Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АҚТӨБЕ ОБЫЛЫСЫ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫ
ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАЛЫҚ №5 ОРТА МЕКТЕБІ

Ғылыми жоба
«Ұлттық ойын-ел мұрасы»

Орындаған:Аман Ботагоз
Сыныбы: 5«а»
Жетекшісі: Утарбаева Гулжанат
Мазмұны

Түйіндеме ( Аннотация ).......................................................2

Кіріспе бөлім.........................................................................3

Негзгі бөлім ...........................................................................4

2.1.Ұлттық ойын тарихы.................................... .................8

2.2.Ұлттық ойын түрлері мен атаулары ..........................12

2.3.Ұлттық ойындардың маңызы мен пайдасы ...........12-14

Қорытынды бөлім ............................................................... 15

Пікір..................................................................................... 16

Пайдаланған әдебиеттер ..................................................... 17
.
Түйіндеме ( Аннотация )

Жұмыстың мақсаты: Ұлттық ойындардың ұмытылып, мүлде ойналмай,
ережелерінің сақталмай, ойнаудың өзіндік сырларының ( техникасының)
жоғалып бара жатқандығын басты назарда ұстау, ұлттық байлығымызға
лайықты деңгейде көңіл бөлу керектігін дәріптеу. Өткенді зерделеп, келешек
ұрпаққа насихаттау.

Жұмыстың міндеті:Қазақтың ұлттық ойынын меңгерту. Ұлттық
ойындарды,біз өсіп келе жатқан жастар болашақ жастарға мұра қылып
қалдыра алатынымызды дәлелдеу.Ұлттық ойынның қажет екеніне көз
жеткізу.

Жұмыстың өзектілігі: Қазақтың ұлттық ойындары туралы оқып білу.

Жұмыстың нәтижесі: Егер қазақтың ұлттық ойындарындардың түрлерін
дұрыс қолдана білсек, ұлттық ойынды ойнауға деген қызығушылықпен
сұраныс артар еді.
Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:

- балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлеріне баулу.Ойын арқылы
балалардың адамгершілік,адалдық,әділдік сезімталдық қасиеттерін
қалыптастыру. Балалардың тіл байлықтарын арттыру,сөздік қорларын
дамыту;

- ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып,
балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін,
мүмкіндіктерін арттыру;

- ұлттық ойындарды ойнай отырып,өз ұлтына деген сүйіспеншілігін
арттырып,салт-дәстүрлерді сақтай білуге ынталандыру.

- жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге
дағдыландыру.

Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :

балалардың денсаулығын нығайту, денені шынықтыру;

мәдениетін қалыптастыру, тәрбиелеу;

өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.
Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:

-қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін
арттыру;

-қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды
таныстыру;

-денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене
жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту,қызығушылығын
қалыптастырып дамыту;

-оқу іс-әрекеттерінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары
ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру іс-әрекеттерінде қимылды ойын
ретінде ұлттық ойындарды алуда тәрбиешінің өз еркінде.

-мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн
тәртібінде жоспарлауға болады.
Кіріспе бөлім

Барлық халықты бір ғана арнаға салуға бағытталған өктем билік орнаған
заманда қазақтың ұлттық әдебиеті де, мәдениеті де, салт - дәстүрі де қатты
қысымға ұшырап,өрісі тарылғаны мәлім.Ұлтқа тән барлық қайнарлардың көзі
тығындалып,бірте - бірте ізі өше бастады.Сондай саланың бірі – қазақтың
ұлттық ойындары.Сол өктем билік орнаған заманда ұлт ойындарының
ұлттық өнермен астасып жататынына мән бермеді. Кейіннен қазақ халқы
тарихи кезеңге қадам басты.Өзінің Тәуелсіз мемлекетіне ие болды. Кешегі
күндей күркіреген кеңес үкіметі санамыздан сызып тастауға тырысқан
ұлттық ойындар ел Тәуелсіздігімен бірге төрге озды.Паң даланың төсінде
патшалық құрған қазақ ұрпағына өркениет жауһарларын мұра етті. Оның
әрбір әдет - ғұрпы,салт - дәстүрі, ұлттық ойыны ата-бабаның мәйекті
мәдениетімен астасып тұр.Ендігі міндет сол мемлектіміздің экономикалық
қазынасын арттыруға есе қосумен бірге ұлттық бейнесін де танытуға
барлығымызды күш-қайрат жұмсауға жетелейді.Ұлттық қасиетті,салт-
сананы,дәстүрді қалпына келтіре отырып,ұлттық сипатты да мықтап
қалыптастыру –жүрегінде жалыны бар жастардың борышы.Киіміміз қара
тозы шыққан жұпыны болса да, ойынға бай едік. Ойынның неше түрі біздің
халықта. Дегенмен де, қазақ жастары ұлттық ойындардан алыстап кетті.
Махмуд Қашқаридің «Түркі тілдері сөздігінде» көне түркілердің: «Інген
ыңыранса,бота боздайды» деген мақалы бар. Мынау қайта жаңғыру кезеңінде
ұлт ойындарымыз да қажетке жарап қалар...
Негізгі бөлім

2.1.Ұлттық ойын тарихы

ХХІ – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда
заманымызға сай зерделі, ой - өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ
қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында
беріледі. Қазақ халқы мәдениетінің аса маңызды элементтерінің бірі
көптеген адамдардың өмірі мен тарихи тәжірибелерімен тиянақталған тарихи
мұра іспеттес ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары
ертеден келе жатқан дәстүрлердің бірі. Бала тәрбиесінде ұлттық ойындардың
алатын орны ерекше. Ол – жас ұрпақты имандылыққа, тапқырлыққа,
адамгершілік қағидаларына баулуда баға жетпес құрал. Себебі бала
айналасындағы жағдай- лардың бәрін ойын арқылы қабылдайды. Сол
арқылы тәрбиеленіп, өнеге үйренеді.Дәстүрлік таным-түсініктен туындайтын
қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы іс-әрекетке, адамгершілік
әдептерді игеруге, ақыл-ойын жетілдіруге,отан сүйгіштікке баулуда,
салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде тендесі жоқ құрал.

Ұлттық ойындар бала тәрбиесінде негізгі екі жауапты қызмет атқарады:
біріншіден, жаттығулар жасап, ұлт ойындарын ойнаған кезде дене дамуы
жақсарса, екіншіден, ұлт ойындарының мазмұнын, ойлау тәртібін түсіндірген
кезде ұлттық әдет-ғұрпымыздан, өткен өмірімізден хабар береді. Тәрбие
жұмысын ұлттық дәстүрге сәйкес жүргізу, ал тәрбиенің негізгі мақсаты - дені
сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті,
парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер
қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
КӨКПАР ОЙЫНЫ
АУДАРЫСПАҚ
ҚЫЗ ҚУУ
КҮРЕС
МОЙЫН АРҚАН
ТЕҢГЕ ІЛУ
АСАУ ҮЙРЕТУ
Қорытынды

Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып,
балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген.
Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды
орайластырып, дамытып отырған. Қазақ халқы- ұлт ойындары ерлікті,
өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын,
білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді.
Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары
принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн
ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бәйгені
алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қатысатын атты таңдап алады. Ол атты
баптап, бағып-күтуге тура келеді, оның ішетін суы мен жейтін жеміне дейін
белгілі бір мөлшерге келтіреді. Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары
сауықтық жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық
тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.
Пікір

Халқымыздың ата-дәстүрлерін жаңғыртып, оны жас ұрпақтың санасына
сіңіру мақсатында асықтың түрлері мен атауларын зерттеу барысында 5 -
сынып оқушысы Аман Ботагөз өзінің халқымыздың салт-дәстүріне, ұлттық
ойындарға деген қызығушылығы мен білімділігін таныта білді. Ботагөз
қазақтың ұлттық ойыны–асықты бар ынтасын сала, қызыға ойнайды және
зерттеу жұмысын жүргізбестен бұрын ойын түрлерін, олар туралы
материалдар жинақтайды екен. Бұл қызығушылығы асық туралы материал
жинау барысында Ботагөзге көп септігін тигізді. Сонымен қатар ізденіс
нәтижесінде асық ойнаудың адам денсаулығына, қимыл-әрекетінің ширақ
болуына, көздің көру қабілетінің жақсаруына, бір сөзбен айтқанда, шынайы
өмірде асықтың пайдасының барлығына көз жеткізді.Ол зерттеу нәтижесінде
бірнеше ұсыныстар тастамақшы. Осындай жас буын Ботагөздің талпыныс
еңбегі жақсы бағаланып, ұсыныстары қабылданып, жастар халқымыздың
ұлттық ойындарын дұрыс пайдаланып, іске асырады деген сенімдемін.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Аюбай Құралұлы «Ұлттық дүниетаным» Алматы. 1997жыл

2. «Қазақ әдебиеті» газеті 1992жыл

3. Қазақтың ұлттық ойындары Алматы. 2005 жыл

4. Қазақ Совет энциклопедиясы 1 том

5. «Бала би» журналы 2010 жыл № 5

Ұқсас жұмыстар
Асық ойындары
Мәдени мұра- баға жетпес байлық
XXI ғасырдағы ұлттық сана
Ондай ерлік екінің бірінің қолынан келе бермейтін амалды тұңғыш Елбасымыз істеп, барлық елге
Карев үйі - 1901 жылы көпес Каревтің Орал қаласында салдырған үйі
Бала тәрбиесіндегі халықтық ұстанымдар
Диалогтық оқытудың мәні
Төлеген Айбергенов өмірі мен шығармашылығы
Электромагниттік толқындардың қолданылуы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Пәндер