Антропологиялық жағынан ферғана - памир нәсіліне жатады, моңғол өңдесі аралас



Өзбектер

Өзбектер (өз. O’zbek, O’zbeklar) - ұлт, Өзбекстан елінің негізгі халқы. Жалпы саны 22 млн-дай адам (2012) . ТМД шеңберінде, соның ішінде Тәжікстанда, Қазақстанда, Қырғызстанда, Түрікменстанда көп тұрады. Солтүстік Ауғанстанда, ҚХР-да, т. б. алыс шет елдерде де өмір сүреді.

Этногенез және тарихы
Антропологиялық жағынан ферғана-памир нәсіліне жатады, моңғол өңдесі аралас. Өзбектер этногенезіне Орта Азияны мекендеген ежелгі соғдылық, хорезмдік, бактриялық, ферғаналық тайпалар мен сақ, массагет тайпалары аздап та болса өз үлесін қосты. Өзбектер ұлтының қалыптасуы ұзаққа созылды, оның құрамы үлкен үш топқа бөлінді:

Бірінші топ - көгалды алаптардағы отырықшы халықтар арасындағы өзбектер. Бұлардың басты белгілері ру мен тайпаға бөлінбеді, суармалы егіншілікпен, қолөнерімен, саудамен шұғылданды, қалалар мен ірі қыстақтарда тұрды. Өзбектердің бұл тобы Ташкенттің көгалды алқабы мен Ферғана алқабын, Хорезмді мекендеген. Олар өзбек халқының қалыптасуына, көшпелі өзбек пен өзге де көшпелі түркі тайпаларының отырықшылануына едәуір ықпал жасады.

Екінші топ - Мауераннахрға моңғол дәуіріне дейін және Шыңғыс хан заманында ауып келген түркі-моңғол тайпаларының ұрпақтары (қарлұқ, барлас, қалтатай, моғол, т. б. ), бұлар отырықшы халыққа сіңіскен жоқ, жартылай көшпелі өмір сүріп, ру-тайпалық дәстүрлерін сақтап қалды. Олардың көпшілігі өздерін «түрікпіз» деп атады.

Үшінші топ - 15 ғ-дың аяғында Дешті Қыпшақтан ауған өзбек тайпаларының ұрпағы. «Өзбек» атауы осы тайпалармен бірге келді. Бұл тайпалар шежіре деректерінде «92 баулы өзбек» деп аталады. Бұлардың көпшілігі орта ғасырларда-ақ әбден белгілі болған қыпшақ, найман, жалайыр, қаңлы, қытай (хитай), қоңырат, маңғыт, дүрмен, қатаған, қырық, сарай, кенегес, қият, құтты, ұйғыр, т. б. тайпалар мен халықтар еді. Бұлар, ең алдымен, қазақ, сосын барып өзбек секілді бірқатар түркі тілдес халықтардың құрамына кірді.

Өзбектердің этнографиялық қалыптасуына (әсіресе Хорезмде) оғыздар да қатысты. 16 ғ-да Бұхар хандығы, Хиуа хандығы, 18 ғ-дың бас кезінде Қоқан хандығының құрылуы өзбектердің ұлт ретінде қалыптасуын ұзақ уақыт тежеді. Олар тек 20 ғ-да Кеңес өкіметі тұсында ғана ұлт ретінде қалыптасты. Кеңестік жүйе олардың әрбір аудандағы өзіндік мәдениетін бір арнаға күштеп түсірді.

Мәдениеті
] Шарушылығы
Өзбектердің дәстүрлі кәсібі - егіншілік, сауда және ұсталық. Ірі қалаларда сауда, ұстаханалар, үлкен ауылды жерлерде қолөнер, ұсталықтың әр түрі (тігіншілік, зергерлік, тері илеу, сабын жасау, нан басу, тәтті шығару, т. б. ) дамыды.

Отбасылық ғұрыптары
Жартылай көшпелі өзбектер туыстық жағдайды қатаң сақтаған. Қазіргі отбасылары шағын, бірақ та ұлдары үйленген соң әке үйі қасына таяу орнығады (бір-біріне көмектесіп тұру үшін), қарашаңырақта кіші баласы қалады. Әйелдер қоғамдық өмірге көп араласпайды.

Киім-кешектері
Ерлер жейде, шапан; әйелдер слан матадан тігілген көйлек, шапан киді. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында белге дейін келетін камзол да киген. Бас киім ерлерде - тақия, жүн қалпақ, әйелдерде - орамал. Дәстүрлі аяқ киімі - тері етік, табаны жұмсақ мәсі, сыртынан галош киеді.
Әйелдер мен қыздар бірінші баласы туғанша шаштарын көрсетпей ұсақ етіп өріп қояды (кейде 40 жасқа дейін), егде әйелдер екі бұрымнан өреді.

Тағамдары
Өзбектердің негізгі тағамы өсімдік, сүт және сүт өнімдерінен жасалады. Сүйікті асы - палау. Басты сусыны шай, көбіне көк шай.

Қазақстанда
Қазақстанда 500 мыңға тарта өзбектер тұрады (2011) . Олырдың көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында мекендейді. Қазақстанда 81 дана өзбек мектептері жұмыс істейді. Өзбек тілінде газет-журналдар шығарылады. Қазақстан халықтары ассамблеясының құрамында өзбектердің ұлттық мәдени орталық жұмыс істейді


көрші өзбектің даламасы



Өзбекстан Республикасы O‘zbekiston Respublikasi
Өзбекстан туы

Тәуелсіздік күні
31 тамыз 1991 жыл(КСРО-дан)
Ресми тілі
өзбекше
Астанасы
Ташкент
Ірі қалалары
Ташкент, Самарқанд, Ферғана, Андижан, Наманган, Бұқара, Карши, Нүкүс, Қоқан, Маргилан.

Тарихы
Өзбекстан жерін адамдар ежелгі тас ғасырынан (палеолит) мекендей бастады. Олар аңшылық және терімшілікпен айналысты. Жаңа тас дәуірінде (неолит) егіншілік пен бақташылық пайда болды. Қола дәуірінің соңында алғашқы мемлекеттік бірлестіктер - Соғды, Хорезм тайпалық одақтары құрыла бастады. Б. з. б. 5 - 4 ғасырларда ел аумағы Ахемен әулеті билеген парсы патшалығына бағынды.

Экономикасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz