Негізгі өндірістік улардың сипаттамасы




Презентация қосу
С.Ж.Асфендияров атындағы
ҚазҰМУ

Негізгі өндірістік
улардың сипаттамасы

Орындаған: Баймухан Дана
Тобы: ФӨТ20-005-2к
Тексерген: Айнур Кумарбековна
Өндірістік улар және олармен улану.Өндірістік у —
белгілі бір жағдайларда (мысалы жұмыс аумағы ауасы үшін
шекті-рауалы концентрациясынан асып кеткен жағдайда),
кәсіпорын қызметкерлерінің улануын туындатуы
мүмкін,өндірістің бастапқы аралық, жанамалы немесе соңғы
өнімі болып саналатын у.
Химиялық заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік
салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу,
өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта
жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да
еңбек ету аясында байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс
жасау химиялық өндірісте байқалады,шикізат өнімдері,аралық
қосылыстар жүмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін
тигізбей қоймайды. Бірақ өндірістің кейбір салаларында,таукен,машина
жасау,мұнай,жеңіл өнеркәсіпте т.б өндірістік
алқаптарда да жұмыс жасау барысында,белгілі бір химиялық
өңдеуден химиялық заттар бөлінеді.
Олар адам ағзасына енуімен бірге тері қабатын зақымдап,
кәсіптік улану туғызуы мүмкін. Қазірде 7 млн.астам химиялық
заттан түрі мәлім. Оның 600 мыңдайы ғана кең көлемде
қолданыста. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға
дейін жаңа химиялық қоспалар мен қосылыстардың түрлері
шығарылуда. Еңбек ету барысында адам ағзасына әсер етіп,оның
жұмыс жасау қабілетін төмендететін немесе денсаулығына нұқсан
келтіретін-химиялық заттардың қатарына өндірістік немесе
кәсіптік улану жатады. Олар өндірістік улану немесе токсиндік
заттар,яғни,токсиканттар деп аталады. «Өндірістік улану»
ұғымына да кең мағынада жұмсалатын термин «зиянды зат»
ұғымы. Зиянды заттар құрамында улар да, фиброгенді негіздегі
аэрозолдар да кездеседі.
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және
өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы
заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы,
химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі,
анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.
Халық шаруашылығында қолданылатын
химиялық заттардың саны көп. Олар былай
жіктеледі:
Химиялық систематикасы:
— органикалық;
— бейорганикалық;
— элементті-органикалық
Ағзаға әсер ету қасиеттері бойынша:
1) Тұншықтыратын:
— қарапайым тұншықтырғыш, демалатын ауадан (азот, сутегі, гелий)оттегін
қысу;
— химиялық әсерету, жасуша мен қан арасында газ алмасудың бұзылуы (СО,
синилді қышқыл);
2) Тітіркендіргіш — өкпе немесе демалу жолдарының сілемейлі қабықшасының
тітіркенуі.
3) Ұшпа анашалар:
— қанға түскеннен кейін жүйке жүйесіне әсер етеді:
— соңы толық анықталмаған анаша заттары (эфирлер, майлы, азот тұнбасы);
— ішкі ағзаға кері әсер ететін заттар (галагенөндіретін майлы қатар);
— қан жүйесіне әсер ететін заттар (араматты көмірсутектер);
— жүйке жүйесіне әсер ететін заттар (алкаголь, майлы қатардағы күкіртті
қосылыстар);
— қанға және қан айналымына әсер ететін органикалық азотты қосылыстар
(анилин, нитробензол).
4) Әртүрлі әсер ететін металлорганикалық және бейорганикалық қосылыстар
(сынап, қорғасын, фосфор).
Зақымдануына байланысты:
— нейтротропты;
— гепатотропты;
— невротоксикалық;
— кардиотоксикалық;
— қан уы.
Спецификалық әсеріне байланысты:
— аллергендер;
— тератогенднр;
— мутагендер;
— супермутагендер;
— концерогендер (күшті, әлсіз, орташа).
Қауіптілігіне байланысты (класстар):
1- төтенше қауіпті (Be, Cd, Pb, Hg, Tl).
2- жоғары қауіпті (Sb, As, Ba,Se),
3- жай қауіпті (Cr, Ag, Al),
4- азғана қауіпті (Cu, Fe, Mn, Zn, Ni, Ge, Sr, Rb, Cs).
Токсикология (грекше toxіkon – у және logos –
ілім) – медицинаның удың қасиеттерін, организмге
Тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын
өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін
саласы.
Токсикологияның
бірнеше
саласы бар. Мысалы:
- әр түрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық
заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін
салыстырмалы токсикология;
- ауыл шаруашылығы жануарлары мен кәсіптік
аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық
токсикология зерттейді.

Ұқсас жұмыстар
Өндірістік улардың қабаттасып әсері етуі
Тітіркендіргіш - өкпе немесе демалу жолдарының сілемейлі қабықшасының тітіркенуі
Доза уыттылық
Бауыр анатомиясы
Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар
Стандартты микробиологиялық зертхана
Бактериологиялық лаб
Микробиологиялық зертхана құрылымы
МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАЛАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ
Микробиологиялық зертхана. Бактериологиялық лаб
Пәндер