Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі


Slide 1

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігіМ. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Тақрыбы:Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай

Қабылдаған:Керимбекова З. Орындаған:Оспанұлы А. Тобы: ИП-19-4К1

Slide 2

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай

Slide 3

Адам шығындарына, денсаулыққа зиян келтiруге, елеулi мүліктік шығындарға немесе тұрғындардың тiршілiк әрекетi жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан әлеуметтік қатынастар саласындағы белгілі бір аумақта қайшылықтар мен жанжалдардың туындауымен байланысты төтенше жағдай

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай

Slide 4

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі

1. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі төтенше жағдайды енгізуге негіз болып табылатын, әлеуметтік сипаттағы төтенше мән-жайлардың алдын алуды және оларды жоюды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың шұғыл ден қоюы мен жұмыс істеуінің айрықша режимін білдіреді.

2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі жекелеген жергілікті жерлерде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша енгізіледі, ал осы Заңның 3-2-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда оны Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша жергілікті атқарушы орган енгізеді.

3. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимі кезінде шұғыл ден қою және басқару жүйесінің жұмыс органы жедел штаб болып табылады.

4. Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған кезде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органға жәрдемдесуге және қажетті көмек көрсетуге міндетті.

5. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою мақсатында әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган:

Slide 5

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және жою мақсатында әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган:

Fusce a convallis velit. Vestibulum varius tellus id faucibus tempor. Aenean vitae dapibus sem. Pellentesque nec elit purus. Vestibulum ante ipsum primis in faucibus orci luctus et ultrices posuere cubilia

ALL RIGHT RESERVED © 20008-2020.

Privacy Policy protected

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ, егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалануға

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қолдануға құқылы.

Slide 6

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалануға құқылы. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарларының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын броньнан алу тәртібімен шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

Slide 7

Қаңтар оқиғасы

2022 жылы Қазақстанда қаңтарда наразылық пен тәртіпсіздік қалай болды?

Маниторинг жасау

Жаңаөзенде жүздеген адам сұйытылған газ бағасының 60 теңгеден 120 теңгеге қымбаттауына қарсы наразылыққа шықты. Олар әкімдік маңындағы жолды жапты. Кейін наразылық Маңғыстау облысының өзге өңірлерінде де жалғасып, Қарақия ауданындағы Жетібай кенті мен Құрық ауылында, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында тұрғындар жиналды. Олар биліктен газ бағасын 50 теңгеге түсіруді талап етті.

Жаңаөзендегі наразы жұртқа Маңғыстау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев келген, бірақ наразылар оны қуып жіберді. Қалада наразылар саны үш мыңнан асты. Ақтөбе, Шымкент, Алматы, астанада жұрт Жаңаөзендегі наразылықты қолдап жиналды. Полиция наразыларды ұстай бастады.

Slide 8

4 қаңтарда кеш бата Алматының "Алатау" театры маңына жұрт жинала бастады. Атырау, Жаңаөзен және басқа қалаларда да наразылар тарамай тұрды. 5 қаңтарға қараған түні Алматыда жиналғандар Республика алаңына келгенде полиция көзден жас ағызатын газ, шулы граната, резеңке оқ атты. Алаң маңында полиция көліктері өртенді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтарға қараған түні Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында төтенше жағдай жариялады.

Талдықорғанда жиналғандар елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатты. Тоқаев елден кетпейтінін, "астанада болатынын" мәлімдеді. Ол Назарбаев басқарып келген Қауіпсіздік кеңесінің төрағалығын өз қолына алатынын жариялады. Билік елдегі оқиғадан күштік құрылым өкілдері қаза болғанын айтты. 5 қаңтар кешке белгісіз адамдар тобы Алматы әуежайына басып кіріп, бүлдірді.

Slide 9

Қазақстан билігі елде конституциялық тәртіп орнағанын, күштік құрылымдар мемлекеттік ғимараттар мен әкімдіктерге бақылау орнатқанын хабарлады. Тоқаев елге "20 мың содыр шабуылдағанын" айтып, күштік құрылымдарға ескертусіз оқ атуға бұйрық берді. Билік "контртеррористік операция" жалғасатынын жариялады. Елде бұл күні де интернет өшті.


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай
ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
Қарапайым қарулар
Төтенше жағдайларда психологиялық аспектілер
ТЕХНОГЕНДІ ТӨТЕНШЕ
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Бақылау және қадағалау органдарын басқару қызметтері мен міндеттері
ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУ ОШАҒЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz