Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПОРТ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Дене тәрбиесі – болашақ салауатты өмірдің негізі»
Орындаған: Әмірхан Дәулет
Тексерген: Тастанов Әділбай
ЖОСПАР
Кіріспе__________________________________________________________3
Негізгі бөлім:
І- тарау. Салауатты өмір сүру салтын қалыптастыруға қатысты теориялық
мәселелер______________________________________________5
1.1,Салауатты өмір салты ұғымы ___________________________________5.
1.2.Салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру маңызы____________9
1.3.Салауатты өмір салтын қалыптастыру білімдерді беру әдіснамасы__14
ІІ- тарау. Дене шынықтыру жүйесі________________________________16
2.1. Дене шынықтыру жүйесінің мақсат - міндеттері ___________________16
2.2. Дене шынықтыру жүйесінің қағидалары мен бағыттары_____________24
Қорытынды_____________________________________________________28
Пайдаланылған әдебиеттер_______________________________________29
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Еліміздің болашақта
гүлденуі бүгіннен басталды атты жолдауындағы 4-ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне
арналғаны белгілі. Бұны Елбасы жолдауындағы Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс
тамақтануымызға, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитар шараларын сақтауымызға
және тағы сол сияқты бағытталған деген жолдарынан байқауымызға болады. Салауатты өмір салтын
қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол
оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір арттырады. Салауаттану түрлі жас
ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар
адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді. Адамдардың денсаулық деңгейін жүрек қан тамыр
жүйесінің қызметтік күйін сипаттайтын қарапайым физиологиялық көрсеткіштер арқылы бағаланады.
Оқушылардың денсаулығына әсер ететін факторлар өте көп, сол себептен оларды салауатты өмір салтына
үйрету қажет. Салауатты өмір салтын қалыптастыру оқу - тәрбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі
болып отыр. Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Себебі, ерлердің 57%ы әйелдердің 34%-ы, жастардың
40%-ы, шылым тартса, ересек адамдардың
65%-ы үнемі арақ ішеді екен. Мектеп оқушыларының17,5%-ы нашақорлыққа ауызданған. Ал бүгінде
экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-на себеп болып отыр. Сол себептен зерттеуіміздің
өзектілігі анықталып отыр.
Денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір сүретін дені
сау адамдарды қалыптастыру. Адамдардың қоршаған ортамен өзара қарым - қатынасын және оған әр түрлі
табиғи процестерді, әлеуметтік, психологиялық факторларды зерттей отырып, денсаулықты нығайтуға
және сақтауға бағытталған әдістерді жасау.
Зерттеу нысаны: дені сау адам, дені сау ұжым, адамның және ұжымның
денсаулығы.
Зерттеудің міндеті:
- оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық
мәселелерін анықтау;
- оқыту процесінде оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың
мүмкіндіктерінанықтау;
- оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру және қалыптастыру
жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні: Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі
Зерттеудің мақсаты: денсаулықты қалыптастыру , сақтау және нығайту
негізінде қоғамда ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды
қалыптастрыу. Адамдардың қоршаған ортамен өзара қарым - қатынасын және
оған әр түрлі табиғи ппроцестерді, әлеуметтік,психологиялық факторларды
зерттей отырып, денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағытталған әдістерді
жасау.
Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, әдебиеттерден
және қосымшадан тұрады.
Салауатты өмір салты ұғымы
Өз денсаулығын сақтау - әр адамның тікелей міндеті. Көбінесе
дұрыс емес өмір салты, жаман әдеттер, физикалық белсенділік,
аштықтан арылу 20-30 жасқа дейін апатты жағдайға алып келеді,
содан кейін медицинаны есіне алады. Ерте жастан бастап белсенді
өмір салтын ұстану керек, қатаю керек, дене шынықтыру және
спортпен шұғылдану, жеке гигиена ережелерін сақтау - бір сөзбен
айтқанда, ақылға қонымды тәсілдермен денсаулықтың шынайы
үйлесуіне қол жеткізу. Салауатты өмір салты (СӨС) - аурудың алдын
алу және денсаулықты нығайту мақсатындағы адамның өмір салты.
Салауатты өмір салты тұжырымдамасы әлі нақты анықталған жоқ.
Салауатты өмір салты - бұл адам өмірінің әртүрлі аспектілерін
дамыту, белсенді ұзақ өмір сүру және әлеуметтік функцияларды
толық орындау үшін қажетті шарт.
Салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру маңызы
Қазіргі қоғамда денсаулық мәдениеті мен қауіпсіз өмір салты
мәселелері өзекті болып отыр. Бұл проблемалар әсіресе бастауыш
сынып балаларына қатысты болған кезде алаңдатады. Дені сау
адамдар - болашақта өркениетті қоғам дамуының кепілі. Олардың
болашақ денсаулығы біздің балаларымыздың өмірін қалай
құратынымызға және олардың қазір уақыттарын қалай
өткізетіндеріне байланысты.
Салауатты өмір салты ұғымы пайда болды және 1989 жылы
қолданыла бастады. Осы терминнің авторы профессор-фармаколог
Израиль Берхман болып саналады. Ол дәрігерлер арасында бірінші
болып салауатты өмір салты тұжырымдамасын ұсынды. Ол осы
конференцияда түрлі конференцияларда айтқан баяндамалары
тыңдаушылар арасында өте сәтті болды. Біздің заманымызда
Брехманның толық ұйқы, ұтымды және теңдестірілген тамақтану,
қозғалыс пен таза ауаның пайдасы туралы идеялары бәріне белгілі.
Дене шынықтыру жүйесі
Дене шынықтыру жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық,
қүқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің
жиынтығы жөне республикадағы дене шынықтыру мәселесіне
жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене шынықтыру
жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жан тәні сау, елімізді
қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене
шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар төрбиелеу. Бұл мақсат
темендегі жалпы міндеттерге негізделеді:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру
жөне дене шынықтыру көлемінде арнайы білім беру.
2. Сауықтыру міндеттері - дене төрбиесі жаттығулары көмегімен
денсаулықты күшейту.
3. Төрбиелік міндеттер - адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді
қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету. Дене
шынықтыру жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық,
қүқықтық, ғылыми-өдістемелік, бағдарлама-нормативтік жөне
ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.
Дене шынықтыру дегеніміз …
Кәсіптік қолданбалы дене шынықтыру дайындығы
дегеніміз- еңбек пен әскери іс-әрекеттерге тікелей
бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі.
Кәсіптік дене шынықтыру дайындығына ең алдымен, кәсіптік
іс түріне ұқсас жаттығулар қолданылады.
Дене жаттығулары - дене шынықтырудың негізгі құралы
болып табылады. Дене жаттығуларымен жүйелі айналысу
адамның дене жағдайын өзгертеді, орталық жүйке жүйесінің
қызметін күшейтеді, тыныс алу, қан айналым жүйелерінің
қызметін, сондай-ақ бұлшық ет топтарының қызметін
күшейтеді, дамытады, еңбекке деген қабілетін арттырады.
Дене жаттығуларымен айналысудың тағы бір маңыздылығы
жаттығулардың тірек-қимыл аппаратын дамытуға және
бекітуге әсері: сүйек дұрыс және уақтылы бекиді, омыртқа
иілістері қалыптасады.
Дене шынықтыру жүйесінің қағидалары мен бағыттары
Қағида - бастапқы негіз, қандай да бір теория ілімінің даму заңдылығы.
Дене шынықтыру жүйесінің қағидаларына: адамның үйлесімді дамуы;
дене шынықтыру қағидаларының еңбек ету жөне Отан қорғау тәжірибесі
мен үйлесімі; дене шынықтыруының денсаулықты нығайту пәрменділігі
жатады.
Дене шынықтырудың денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене
шынықтыру жаттығулары, сабақтары адам денсаулығын нығайтуға
арналуы тиіс. Бұл сабақтардың нөтижесі олардың көлемі мен жаттығуды
орындау қарқынына байланысты.
Дене шынықтыру жүйесінің мақсаттылығы - жан-жақты бағытта
екендігі. Дене тәрбиесі үрдісінде дене төрбиесімен айналысушылардың
жан-жақты дүниетанымы қалыптасады, адамгершілік қасиеттерге
тәрбиеленеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Спорт - бұл жарыс барысында денені жаттықтырудың белгілі бір түрінен жоғары
нәтижеге жетуге бағытталған арнаулы қарекет. Спорт дене шынықтыру туралы ретінде
денсаулықты нығайту, дене күшінің дамуын, қозғалыс қабілеттерін, дене тәрбиесі жөнінен
алға қойған міндеттерді шешу болып табылады.
Спортшы бойында дене күші, моральдық ерік-жігер қасиеттері толық қалыптасңан
жағдайда жөне үзақ уақыт бойы жүйелі жаттықтыру шараларын жүргізу барысында зор
жетістікке жетеді. Арнайы таңдап алынған спорт түрін жоғары нәтижелерге жету үшін дене
дамуын, жалпы арнайы дайындықты үзбеген абзал.
Салауатты өмір салтын жастар арасында қалыптастырудың маңызы өте зор. Бұл бағытта
жүргізілетін жұмыстарға: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің,
темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл - қозғалыстың аздығына, дұрыс тамақатанбауға
қарсы жүргізілетін үгіт - насихат жұмыстарына негіз салады. Салауатты өмір тіршілігі
денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізі, ол жан – жақты дамыған азаматтың
қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.
Болашақ ұрпақтың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің
жеке басымен оның жоғары оқу орнындағы теориялық дене тәжірбиелік дайындығының
дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай оқушылардың салауатты өмір сүру салтын
қалыптастыру жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын болашақ мұғалімдерді даярлау ісін
кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Денсаулық» журналы, Алматы 2010 ж. № 8 басылым.
2. «Валеология» , Алматы 2008 ж. Атамұра баспасы.
3. Спорт және туризм министрлігінің сайты. www.edu-gov.kz
4. Тілеуғалиев "Дене тәрбиесі" Алматы 2002ж. 51-54 бет
5. Т.Ш.Қуанышов «Дене тәрбиесінін теориясы мен әдістемесі» Алматы
1996ж. 8-10 бет.
6. С Қалиев "Қазақ тәлім-тәрбиесі" Алматы 2004ж.
7. П. Сабыров "Окыту еориясының негіздері" Алматы 1993ж.
8. Қазақстанның білім туралы Заңы. -Алматы, 2007.
9. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. ҚРМЖМБС 1.001-
2009. Астана.
10.Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні бойынша типтік оқу
бағдарламасы(жоғары кәсіптік білім беру). 050101-Мектепке дейінгі оқыту
және тәрбиелеу мамандығы бойынша ҚР ЖМББС негізінде жасалған. –
Алматы, 2007. – 92-101 б.
11. Балабақшада 5-7 жастағы балаларды мектепалды даярлау бағдарламасы.
– Астана-Алматы, 1999.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz