогтық қарым-қатынасқа негізделген оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып, әр сабақтағы әр оқушының іс-әрекет нәтижесін бағалау.
Оқу материалына 4-7 рет қайта орала отырып, жалпы тақырыпқа, тарауға жету.
Өтілген тақырып бойынша тестілеу жүргізу.
Үш деңгейлік жүйемен дайындалған билеттер бойынша сынақ, бақылау жұмысы, сын жұмысын өткізу.

М. М. Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы
Бұл технология 2000 жылдан бастап мектеп тәжірибесіне енді. Ақтөбе қаласында сынақтан өтті.
Модульді оқыту тәжірибесін зерттеген ғалым М. Жанпейісованың «Технология модульного обучения» атты еңбегі жарық көрген.
Модульдік оқыту технологиясы - ойын түрлері арқылы баланың қиялын дамытуға, зейінін тәрбиелеуге, халықтық педагогикамен қаруландырып, терең білім беруге негізделген.
Марал Мәденқызы
Жанпейісова
педагогика
ғылымдарының
кандидаты

М. Жанпейісова жүргізген зерттеулер 7-12 сағаттан тұратын, оқу модулін өте тиімді деп тапты. Дегенмен эксперимент жүргізген мұғалімдердің модульдегі сағаты 4-тен (Қазақстан тарихы курсы бойынша) 22 сағатқа дейін (математика бойынша) ауытқыды. Сағаттар санына қарамай, кіріспе бөліміне 1-2 сағат жұмсау оқу модулінің ерекшелігі. Қорытынды бөлімге де 2-3 сағаттан көп берілмейді. Қалған сағат 3-17 сағатқа дейін барлығы диалогтық, сұхбат бөліміне беріледі.
Мысалы, мұғалім 9 сағатқа арнап оқу модулін құрса, 1 сағат кіріспе бөліміне, 2 сағат қорытынды бөліміне, 6 сағат сұхбат бөліміне арнап бөлінеді.
Бұл әрбір оқушының білімді меңгеру, дайындық деңгейіне қарай материалын 3 деңгейде қарастыру қажеттігінен туындаған.
Жаңа меңгерілген білімнің өзгертпей қайталау деңгейінде материалды оқыту тақырып, тарау бойы оқу модулінің мазмұны бойынша жүргізіледі.

Модульдік технологияның мүмкіндігі:
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру - ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы.

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:
қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі;
оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру,
барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.
Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейде игеруді білдіреді. Олар шамамен мынадай түрде беріледі: білу, түсіну, қолдану, талдау, топтау, бағалау.
Модульдік технологияның ерекшілігі: жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу, сондай-ақ өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, шығармашылық қажеттіліктерін, сөздік қорын дамытуға бағытталған.

Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz