Жасыл экономиканың ғаламдық тенденциялары
Презентация қосу
«Жасыл экономиканың» ғаламдық
тенденциялары
Орындаған: КІ –101 (қ)
Мазмұны
1. «Жасыл экономика» мәнісі
2. Негізгі үш аксиомасы
3. «Жасыл экономиканың артықшылықтары
4. «Жасыл экономика қағидалары
5. «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі негізгі басым міндеттері
6. Тұжырымдаманы іске асырудың үш кезеңі
7. «Жасыл экономиканы» дамытудың жеті негізгі бағыттары ғаламдық
тенденциялары
Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын
жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Екіншілері, бұл сөзді табиғатқа көмектесуге
және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп
есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың
жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.
«Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай,
газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.
«Жасыл» экономика және балама энергия көздерінің халыққа тигізер пайдасы –орасан. Қазіргі кезде
Дүние жүзі шаруашылығы жер қыртысының пайдалы қазбаларын көп тұтынуда, соның салдарынан
пайдалы қазбалардың қоры жылдан-жылға азаю үстінде. Осындай келеңсіз құбылыстар төмендегі
жағдайға әкеліп соғады.
Дүние жүзі халықтары өзінің қажеттіліктерін
қамтамасыз ету мақсатында орасан зор энергия
тұтынуда, соның салдарынан қазіргі таңда энергия
тапшылығы байқалуда. Осы мәселенің алдын алу,
энергия тапшылығын жою үшін балама энергия
көздерін пайдалану өте маңызды. Балама энергия
көздері бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға
ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ, көмір)
ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын
ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.
Қазіргі таңда пайдалы қазбалардың қорының азайуы,
экологиялық мәселелердің ушығуы, дүниежүзілік
энергия тапшылығы және халықтың эканомикалық,
әлеуметтік жағдайдың тұрақсыздығы үрдістері ұлғаю
үстінде. Аталған мәселелердің алдын алу және
болдырмаудың бірден-бір жолы ол «Жасыл
экономика» және балама энергия көздерін айқындап,
олардың қорларын тиімді пайдалану.
«Жасыл экономиканың негізгі үш аксиомасы бар
шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз
кеңейту мүмкін емес;
шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп
отырған қажеттіліктерді қанағаттандыру
мүмкін емес;
жер бетіндегі барлық нәрсе өзара
байланысты.
Жасыл экономиканың
артықшылықтары мыналар:
• бүкіл әлемде күн батареяларын қолдану мүмкіндіктері;
• газбек жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы
көліктерді енгізу;
• қайта өңдейтін зауыттар салуды арттыру;
• климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальтбетондық
технологияларды қолдану;
• қоршаған ортаға зиянсыз эко жеңіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі;
• кәріз қалдықтарын қайта пайдалану қажеттілігі және т.б.
Жасыл экономиканың қағидалары:
• әділеттілік қағидасы (теңдік);
• адамгершілікті құрметтеу қағидасаы (барлығы үшін
өркендеу);
• сақтық қағидасы (ғаламшарға шекті жүктемені есепке
алу);
• қатысу қағидасы (шешімдерді қабылдауда кеңінен
қатысу);
• басқару қағидасы (есепке бағыныштылық);
• тұрақтылық қағидасы (экономикалық, әлеуметтік
және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу);
• тиімділік қағидасы (тұрақты өндіріс пен тұтыну).
«Ел алдында тұрған «жасыл экономикаға» көшу
жөніндегі негізгі басым міндеттер:
• ресурстарды (су, жер, биологиялық және басқа)
пайдалану мен оларды басқару тиімділігін көтеру;
• қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртып,
жаңаларын салу;
• қоршаған ортаға қысымды жұмсартудың
рентабельдік жолы арқылы халықтың әл-ауқаты
мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;
• ұлттық қауіпсіздікті, соның ішінде су қауіпсіздігін
көтеру болып табылады.
Тұжырымдаманы іске асыру үш
кезеңде жоспарланады:
бірінші кезең — 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды
оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі
арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;
екінші кезең — 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді
пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын
энергетиканы енгізу;
үшінші кезең — 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы
жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған,
ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция»
қағидаттарына ауысуы.
«Жасыл» экономиканы дамытудың
жеті негізгі бағыттары және
тенденциялары:
Бірінші бағыт — жаңартылатын энергия көздерін енгізу.
Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи
қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі
ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар
табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы
басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.
Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.
Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта
салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық
құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды
жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету
аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия
сервистік компаниялары әрекет етеді.
Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы
Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі
азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту
өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды
қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің
шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін
органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы
сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын
«көгалдандыру» табиғи қорларға зиян
келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай
бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды:
• жердің құнарлылығын басқару;
• суды тиімді пайдалану;
• өсімдіктер және жануарлар денсаулығын
басқару;
• фермаларды механикаландыру.
Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру
Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас
көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың
жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты
қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану
ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды
кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда
іске асырылуда.
Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру
Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз
етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты
су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып
қала береді.
Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту
Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі.
Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде
жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары
шығарындыларына жағдай жасайды.
Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару
Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей
табиғат байлығын сақтауға бағытталған.
Пайдаланылған әдебиеттер:
• 1 https://informburo.kz/stati/zelyonaya-ekonomika-kak-
onarazvivaetsya-v-mire-i-kazahstane.html
• Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс»
баспасы, 2002 жыл.
• Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
• энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz