Жарықтың интерференциясы мен дифракциясы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ә.ҚАСТЕЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР ЖӘНЕ ДИЗАЙН КОЛЛЕДЖІ

ФИЗИКА

Тақырыбы: Жарықтың интерференциясы мен дифракциясы

Қабылдаған: Бектұрған Н.
Орындаған: Сейдахмет А.
Фазалар ығысуы, тұрақты және жиіліктері бірдей
толқындардың қосылуы – жарық толқындарының өзара
әсерлесуіндегі көңіл аударатын жағдай. Мұнда
кеңістіктің кейбір нүктелерінде толқындардың
қабаттасуынан бір-бірін күшейтетін, ал басқа бір
нүктелерінде, керісінше, бір-бірін әлсірететін
интерференция құбылысы байқалады. Экранда күңгірт
және ашық жолақтар кезектесіп орналасады. Бұл -
интерференция құбылысы.
Интерференция құбылысын 1675 ж. Ньютон, кейінірек
Юнг және Френель байқаған.
Жарықтың дифракциясы деп
жарықтың түзу сызық бойымен
таралудан ауытқуын немесе жарықтың
тосқауылды орағытып өтуін айтады.
Жарық дифракциясын ХҮІІ ғасырдың
орта кезінде италия физигі Франческо
Мария Гримальди ашты.
Жарық дифракциясы. Френельдің аумақ әдісі.
Жарықтың түзу сызықпен таралуы.
Аумақ пластинасы.
Электромагниттік толқын бір текті ортада тараған кезде
толқын шебінің геометриялық пішіні өзгермейді.
Егерде толқын мөлдір емес кедергілері бар немесе
сыну көрсеткіші шұғыл өзгеретін аймақтары бар біртекті емес
мөлдір ортада таралатын болса, онда толқын шебі бүлінеді, кеңістікте
интенсивтіктің үлестірілуі өзгереді.
Осындай жағдайларды дифракция деп атайды. Оптикада
Френель дифракциясы және Фраунгофер дифракциясы
деп дифракцияны шартты түрде екіге бөлінеді. Френель
дифракциясы (сфералық толқындар дифракциясы)
Фраунгофер дифракциясына (параллель шоқтар, яғни
жазық толқындар дифракциясы) қарағанда жалпы
жағдай болып табылады.
Френельдің аумақтық әдісі. Френель дифракциялық суреттерді
есептеудің жарты-толқындық аумақтар немесе Френель
аумақтары деген көрініске негізделген жуық әдісін ұсынды.
Френель толқындық беттің әртүрлі элементтерінен келетін
тербелістердің амплитудаларын қосуды бетін конфигурациясы
қарастырылып отырған есептің симметриясына қарай
аумақтарға бөлу арқылы іске асыруды ұсынды.
Дифракциялық тор дегеніміз – жарық дифракциясы
байқалатын тосқауылдар мен саңылаулардың жиынтығы.
Дифракциялық торды: реттелген дифракциялық тор және
реттелмеген дифракциялық тор деп бөледі.
Реттелген тор деп саңылаулары белгілі бір қатаң тәртіп
бойынша орналасқан торды, ал реттелмеген деп саңылаулары
тәртіпсіз орналасқан торларды айтады.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Жарық
Голография тарихы
Жарық толқындары
Толқындардың интерференция және дифракция құбылысы
Кванттық физика. Квант теориясының шығуы
Жарық толқындарының интерференциясы
Гюйгенс принципі
ЖАРЫҚ ДИФРАКЦИЯСЫ
Рентген сәулелері
Көлденең және қума толқындар
Пәндер