Жасыл экономика және Тұрақты даму




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
УНИВЕРСИТЕТІ

Жасыл экономика және
Тұрақты даму
Орындаған:Комекбай А.Г.
Тобы:Фи-20-7к1
Қабылдаған:Жаманбалаева Г.Т.
Жоспар:
1. Тұрақты даму түсінігі
2. Жасыл экономика
3. Жасыл экономиканы дамыту бағыттары
4. Жасыл экономика Әлемде және Қазақстанда
5. Әдебиеттер тізімі
Тұрақты даму түсінігі
• Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның
дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ,
өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың
табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды.
Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті
бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың
барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам
қызметінің сипатына тәуелді.
• Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны
қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық
мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген,
табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс.
Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық,
бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды.
Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың
сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі
тиіс.
Тұрақты даму
• Тұрақты даму негізгі үш компоненттің – экономикалық, әлеуметтік және экологиялық
арасындағы кешенді байланысты болжайды.
• Бүгінгі таңда «жасыл тех­нологияны» қолдану жайы ең бір өзекті мәселеге айналып отыр.
Еліміз «жасыл эконо­ми­каға» көшудің алдағы ұзақ мерзімді жоспары барысында Қа­зақ­­стан­
ның экономикалық тұ­рақтылық қуатын барынша сақ­тай отырып, экономиканың өр­кендей
түсуіне мүдделі. Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың баста­масымен қолға
алынған «жасыл экономика» – халықаралық «Жа­сыл көпір» серіктестік бағ­дар­ламасын
іске асыруға негіз боларлық құқық­тық, эконо­ми­ка­лық және ғылы­ми-негіздік шарттарды
жақсар­татын, сондай-ақ табиғатты керегімізге қарай игеріп, оны тиімді тұтыну тә­
жірибесін жетілдіруге ынталан­ды­ратын игі бастама.
• Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің
табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді
табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі
экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза
өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.
• Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл»
экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға
бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды
қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта
сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және
сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.
Жасыл экономика
• Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе
«жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың
айтуы бойынша «жасыл» экономиканы
дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде
өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық
дағдарысты біздің елде болдырмауға
мүмкіндік береді.
• Қазіргі уақытта елімізде «Жасыл
экономикаға» көшу бойынша ұлттық
стратегия әзірлену үстінде. Сарапшылардың
пікірінше жер көлемі жөнінен әлемде
тоғызыншы орынды алатын Қазақстанда
аталмыш жобаны жүзеге асыруға мол
мүмкіндік бар. Соған орай «жасыл экономика»
қағидаттарын енгізу мәселесі жан-жақты
талдауға негіз болуда.
• Көптеген елдерде «жасыл» экономикаға өту
кезінде салықтық ынталандыру
қарастырылған. Әлемдік тәжірибенің аяқ
алысына сүйене отырып, «жасыл» салаға
инвестиция ағынын көптеп тарту үшін
салықтық ынталандыруды қолдану жағы
ескерілетін болады. Бұл ретте министрлік
жобаны әзірлеу кезінде салықтық жеңілдіктер
енгізбек.
«Жасыл» экономиканы дамытудың
жеті негізгі бағыттары:
• Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.
• Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие
болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай,
газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде
сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек
өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы
экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер
алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.
• Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия
тиімділігі.
• Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі
уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу
изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен
жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта
Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен
шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік
компаниялары әрекет етеді.
• Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы.
• Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру.
• Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер,
үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі
кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік
өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты
тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу
технологиясы Алматыда іске асырылуда.
• Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру
• Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің
шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын
тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.
• Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту
• Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі
уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге
асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына
жағдай жасайды.
• Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару
• Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын
сақтауға бағытталған.
Жасыл экономика әлемде
• «Жасыл экономиканы» дамытуда Германия,
Оңтүстік Корея мемлекеттері алдыңғы орында.
Олар «жасылдануды» дамыту бойынша оң
нәтижелерге қол жеткізіп отыр. «Біз әлем
елдерінің оң тәжірибелерін пайдаланамыз.
Бүгінгі таңда әлемде экологияға қатысты
көптеген проблемалар бар. Күн сайын табиғи
ресурстар азайып, қоршаған орта ластанып
жатыр. Сондықтан да адамзат үшін жасыл
экономикаға көшу міндетті болып отыр.
• Балама қуат көздерін қолдану, тұрғындардың
таза ауыз суды тұтынуы және өндіріс
қалдықтарын қысқарту мақсаттарын жүзеге
асыру барысында ауқымды жұмыстар бар.
«Жасыл экономикаға» көшудің маңызды бір
буыны – қоқыс өңдеу. Соған орай ел аумағында
жоспар бойынша 40-тан астам қоқыс өңдеуші
кешеннің құрылысы басталмақ. Осындай кешен
таяуда Астана қаласында пайдалануға беріледі.
Испан технологиясы бойынша салынған зауыт
жылына 400 мың тонна қоқысты қайта өндеп,
қала қажеттілігін өтеуге қауқарлы болады.
Алдағы 2 жылда республикамызда дәл осындай
9 зауыт бой көтереді.
Жасыл экономика
Қазақстанда
• Бүгінде елімізде жел энергетикасы, қуат көзін үнемдеу, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге
жарату жөнінде біршама заң қабылданды. Енді саладағы заңнаманың тиімді орындалуын қадағалау –
негізгі шара. Сондықтан да «жасыл экономикаға» негізделген құқықтық базаны жетілдіру осы бастан
қолға алынуда.
• «Жасыл» экономика ел үшін басымдылықтар әкеледі. «Жасыл» экономикаға ауысу барынша үлкен
танымалдыққа ие болып келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл» экономика бірінші
кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді:
• · ішкі жалпы өнімнің өсімі;
• · елдің табыстарын ұлғайту;
• · елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс орындарын құру.
• Бұл жерде «жасыл» экономикаға ауысу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су
ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді.
• «Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторына
құралдарды инвестициялауды жоспарлайды:
• · ауыл шаруашылығы;
• · тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;
• · энергетика;
• · балық аулау;
• · орман шаруашылығы;
• · өнеркәсіп;
• · туризм;
• · көлік;
• · қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу;
• · су қорларын басқару.
• «Жасыл көпір» Әріптестік Бағдарламасының нәтижелері
табиғатты бұзатын экономикадан өзара келісілген
экологиялық-экономикалық жүйелерді құруға жағдай
жасайды. Қысқа мерзімді және фрагментарлы тәсілдерді
жоятын басқарудың жаңа тетіктері негізінде
институционалды құрылымдарды құру орнықты дамуды
көздейді. Табиғат ресурстарын ұтымды және ұзақ
мерзімде пайдалану, өмірлік маңызды экожүйелерді
сақтау мен қалпына келтіру үшін жаңа тетіктерді құру.
Қоршаған ортаның тозу қарқынын төмендету және
табиғат ресурстарын ұтымсыз пайдалануды төмендету
үшін өндіріс пен тұтынудың дәстүрлі тұрақсыз үлгілерін
«жасыл» экономика үлгісіне ауыстыруды қамтамасыз
ету. Тек елдер мен аймақтар үшін емес, барлық әлемдік
бірлестіктер үшін маңызы үлкен жетістіктерге жету үшін
өз күштерін біріктіру. Әлемдік оң нәтижелі тәжірибелер
мен әлеуетті тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті
нығайту үшін жағдай жасау.
• Астананың ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне өз кан­
дидатурасын ұсынуы әрі «Болашақтың энергиясы» атты
жаһандық мүдделерді топтастыратын тақырыпты таң­
дауы әлем на­зарын өзіне аударғаны хақ. Өйткені,
адамзат алдындағы күрмеуі қиын мәселе энергияға
деген тапшылықты жойып, балама қуат көздерін кеңінен
іске қосатын кез келді. Адамзат баласына көмірді,
мұнайды, газды толығымен игеруге орта есеппен 40-50
жыл кетті, балама энергетиканы игеруге де шамамен
сонша уақыт к­рек. Бұл шара – біздің елімізде балама
энер­етиканың қарқынды дамуына жол ашары сөзсіз.

Әдебиеттер тізімі
• 1.www.rusnauka.com
• 2.strategy2050.kz
• 3. Р. Перелет. Направления стратегии «зеленого роста» // Евразийский экономический обзор. – 2011
- № 1, стр. 98-103.

Ұқсас жұмыстар
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Жасыл экономика
Қазақстан Республикасының өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты дамуы
ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ҚОҒАМ
Бүкіләлемдік экономика
Жасыл экономиканың ғаламдық тенденциялары
Қазақстанда және дүние жүзінде атом энергетикасының даму болашағы
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері
Эко-технологиялар-жаппай индустрияландырудың және өнерксіптік өрлеудің әлемдік тренді Эко-технологиялар-жаппай индустри
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер