Аяқты қайшылау
Презентация қосу
АКУШЕРЛІК ПЕН ГИНЕКОЛОГИЯДА ЕДШ ҚОЛДАНУ
ОРЫНДАҒАН:ӘМІРХАН ДӘУЛЕТ
ӘМІРХАН ДӘУРЕН
ТЕКСЕРГЕН:ТЛЕУКУЛОВА АРУНА
МАЗМҰНЫ
Жүкті әйелдерді ЕДШ-дың көмегімен босандыруға
дайындаудың ұзақ жылғы тарихы бар. Босану және
босанғаннан кейінгі кезеңдерде дене шынықтрудың
пайдасы зор. Сондықтан емдік гимнастика гигиеналық
фактор ретінде және денесінде үлкен қайшылықтар
болмау үшін беріледі.
ЕГ-НЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ
жүктілік кезінде зат алмасуды жақсарту, арқа, жанбас, аяқ, іш бұлшық
еттерін нығайту. Буындардың қозғалысын әсіресе жанбас буындарын
нығайту, дұрыс тыныс алуға дағдыландыру. Босанғаннан кейінгі
асқынуларға жол бермеу. Кіші жанбастың қан айналысын арттыру.
Жаттығуларды жеке дара немесе топпен жасауға болады. Алғашқы 2-3
айда өте сақ болған дұрыс. Өйткені бұл мезгілде бала толық орнықпаған,
сондықтан түсіп қаупі бар. Құрсақ ішіндегі қан айналымын жақсартуға
көңіл бөлу керек. Жаттығулар отырып немесе шалқадан жатып жасалады.
Аяқты тізеден бүгужазу, жоғары көтеріп төмен түсіру, 2 аяқты қайшылап
айқастыру, 2 аяқты алма кезек екі жақа сермеу. Күніне 2 мезгіл азанда,
кешке жаттығу жасау керек.
ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМІ
Жедел хирургиялық немесе акушерлік көмек қажет
ететін жағдайда, жұқпалы аурулар, ревматизм,
тромбофлебит, бүйрек, пен дәрет жолдарының қабынуы,
қан қысымы жоғары болғанда, токсикоздың ауыр
жағдайында, аборт, іштің ауырсынуы кездерінде, жүрек
және қан тамырлары ауруларында қояншықта жасауға
болмайды.
ЖҮКТІЛІК КЕЗЕҢІ ҮШ БӨЛІКТЕН ТҰРАДЫ
1-16 апта; 2) 17-32 апта, 3) 33-40 аптаға дейін. Жүктіліктің бірінші кезеңінде әйелдерде
жүрек айнуы, құсу, тәбеттің нашарлауы, ащы тамаққа құмарту, дәм сезудің нашарлауы, тез
шаршау сияқты белгілер болады. Сондықтан ЕГ мақсаты: жүрек- қан тамыр, тыныс алу
жолдарын жақсарту, көңіл күйді көтеру, арқа бұлшық еттерін нығайту.
Жүктіліктің екінші кезеңінде: Бұл кезде іштегі шарана жетіліп, әйелдің көңілі көтеріліп,
асқа тәбеті ашылып, ұйқысы дұрысталады. Бұл кезеңдегі жаттығулар жүру, тыныс алу,
бұлшық еттерді босаңсытуға, жүрек - қан тамыр, қан айналыстарын жақсартуға арналады.
Ал статикалық жаттығулар қолданылмайды.
Жүктіліктің үшінші кезеңі: Бұл кезеңде әйелдердің қадымы қысқарып, жанбас
буынындағы қозғалыстар шектеледі. Жаттығулар асықпай, баяу қырынан немесе отырып
жасалады. Жеңіл жетілдіру жаттығулары жасалады. Жүру, қыдыру, тыныс алу
жаттығулары қолданылады.
ЖАТТЫҒУЛАР
1) Аяқтың ұшымен және қырымен жайлап
жүру. 2-3 минут. Тыныс алу бір қалыпты. 2)
Жүру кезінде екі қолды бүйірге қойып,
иықты алға, артқа айналдыру. 10-15 рет. 3)
Басты оңға ,солға бұру және алға артқа иу.
10-15 рет. 4) Қолды екі жақа созып, кеудемен
алға еңкейгенде тыныс шығару. Бастапқы
қалыпқа келгенде терең тыныс алу. 5) Аяқты
қосып тізерлеп отырғанда, қолды санның
үстіне қойып, өкшеге отырып тұру. 5-рет. 6)
Иық деңгейіндегі ағаштан ұстап тұрып, оң
аяқты, сосын сол аяқты жайлап көтеру. 5- рет.
БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢ
Жүкті болған әйел организімінде босанғанға дейінгі болған өзгерістерді қалпына келтіру. ЕГ
мақсаты: Денедегі барлық мүшені қалпына келтіріп бір жүйеге келтіру, жатырдың тез жиналып
орнына келуі, созылған бұлшық етпен сіңірдің орнына келуі, ауырғаны басылып, жүйке жүйесінің
тынышталуына әсер ету. Бірінші жаттығулар тек шалқадан жатқан бойда орындалады. Кеудені,
ішті қозғап, терең дем алуға және қолды қимылдатуға зер салады. 2-3 күндері аяқ - қолға,
құрсаққа, жанбасқа, жасалады. Өте жай байыппен орындалады. 4-ші күні түрегеліп күніне 2 рет
емдік жаттығуларды маманының көмегімен орындайды. Жаттығу алдында қуықпен ішекті
босатып алады. Жаттығудан соң сулы сүлгімен денені сүртеді. Перзентханадан шыққан кейін де
міндетті түрде 2 ай көлемінде ЕГ жасалады. Ол жатырдың төмен түспеуіне, бұлшық еттің
қатаюына қажет.
Жаттығулары: Қол және аяқ саусақтарын қозғау 1 – 2 минут. Саусақтарды бүгіп жазу 5 – 6 реттен.
Шалқадан жатқан қалыпта қолды жоғары көтеріп, аяқты созып дем алу. Қалпына келгенде дем
шығару. Терең дем алулар (кеудемен, ішпен және араластырып).
БОСАНҒАННАН КЕЙІНГІ ЖАТТЫҒУЛАР
:1)Шалқадан жатып, аяқты созып, қолды денемен түзу ұстап, 2 қолды бастан
асыра көтеріп керуетке тигізіп тыныс алу, қалыпқа келгенде тыныс шығару
3-4 рет қайталау. 2) Шалқадан жатып, аяқты созып, қолды денемен түзу
қойып, оң аяқты сол аяқтың үстіне қойып, оң қолмен керуеттің сол жағынан
ұстап тыныс шығару. Бастапқы қалыпқа келгенде тыныс алу. Осылай келесі
аяққа қайталау. Әр бағытқа 3-5 реттен. Асықпай баяу жасалады. 3) Шалқадан
жатып, аяқты түзу ұстап, екі қолды кеудеге қойып, қолды жанына қарай
жазғанда, алақанды ашып тыныс алу, қалыпқа келгенде тыныс шығару. 4-6
рет қайталау. 4) Шалқадан жатып, денеңі және аяқ қол бұлшық еттерін толық
босаңсытып, 1 минут жату. Тыныс алу бір қалыпты.
ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДАҒЫ ЕДШ
Көптеген созылмалы гинекология ауруларында ЕГ кеңінен қолданылады.
Қарсы көрсетілімдері: жатырдың қабынуы кезінде, қан қысымы жоғары
болғанда және ауырсыну жағдайында, қан кету, әртүрлі ісіктер. ЕГ
мақсаты: жатырдағы қабынуды азайту, жанбас және іштің бұлшық еттерін
қатайту, ағзаның жұмыс қабілетін нығайту. Жаттығуларды жай қозғалыста
тізерлеп отырып, тұрып, шалқадан және ішпен жатып жасайды.
Жаттығулары: Шалқадан жатып аяқты тізеден және жанбастан бүгіп,
табанды жерден көтермей жасайды. Аяқты түзу ұстап, велосипед тебу.
Аяқты екі жақа керу. Аяқты қайшылау. Өкшені жоғары көтеріп аяқтың
ұшымен жүру. статикалық жаттығулар. Жаттығу күнделікті 10-15 минут
жеке, кейін топпен 20-25 минут жасалады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz