Білім берудегі педагогикалық технологиялардың оқыту үдерісінде жіктелуі


Slide 1

6 дәріс

Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің элементі ретінде

Slide 2

“Технология” - гректiң techne - өнер, шеберлiк, бiлiктiлiк, logos - оқу сөздерiнен шыққан. Технологияға В. Дальдың сөздiгiнде: “белгiлi бiр маңызды әрекетте, өнерде, шеберлiкте мақсатқа жету үшiн қолданылатын әдiс” деп анықтама берiлсе, қазiргi батыс әлеуметтану сөздiгiнде: “белгiлi әрекетте, өнерде, шеберлiкте қолданылатын әдiс-тәсiлдердiң жиынтығы” деп көрсетiлген.

Slide 3

Ғылыми тұрғыда «технология» ұғымы

үлкен екі бағытқа жіктеледі:

Өндірістік

технология

Әлеуметтік технология -өндірістік технологиядан әлдеқайда ауқымды, жүзеге асыру жағынан күрделі, қалыптасу, даму жағынан ұзақ мерзімді қажет ететін үрдіс. Білім берудегі педагогикалық технологиялар қызмет ету сипаты тұрғысынан әлеуметтік технологияларға біршама жақын.

Slide 4

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА - бұл мұғалімге өзін тереңірек, нақтырақ, талантты етіп көрсетуге, жұмыста ең жақсы нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін шеберліктер жинағы.

«Педагогикалық технология» термині ХХ ғасырдың 60-шы жылдары АҚШ пен Англияда қалыптасып, қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне таралып, білім беру саласында кең өріс алуда. Соңғы кездерде білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын оқытудың 50-ден астам жаңа технологиялары практикаға енгізіліп, кеңінен пайдалануда.

Slide 5

Білім берудегі педагогикалық технологиялар «жаңа технология», «озық технология», «оқыту технологиясы» т. б. терминдермен аталуда.

Ал аталған ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі жайлы ғалымдар арасында қызу пікірталас бар. Жалпы ғалымдар «технологияға» шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту сияқты түрлі анықтамалар берген.

Slide 6

Ғалымдардың көзқарастары. . .

Slide 7

Отандық ғалымдардың ой-пікірлері

Ғ. М. Құсайынов педагогикалық технологияны «мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеу жолындағы мақсаттар мен нәтижеге жету және сабақ беру үрдісіндегі ұжымдық оқыту әдісі. Себебі ұжымдық оқыту әдісі қазіргі заман талабына сай жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеп шығуға мүмкіндік береді. Педагогикалық оқу жоспарлары мен бағдарламаларында берілген оқу материалын оқушылардың өздері бірін-бірі оқыту арқылы меңгеру үрдісі» деп санайды.

Ж. А. Қараевтің пікірінше: «Технология дегеніміз - әдістемелік жүйе мен сәйкес дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибиеде жүзеге асырылатын жобасы, ал педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдістер, тәсілдер оның құрамды бөлігі болып табылады.

Slide 8

Педагогикалық технологияның негізгі мақсаты- білім алушылардың даралық тұлғасын дамыту. Енді осы ұғымға тоқталатын болсақ, педагогикалық технология техникалық және адами ресурстарды ескере отырып оқыту және білімді меңгерудің барлық үдерісін анықтап құру және қолданудың жүйелі әдісі, сонымен бірге білім берудің жолдарын айқындаудың бірі ретінде қарастырады.

Педагогикалық технологияның басты ерекшілігі - оқу үдерісінің қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретіндігінде. Педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық технология» ұғымы үш бағытта қолданылады:

1) жалпы педагогикалық денгей-белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы білім беру үдерісін сипаттайды;

3) элементтік (бөлімді) модельді деңгей-оқу-тәрбие үдерісінің жекелеген бөлігінің технологиясы ретінде қарастырған.

2) жеке пәндік-әдістемелік деңгей-жеке пән әдістемесі ретінде қолданылады;

Slide 9

Оқу үдерісінде қолданылып жүрген педагогикалық технология бағыттары ізгілік, дамытушылық, жеке қарым-қатынастарға негізделген.

Ал, бұл технологиялардың дидактикалық негіздеріне: белгілі бір мақсатқа байланысты проблемалық оқыту, студенттердің қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеру, оқу қызметін саралап басқару, оқу үдерісін демократиялық жолмен ұйымдастыруды айтуға болады

Slide 10

Педагогикалық технологияға тән белгiлер:

Slide 11

Білім берудегі педагогикалық технологиялар мынандай ұстанымдарға сәйкес қолданылады:

1. Білім беру үдерісінің жариялылығы.

2. Педагогикалық үдерісті ізгілендіру ұстанымы.

3. Оқушының әлеуметтік құзыреттілігін дамыту ұстанымы.

4. Дамыта оқыту ұстанымы.

5. Педагогикалық технологиялар тиімділігін арттыру ұстанымы

6. Іс-әрекет теориясын жүзеге асыру.

Slide 12

Білім берудегі педагогикалық технологиялардың оқыту үдерісінде жіктелуі

Білім беру технологияларын әдіскер-ғалымдар 4-ке бөліп жіктейді.

1. тұлғалық-бағдарлы білім беру технологиялары

2. дамыта оқыту технологиялары

4. ұжымдық өзара

оқыту технологиялары

3. проблемалық оқыту

Slide 13

Дамыта оқыту технологиясы - оқушыны жан-жақты ізденуге, өзіндік ой-тұжырымдарын жасай алуға үйретеді.

Дамыта оқыту - бұл оқу үрдісінде оқушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту болып табылады. Дамыта оқыту теориясы Г. Пестолоцкий, А. Дистервек, К. Ушинскиден басталған.

Бұл теорияны алғаш негіздеп дәйектеген Л. С. Выготский болса, кейіннен Л. В. Занков, В. В. Элконин, В. В. Давыдов, И. А. Менчинский т. б.

тәжірбиелік-эксперименттерінде әрі қарай жалғасын тапты.

Дамыта оқыту технологиясы

Slide 14

Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас бірлікте дамытуға негізделген. Бұл технология ‹‹оқушы -мұғалімнің оқыту әрекетінің объектісі емес, оқудың өзін-өзі өзгерте алатын субъектісі болады›› деген қағиданы негізге алады. Субъектісі болу дегеніміз − ол өзін-өзі өзгертуге қажеттілік болу және оған оқу арқылы қол жеткізу. Яғни, оқығысы келу, оқуды ұнату және оқи алу. Бұл жерде білімді игеру, іскерліктері мен дағдыларының қажеттіліктері жоққа шығарылмайды, алайда тек мақсат ретінде емес, оқушыны дамытудың өзіндік құралы ретінде ғана қарастырады.

Slide 15 Slide 16

Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас бірлікте дамытуға негізделген. Дамыта оқытудың барысында оқушылардың:

Ойлау дәрежесі артады

Байқампаздық қабілеті дамиды

Ізденушілік, зерттеушілік қасиеі жанданады

Пікір алмасу мен өз тұжырымын жасауға ұмтылады

Тұлғаның өзіндік үні «менің ойымша», «егер мен болсам», т. б. қалыптасады

Өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылады

Шығармашылық қабілеті дамиды

Өзіне деген сенімі артады

Slide 17

Деңгейлеп оқыту технологиясы

Деңгейлеп оқыту технологиясы дегеніміз - әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту, тәрбиелеу бағытында жүзеге асатын технологияның түрі. Деңгейлеп оқытуда мұғалім ақпарат беруші және ұйымдастырушы, кеңес айтушы қызметін ғана атқарады.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - оқытуды оқушының әр түрлі топтарына, ерекшеліктеріне сай бейімдеу, ыңғайлау. Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, деңгейлік шығармашылық тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындау арқылы шығармашылық деңгейге көтерілуін анықтау.

Slide 18

В. П. Беспалько деңгейлеп, саралап оқытудың жаңа жолдарын ұсынып, оны төмендегідей деңгейлерге жіктеді:

Бірінші - оқушылық деңгей. Аталған деңгейде ұсынылатын тапсырмалар бағдарлама талабына сәйкес беріледі.

Екінші - алгоритмдік деңгей. Бұл деңгейде тапсырмалардың мазмұны күрделендіріле ұсынылады.

Үшінші - ізденушілік деңгей. Аты айтып тұрғандай, бұл деңгейде ұсынылатын тапсырмалар оқушыны ізденушілікке жетелейтіндей болуы шарт. Олар өзара сабақтастыққа, жүйелілікке негізделіп, оқушылардың танымдық қабілетін мен танымдық құзіреттілігін жетілдіруге бағытталады.

Төртінші- шығармашылық деңгей. Бұл деңгей оқушының шығармашылық қабілетін, дарындылығын, талантын ұштауға, оның жеке қабілетін дамытуға көмектесетін тапсырмалардан тұрады. Аталған деңгей тапсырмалары оқушының бүкіл қабілетін дамытып, жетілдіруге ықпал етеді.

Slide 19

Деңгейлеп оқыту технологиясының ұтымдылығы бұл технология оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған.

І - деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей болғандықтан мұны оқшылардың барлығы орындауға міндетті.

ІІ- ІІІ - деңгей бірте-бірте күрделене түсетіндіктен оқушылар бұл тапсырмаларды құқылы.

IV - деңгей тапсырмаларын шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар ғана орындайды.

Slide 20

Проблемалық оқыту технологиясы

Орыс дидактиктері М. А. Данилов пен В. П. Есипов проблемалық оқытуда оқушыға дайын материалды бермей, шығармашылық тапсырмалар арқылы олардың өзіндік ойларын жетілдіру керек деп санайды.

М. И. Махмутов проблемалық оқытуды үш түрлі классификацияға бөледі:

Оқу материалдарындағы ережелер мен заңдылықтарды шешуге, анықтауға бағытталған ғылыми шығармашылық;

Практикалық мәселелерді шешуге, алған білімді жаңа жағдаятта пайдаланып, оны шешуге және өздігінен құрауға бағытталған практикалық шығармашылық;

Ойын ойнау, ән айту, сурет салу, т. б. арқылы өзінің шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған көркемдік шығармашылық.

Slide 21

Проблемалық оқыту шартты түрде төрт деңгейден тұрады:


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаттары
Озат педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымының озат педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымының жетістіктерін енгізу
Сабақтарда қолданылатын әдістер
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары
ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМБЕРУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СИПАТЫНА ТАЛДАУ
Ақпараттық технологиялардың пайдасы
Мұғалімнің аты - жөні
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУ
Білім берудегі инновация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz