Қотыр кенелері және оларға қарсы ветеринариялық санитариялық шаралар



Қазақ Ұлттық Аграрлық
университеті
Усмангалиева Сымбат Сүттібайқызы
Қотыр кенелері және оларға қарсы ветеринариялық санитариялық шаралар

Аcarіformes тегіне жататын ұсақ кенелер қоздыратын инвазиялық аурулар малдың төрт түлігінде түгел кездеседі. Бұл ауруларды ел арасында қотыр деп атайды. Қотырды малдың түлігіне байланысты қышыма, көнтек, қыршаңқы деп те атайды. Бірақ, ғылыми терминология бойынша қотыр түрлерінің аты оның қоздырғышының латынша атына байланысты.

Қышыма қотырдың түрлері:
Псороптоз (қой, ірі қара, жылқы, қояндар ауырады)
Саркоптоз (жылқы, шошқа, ешкі, қой, қоян, түйе, бұғы, иттер, адам ауырады)
Хориоптоз (ірі қара, жылқы, ешкі, қой, қоян ауырады)
Отодектоз (ет қоректілерде кездеседі)
Нотоедроз (ет қоректілерде, әсіресе мысықтарда)
Кнемидокоптоз (құстар ауырады)
Демодекоз (иттерде, ірі қара, адамдарда кездеседі)

Акарифорымды кенелердің барлық түрлері тұрақты тоғышарлар болып саналады, өйткені олардың барлық даму сатысы мал немесе адам денесінде өтеді.
Жіктелуі:
Табы: Arachnoidea
Тегі: Acariformes
Тек тармағы: 1. Sarcoptiformes
Тұқымдасы: Psoroptes Sarcoptidae
Туыстары: 1. Psoroptes 1. Sarcoptes
2. Chorioptes 2. Notoedres
3. Otodectes 3. Knemidocoptes
Тек тармағы: 2. Trombidiformes
Тұқымдасы: Demodecidae
Туысы: Demodex
Тек тармағы: 3. Oribatei

1. Псороптоз (тері қотыры, көң қотыр)
Псороптоз - Psoroptіdae тұқымдасына жататын, тері бетін мекен-дейтін кенелер қоздыратын қотыр ауруы. Бұл ауруға шалдыққан малдың терісі қабынады, қышынады, арықтайды, жүні түседі, ал кейде өлім-жітімге ұшырайды.
Psoroptes туыстығы қотыр кенесі
Psoroptіdae тұқымдасындағы кенелер Psoroptes, Chorіoptes және Оtodectes деген 3 туыстыққа жатады.

Psoroptes туысына жататын кенелердің дене тұрқы 0, 8 мм. Олардың тұмсығы ұзын, теріні тесіп, малдың сөлін соруға икемделген. Төрт жұп аяқтары ұзын, жақсы дамыған. Бірінші, екінші және төртінші жұп аяқтарында, ұзын және бунақталған тірекшелерінің ұшында сорғыш жабысқақтары бар. Бірақ еркек кенелерінің төртінші аяқтарында олар дамымаған. Жыныстық диморфизм жақсы дамыған. Еркек кенелердің арт жағында екі бүртігі бар, олардың әр қайсысында 4 тал қылшық бар, сондай-ақ жыныс жабысқағы бар. Ұрғашы кенелердің арт жағы дөңгеленіп біткен
Құрылысы:

Қоздырғыштардың өсіп-өнуі.
Ұрықтанған ұрғашы кенелер тері үстіне жұмыртқа салады. Әр жұмыртқа үстінде желім тәрізді зат болғандықтан олар теріге жабысып қалады. Ұрғашы кенелер күніне 1-2 ден, барлығы 60 шақты жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 3-6 күннен кейін балаң кене шығады. Кейінгілерден 3-4 күннен кейін нимфа, яғни протонимфа пайда болады. Протонимфа 3-7 күннен кейін түлеп, екінші нимфа немесе телеонимфаға айналады, ал телеонимфаның имаго сатысына айналуына 2-3 күн керек.
Ұрғашы және еркек кенелердің өсіп-өнуіне әртүрлі мерзім керек. Қолайлы жағдайда еркек кенелер 14-16 күнде, ал ұрғашылары 18-20 күнде өсіп жетіледі. Ұрғашы кенелер салатын жұмыртқаның саны және олардан шығатын ұрпақтың дамып жетілуі тері маңындағы ауаның ылғалдылығына байланысты. Ыңғайлы жағдайларда бір жұп кенелер бір жыл ішінде миллиондаған ұрпақ береді.

Псороптоз көбінесе энзоотия түрінде өтеді. Ауруға биязы және жартылай биязы жүнді қой тұқымдары бейім. Ауру күз және қыс айларында етек алады. Басқа шаруашылықтардан мал терісіне жабысып келген қотыр кенелері аз уақыт ішінде өсіп-өніп мал фермасына, тіпті бүкіл бір шаруашылық малына тарап кетуі мүмкін.
Алдын алу және күресу шаралары
Қотырды (қышыма) болдырмас үшін, қой малын жылына екі рет акарицид дәрілерінің біреуімен жазғытұрым және күзде тоғыту қажет.
Қора-жайды қотыр кенелерінен тазарту үшін креолиннің 3-5 % ыстық эмульсиясын қолданады. Ал қотырдан өлген мал терісін 12 % әк ерітіндісімен 6 сағаттай зарарсыздандырады. Қора мен аула ішін зарарсыздандыру үшін 5 % сабынды-карбол ыстық ерітіндісі, күкіртті карбол қоспасының 3 % ерітіндісі, 3 % лизолдың ыстық ерітіндісі қолданылады.
Шет елдік дәрілерден қора-жайды зарарсызданыру үшін стомозан (1:210) ерітіндісі де бүрку арқылы қолданылады. Ерітіндіні жұмсау мөлшері 30-50 мл м2, яғни әрбір шаршы метрге 30-50 мл стомозан (1:200) ерітіндісі жұмсалады.

Саркоптоз - қотыр ауруларының яғни саркоптоидоздардың бір түрі. Терінің жоғарғы эпидермис қабаты ішін мекендейтін, өте ұсақ Sarcoptes туысына жататын кенелер қоздыратын, теріні қышытып дерматитке айналдыратын инвазиялық ауру.
2. Саркоптоз (қышыма қотыр)
Құрылысы:
Sarcoptes туысы Sarcoptіdae тұқымдасына жататын кенелер өте ұсақ. Пішіні дөңгеленген, тұмсығы таға тәрізді, кеміруге бейім. Дене тұрқы 0, 2-0, 5 мм. Аяқтары қысқа, табандарында қоңырау тәрізді жабысқақтары бар. Олар ұрғашы кенелердің бірінші және екінші жұп аяқтарында, ал еркек кенелердің бірінші, екінші және төртінші жұп аяқтарына орналасқан

Sarcoptes кенелерінің өсіп - өнуі:
Кененің ұрықтанған ұрғашылары терінің эпидермис, яғни жоғарғы қабатынан ұзындығы 15 мм-дей жол жасап, олардың әр қайсысының ішіне 2-8 - ден жұмыртқа салады. Бір ұрғашы кене небары 40-60 - тай жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 3-6 күннен соң балаң кене шығады да, 3 - 4 күннен кейін бірінші нимфаға, ал тағы бір 3-7 күннен соң ол екінші нимфаға айналады. Соңғылар 2-3 күннен кейін ересек кенелерге, яғни имаго сатысына айналады. Терінің эпидермис астындағы қабатының көтеріліп өсуіне байланысты екінші, яғни телеонимфа тері үстіне шығып қалады. Мұнда еркек кенелермен шағылысқаннан кейін терінің басқа жеріне көшеді де, ұрғашы кенеге айналғаннан кейін терінің эпидермис қабатын тесіп, салынған жолға жұмыртқалай бастайды. Sarcoptes кенелерінің толық өсіп, дамуына 15-19 тәулік кетеді.

Қышыма кененің тері қабатына жұмыртқа салуы

3. Малдар демодекозы - бұл терінің ішкі қабаттарында, сөл, май, лимфа бездерінде, майда қан тамырларында өмір сүретін, Demodex туысына жататын кенелер туғызатын арахноз ауруы. Дерматипен, гиперкератозбен және өте қатты жүдеумен сипатталатын ауру. Көптеген малдарда және адамдарда кездеседі, малдың ішінде жиі шалдығатындар - ірі қара, шошқалар, иттер.



Сырт құрылысы:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz