Футбол қақпасы


Slide 1

Футбол

Slide 2

Техникасы

Техникалық ойыншы допқа ие болып, дәлме-дәл пас жасайды, допты баспен ұрып, қарсыласын алдайды, қақпаны көздеп шабуыл жасай алады. Допқа ие болу деп, допты тебер алдында не пас жасарда доптың қозғалысын баяулату немесе тоқтатуды айтады. Жоғарыдан ұшып келе жатқан допты аяқтың басына салып тоқтатып, аяқты көтеріңкіреп және босаңсытып, сосын доппен бірге төмен түсіру керек.

Slide 3

Футбол добы

сфера пішіндес болады; теріден жасалады, қазіргі уақытта тек синтетикадан немесе басқа да жарамды материалдардан өңдіріледі; шеңбер ұзындығы 70 сантиметрден (28 дюйм) аспайды және 68 сантиметрден (27 дюйм) кем болмайды. Доптың стандартты өлшемі 5 (ағылш. Size 5) болып келеді; ойынның басталу сәтінде 450 граммнан (16 унция) ауыр және 410 граммнан (14 унция) жеңіл болмайды; теңіз деңгейінде 0, 6-1, 1 атмосфераға (600-1100 г/см2) тең қысымға ие болады.

Slide 4

Ойын тәсілі

Футбол ұжымдық ойын болғандықтан, команданың барлық он бір ойыншысының ойын тәсілдерін түгел әрі шебер орындай білуі шарт деп саналады. Команданың қабыл алған ойын жүйесіне байланысты футболшылар алаңда нақты орындарда тұрады. Ойын-шылардың алаңда орналасу жүйесі әртүрлі болады, оларды таңдау командадағы ойыншылар құрамасының қалай іріктелуіне байланысты. Қазіргі күні көптеген командалар шеткі қорғаушылар да жиі шабуылға қатысатындай 4-3-3 үлгісінде ойнайды. Мына әдіспен орналасқанда «тазалықшы» төрт қорға-ушының сырт жағында тұрып, олардың қате кеткен жерлерін жөндейді. Қақпашы шабуылдаушыға «шабуыл бұрышын» тарылтып, тосқауыл қою үшін ұмтылып келеді. Баспен қысқа пас беру арқылы әріп тесіңнің шабуылдауына көмектесесің.

Қақпаны бойлай бас-пен пас жасау, қорғаушыны шатастырып, гол салатындай жағдай тудыруы мүмкін. Қорғаушылардың ойыны зоналық ойыншыларды немесе жеке ойыншыны бақылауды міндетіне алу принципіне құрылады. Бірінші жағдайда, қорғаушы алаңның «өз» бөлігіне ғана жауап береді. Жеке ойыншыны бақылағанда әр қорғаушы қарсылас команданың нақты бір ойыншысына бағытталған, тіпті, сөзбе-сөз айтқанда, оның із өкшесінен қалмайтын әрекет жасайды. Қай сызықта ойнап жүрсең де бәрібір. Бастысы, допсыз орын ауыстырудың маңызы доп сенің аяғыңда болған-дығынан еш кем емес екенін ұмытпау керек.

Slide 5

Футбол қақпасы

Футбол ережелеріне сәйкес стандартты қақпаның ені 7 метр 32 сантиметрді құраса, биіктігі 2 метр 44 сантиметр болуы тиіс.

Slide 6

Футбол ережелері

Ережелердің соңғы редакциясы (2008 жылдың 1-шілдесі) 17 тармақтан тұрады. 1-ші ереже: Ойын алаңы2-ші ереже: Доп3-ші ереже: Ойыншылар саны4-ші ереже: Ойыншылар киім-кешегі5-ші ереже: Төреші6-ші ереже: Төреші көмекшілері7-ші ереже: Ойын ұзақтығы8-ші ереже: Ойынның басталуы мен қайта жалғасуы9-ші ереже: Ойындағы және ойыннан тыс-қы доп10-ші ереже: Ойындағы есеп анықтамасы11-ші ереже: «Ойыннан тыс» күйі12-ші ереже: Ойыншылардың ереже бұзушылығы және тәртіпсіздігі13-ші ереже: Айып және еркін соққы14-ші ереже: 11-метрлік соққы15-ші ереже: Допты лақтырып ойынға қосу16-ші ереже: Қақпадан тебу17-ші ереже: Бұрыштама добы


Ұқсас жұмыстар
Ойын алаңы, футбол добы
Футбол ойыны
Футбол ойынының тарихы
Футбол ойынының ережесі
Американдық футбол ерекшелігі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФУТБОЛДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Футбол ойының техникасы
Испания чемпионы
Балалар футбол клубын ашу Бизнес-жоспар
АЛҒАШҚЫ КЛУБ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz