РЕСЕЙ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ҰСТАЗДАР ЖАЙЛЫ АЙТҚАН ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕРІ


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Мұғалімнің жеке тұлғасы - оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі

Орындаған:Мусабаева Б. С.

П-227

Slide 2

Абай Құнанбайұлының ұстаз жайлы айтқан сөзі

Ыбырай Алтынсариннің ұстаз жайлы айтқан сөзі

Ахмет Байтұрсыновтың ұстаз жайлы айтқан сөзі

Ш. Амонашвилидің ұстаз жайлы айтқан сөзі

Л. Н. Толстойдың ұстаз жайлы айтқан сөзі

Я. А. Коменскийдің ұстаз жайлы айтқан сөзі

Пайдаланған әдебиеттер

ЖОСПАР:

Slide 3

ҚАЗАҚ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ҰСТАЗДАР ЖАЙЛЫ АЙТҚАН ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕРІ

Slide 4

Абай Құнанбаев

Ұлағатты сөзі

Менің ой-пікірім

Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.

Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. Ақылды, мейірімді адам әруақытта өзгенің жақсылығын бағалағыш келеді. Арлы адам-ардақты адам. Арымыз таза болса, тарихымыз да таза. Адам атаулының жақсы қасиеттерінің тәрбиелеушісі-ұстаз. Демек, ұстаз-адамгершілік бастамашысы.

Slide 5

Ыбырай Алтынсарин

Ұлағатты сөзі

Менің ой-пікірім

Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.

Қай заманда болмасын ұстаз -білім бастауы, шәкірт тәрбиешісі болған. Заман ағымына сай ұстаздың сабақ беру әдіс-тәсілдері де өзгеріп отырған. Барлық оқушыға бірдей сабақ түсіндірсе де, әр баланың қабылдауы әртүрлі. Сол себепті де, түсінбеген оқушыға индивидуалды түрде сабақ түсіндірсе, ұстаздың жұмысы өз жемісін береді.

Slide 6

Ахмет Байтұрсынов

Ұлағатты сөзі

Менің ой-пікірім

Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Ұлы жазушылардың өзі тәлім-тәрбиені ұстаздан алған. Яғни, білімді ұстаз білікті шәкірт тәрбиелейді. Қай ғасыр болмасын ата-ана балаларын тек жақсы ұстаздарға беруге тырысқан. Жақсы ұстаз жылдар бойғы тәжірибесін оқушыға білім ретінде беріп, дұрыс жолға түсіреді.

Slide 7

РЕСЕЙ ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ҰСТАЗДАР ЖАЙЛЫ АЙТҚАН ҰЛАҒАТТЫ СӨЗДЕРІ

Slide 8

Шалва Александрович Амонашвили

Ұлағатты сөзі

Менің ой-пікірім

Біз барлық тілдерде Ұстаз деген сөз Құдайдан кейінгі барлық сөздің басы болатынын ұмытпайық.

«Ұстаз» - құрметті сөз. Ол - адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.

Slide 9

Л. Н. Толстой

Ұлағатты сөзі

Менің ой-пікірім

Іске деген сүйіспеншілігі бар мұғалім жақсы мұғалім болады. Егер мұғалім шәкіртін әкесіндей, шешесіндей сүйетін болса, ол барлық кітаптарды оқыған, бірақ іске де, шәкірттеріне де сүйіспеншілігі жоқ мұғалімнен тәуір болмақ. Егер мұғалім өз бойында іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол-кемел ұстаз.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та - ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек.

Slide 10

Ян Амос Коменский

Ұлағатты сөзі

Менің ой-пікірім


Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің жеке тұлғасы – оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі болып табылады
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҰСТАЗДАР ЖАЙЛЫ АЙТҚАН НАҚЫЛ СӨЗДЕР
Панорамалық сабақ. Сабақтың тақырыбы
ЖЕТІ ДАНЫШПАН ФИЛОСОФТАР
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Этнопедагогиканың негізі ұлттық тәлім - тәрбие
Шан-Инь (б. з. д. ХҮІІІ-ХІІ ғ. )
ИМАНИПЕДАГОГИКА
Ұлағатты ұстаздар мерекесі құтты болсын!!!
Ауру себептері және денсаулық аффирмациялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz