Түркістан облысының жер ресурстары




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Түркістан облысының жер
ресурстары
Орындаған:
Гайсенова
Айдана
Адирбай
Сандуғаш
Әбіш Бақдаулет
Түркістан облысы (2018 ж. дейін
Оңтүстік Қазақстан облысы) – Қазақстан
Республикасының оңтүстігіндегі
әкімшілік-аумақтық бөлініс.
Түркістан облысының жер бедері
негізінен жазық (орташа биіктігі 200 –
500 м). Солтүстігінде тасты-сазды
Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы,
Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу
өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм
құмды алқабының батыс бөлігі
орналасқан. Облыстың орталық бөлігін
Қаратау жотасы солтүстік-батыстан
оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп
жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз
(Мыңжылқы) тауы (2176 м).
Түркістан облысы жер ресурстарының географиясы
Түркістан территориясының жер көлемі 117,3 мың км2. Облыстың
территориясының басымы шөл зонасында орналасқан. Облыс
территориясын халықаралық мағынасы бар жол және
автомагистралі,әсіресе темір магистралының үлкен маңызы бар. Ол
магистраль Қытай, Қырғызстан, Өзбекстанның шығыс бөлігін Ресеймен,
оның территориясы арқылы Еуропа елдерімен байланыстырады. Қазіргі
Қытай Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, сонымен Батыс Еуропа арасындағы
экономикалық қарым-қатынас дамуына байланысты, облыстың
ресурстары өнеркәсіп үшін, көлік инфрақұрылымы, сауда жасауға
көмекші салалардың кәсіпорындарына маңызды рөл атқарады. Осыған
қосымша, облыс еңбек ресурстары жақсы қамтамасызданған, яғни
еңбек ресурстарын талап ететін өндіріс орындарын дамытуға болады.
Жер көлемі бойынша ең үлкен аудандар табиғи
жағдайы экстремалдық болып келетін
территорияларды қамтиды. Ауданы бойынша
ең үлкен Созақ ауданы, жер көлемі 41 км2,
облыстың 35% территориясын қамтиды.
Отырар ауданы - 18,1 мың км2, 15,4%, Шардара
ауданы 13 мың км2 облыс территориясының
11,1% құрайды. Осы үш ауданның жалпы
көлемі 72,1 мың км2, ол облыс
территориясының 61,5% құрайды.
Көрсетілген аудандарының жері Бетпақдала
Мойынқұм, Қызылқұм шөлдеріне тура келеді,
яғни ауыл шаруашылыққа пайдалану,
рекреациялық құндығы т.с.с көзқарастан бұл
территорияның бағасы жоғары емес. Демек,
қазіргі тандағы экономиканың даму деңгейінің
көзқарасынан, облыс территориясының 2/3
жарамсыз жер деп есептеуге болады.
Түркістан облысының ауылшаруашылық жер ресурстарының
географиясы.

Оңтүстік Қазақстан облысы территориясының 4134589 га ауыл
шаруашылықта пайдаланады, ол облыстың жер көлемінің 35,2% құрайды.
Облыста ауыл шаруашылықты пайдаланатын жерді мынадай салалар
бойынша бөлуге болады: егістік, бау-бақша, жүзімдік, шабындык жайылым
және тың жер.
Ауыл шаруашылық жер ресурстарын пайдалану құрылымында ең көп жерді
жайылым алып жатыр - 3061684 га, ол жалпы ауыл шаруашылық жердің
74,1 % құрайды, одан кейін егістік жер - 852959га немесе 20,6% құрайды,
шабындық жер 119432га немесе 2,8% құрайды. Ал, ауыл шаруашылық жер
ресурстарының пайдалану үлесін бау-бақша - 9812га - 0,23% , жүзімдік -
4607га -0,11% , тың жер - 73537га - 1,8 % құрайды.
Аудандар бойынша ауыл шаруашылық жер
ресурстарының пайдалану көрсеткіштері
аудандардың жер көлеміне сәйкес келеді. Бұл
мәселені пайдалану салаларына қарай
салыстырғаны дұрыс.
Егістік бойынша ең үлкен аудандар жазықтық
жерлерде және су көзіне жақын орналасқан.
Мақтаарал ауданы - 131345 га ол аудан
территориясының 73,2% құрайды. Мақтаарал
ауданы облыс бойынша жоғары игерілген аудан.
Қазығұрт ауданының егістік жер көлемі 102501га,
ол аудан территориясынын 25,02 құрайды.
Eгістік бойынша орташа аудандар - Сайрам
ауданы-90129 га, ауданның жалпы көлемінің-
52,7% құрайды, Ордабасы ауданы-79997га -
29,3%, Төлеби ауданы - 76134 га - 24,2%, Түлкібас
ауданы - 64286га - 27,5%, Шардара ауданы -
59648 га - 4.1%.Сарыағаш ауданы - 61930га -
Қалған әкімшілік аудандарда егістік көлемі аз болғанымен маңызды
рөл атқарады, әсіресе, Түркістан мақташылық аудан. Бұл ауданда
мақта егу Арыс-Түркістан каналы және Бөген су қоймасы құрылған соң
күшті дамыды.
Қазіргі таңда ауданда егістік жер көлемі - 46204 га, ол ауданның жер
көлемінің - 6,2% құрайды.
Түркістан облысының табиғат жағдайы жайылым жердің пайда
болуына қолайлы. Осы сала бойынша облыста әр түрлі жайылымдар
бар, яғни құмды аудандар, тау беткейлері мен жазықтық төбелер.
Отырар ауданында жайылым 674622 га
жерді алады, ол аудан территориясының -
37,3% құрайды.
Созақ ауданы -492398 га- 11 9 %, Бәйдібек
ауданы- 372366 га- 51,6 %,Сарыағаш
ауданы - 363658 га - 47,7 % , Түркістан
ауданы- 325662 га- 43,7 % құрайды.
Осы аудандарды құмды шөлдегі және
жайылым кең болуына байланысты қой
шаруашылығы жақсы дамыған.
Оңтүстік Қазақстан облысы орман ресурстарына кедей, орман
алқаптарының негізін құрайтын Қызылқұмда өсетін сексеуіп ағаштары
және Сырдария аңғарындағы Тораңғыл, жиде т.б. ағаштардан тұратын
өзен бойытоғай, Қаратау және Талас Алатау беткейлерінде жабайы алма,
арша, жаңғақ т.б. ағаш түрлері бар.
Мойынкұм мен Қызылқұмдағы сексеуіл ормандары Сырдария бойындағы
тоғайлар облыстың орман қорының 91,8 % құрайды. Құмда шөлде
сексеуіл, құмда акация бұтасы т.б. осындай өсімдіктер қозғалмалықұм
пайда болуына кедергі жасайды, сондықтан, бұл ағаш массивтері
мемлекет тарапынан ерекше қорғалады. Құмды шөлдердегі орман
массивтері басым Шардара (927318 га - ауданның жер көлемінің 71,7%
құрайды), Отырар (85960 га - 45 % шамасында), Арыс (189567 га - 30,1 %)
және Созақ (815581 га 19,4%) аудандарында орналасқан. Сексеуілді
ормандардың өнеркәсіптік мағынасы жоғары емес. Ұлы Отан соғысы
кезінде сексеуіл отын ретінде интенсивті пайдаланылған.
Таулы аудандардағы ормандар, облыстың мемлекеттік
орман қорының аз бөлігін құрайды. Соның ішінде Бәйдібек
(60061 га), Түркістан (53216 га), Қазығұрт (76934 га),
Төлеби (36409 га), Түлкібас (26971 га) аудандары. Бұл
орман массивтері таудың беткейінде, өзендердің
аңғарларында дамыған, олар ерекше қоргалатын
территорияға жатпайды. Облыстың басқа аудандары, жер
ресурстары интенсивті пайдалану нәтижесінде, орман
ресурстарына өте кедей. Ал Мақтарал ауданында, Кентау
қала әкімшілігі территориясында мемлекеттік орман
қорына тиісті жер жоқ. ОҚО территориясында мемлекеттік
орман қорына жататын жер жоқ.
Қызылорда облысының жер
ресурстары
• Қызылорда облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде
орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік.Жер аумағы 226 мың км2
(Қазақстан жерінің 8,3% -ы).
• Қызылорда облысы - Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің
төменгі ағысында және Тұран ойпатында орналасқан. Қазақстан
Респуликасының бірнеше облыстарымен, оның ішінде шығыс және
оңтүстік–шығысында Түркістан облысымен, солтүстігінде –
Қарағанды облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облысымен және
оңтүстік-батысында Қарақалпақстан Республикасымен, оңтүстігінде
Өзбекстанның Науаи облысымен шектеседі. Жер көлемі жөнінен
республика бойынша 4 - орында.
Қызылорда облысының жер қоры 24035,9 мың
гектарды құрайды; оның ішінде егістік
жерлер 146,5 мың гектар, көп жылдық
екпелер 2,9 мың гектар, тыңайған жерлер
53,4 мың гектар, шабындық жерлер 115,6
мың гектар, жайылымдар 11832,1 мың
гектар, орманды алқаптар 5004,3 мың гектар,
су асты жерлері 2357,3 мың гектар, басқа да
жерлер 4319,5 мың гектар. Осы көлемнің
ішінде Қызылорда облысы 2210,9 мың гектар
жерді Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының
аумағынан ұзақ мерзімді пайдалануға алған.
Бұдан басқа Қызылорда облысы аумағынан
771,4 мың гектар жерді Ресей Федерациясы
жалға алып пайдалануда. Қызылорда
облысының әкімшілік аумағы 226,0 мың
Қызылорда облысының әкімшілік аумағы 24,1 млн. гектарды құрайды, бұл
республика аумағының 8,3 проценті.Оның ішінде, 2,8 млн. гектар немесе
жалпы жер қорының 11,6 проценті ауыл шаруашылығына
пайдаланылады. Осы жерді пайдаланатын тұлға саны (2,8 млн гектар) –
5745, оның ішінде шаруа қожалығы – 5240, заңды тұлға – 505.2020 жылы
60,0 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу
жоспарланған, айналымға 66,3 мың гектар жер енгізілді (Арал ауданы –
8,3 мың гектар, Қазалы ауданы – 11,8 мың гектар, Қармақшы ауданы – 7,3
мың гектар, Жалағаш ауданы – 5,1 мың гектар, Сырдария ауданы – 0,4
мың гектар, Шиелі ауданы – 9,6 мың гектар, Жаңақорған ауданы – 16,7
мың гектар, Қызылорда қаласы 7,1 мың гектар) немесе жоспар 110,5%
орындалды. Осы жерлердің барлығына пайдаланбай жатқан жерлерді
анықтау мақсатында түгендеу жұмыстары жүргізілді. Болжамға сәйкес
облыс бойынша пайдаланылмай отырған 283,0 мың гектарды құрайтын
338 ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін анықтау
межеленген болатын.
Облыстың күріш шаруашылығына мамандануына байланысты, топырақ
пен климат ерекшелігіне және басқада жағдайларды ескере отырып
табиғи суармалы егістік жерлерді үш табиғи сілемге бөліп қарастыруға
болады: Жаңақорған-Шиелі, Қызылорда және Қазалы-Арал.
Соңғы жылдары Арал ауданындағы ауыл шаруашылықты аудандарда
шағын күрішті алқаптар қалыптаса бастады. Бұл сілемдердегі негізгі
мәдени өсімдік - күріш бұрынғы инженерлік-дайын жерлерді өзіне
сәйкес келетін мәдени өсімдікпен бірге егіледі.
Облыстағы жалпы жер қорының 9193,0 мың га немесе 74,0 % жер
көлемі суландырылатын жайылымдық жер. Осы уақытта бос жерлердің
көлемі -129,8 мың га ұлғайған. Бұл негізінен, ауыл шаруашылығының
финанстық жағдайының нашарлауынан, минералдық және органикалық
тыңайтқыштардың жетіспеушілігінен, тұқымның жетіспеуінен, сонымен
қатар, тозығы жеткен материалдық-техникалық базаға байланысты.
Оңтүстік зонада температураның қолайлығына байланысты
шаруашылыққа жайлы, әсіресе көкөніс-бақша, жеміс-жидек,
майлы және техникалық мәдени дақылдар мен жүзім өсіруге
қолайлы. Сондықтан соңғы жылдары мұнда негізгі мәдени өсімдік
күрішпен бірге мақта және т.б. өсіруді дамытуда.
Орталық зонада шаруашылықты дамытуға қолайлы болғандықтан
мұнда күріш және күріш тұқымдасына жататын басқа да мәдени
өсімдіктер, дәнді, майлы, бау-бақша, жеміс-жидек егілуде.
Кез-келген жер қоры құнарлылығымен ерекшеленеді. Қызылорда
облысына тән климат,өсімдіктер дүниесі, гидрологиясы мен
гидрогеологиясы негізінде қалыптасқан топырақ жамылғысы жер
ресурстарының сапалық жағдайына ерекше ықпал жасайды.
Облыстағы жалпы жер қорының 9193,0 мың га
немесе 74,0 % жер көлемі суландырылатын
жайылымдық жер. Осы уақытта бос жерлердің
көлемі -129,8 мың га ұлғайған. Бұл негізінен,
ауыл шаруашылығының финанстық
жағдайының нашарлауынан, минералдық
және органикалық тыңайтқыштардың
жетіспеушілігінен, тұқымның жетіспеуінен,
сонымен қатар, тозығы жеткен материалдық-
техникалық базаға байланысты.
Облыс аумағындағы табиғи-экономикалық
жағдайдың әр түрлі болуы, ауыл
шаруашылықтық өндірісті орналастыруға
мамандануға байланысты Арал маңында ауыл
шаруашылығының дамуының өзгеше түрі
қалыптасты (әр түрлі мамандыққа
маманданған, әрі өзі сатып алып өзін-өзі
Топырақ құнарлылығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру
жөніндегі негізгі агрономиялық, агротехникалық,
агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар мыналар:
1. Топырақты эрозиядан (азудан) қорғау. Эрозияның негізгі үш түрі
бар: жел, су және техникалық. Тегіс емес, тақыр жерлерде жауын-
шашын топырақтың құнарлы қабатын жуып кетеді. Ормансыз
ашық жерлер, әсіресе өнімділігі құртылған (жыртылған) жерлер
жел эрозиясына ұшырайды, топырақтың құнарлы қабатын жел
ұшырып кетеді. Жерді ауыр техникамен өңдеу, жылма- жыл бір
дақылды егу, техниканың жолсыз жерлермен жүруі топырақ
эрозиясын күшейтеді.
2. Топырақты сортаңданудан (тұзданудан) қорғау. Топырақтың
тұздануы жауын-шашын мөлшері буланатын ылғалдан аз
болғанда болды. Егістікті көп жыл бойы көлдетіп суғару
топырақтың тұздануын тудырады. Жаңбыр суының жер бетіне
көлкіп жатып булануы жерді сортаңдандырады. Егістікті,
3. Топырақты құм басудан қорғау жолдары - ағаш (сексеуіл, жыңғыл),
бұталар отырғызу, көп жылдық шөптер егу.
4. Жерді батпақтанудан қорғау үшін гидромелиоративтік жұмыстар
жүргізу, суғару жүйелерін жетілдіру қажет болады.
5. Топырақтағы қоректік заттарды сақтау үшін мелиоративтік
жұмыстар, сортаң жерлерді әкпен, гипспен өңдеу, арнаулы әдіспен
жырту, тыңайтқыш беру, мал жаюды ретеу, т.б. агрономиялық
жұмыстар жүргізіледі.
6. Топырақты уланудан қорғау - пестицид, гербицид, тыңайтқыштар
қолдану мөлшерін реттеу, өндіріс, тұрмыс қалдықтарынан қорғау,
санитарлық сауықтыру шаралары болып табылады.
7. Құрылыс, жол салу, жер қойнауын барлау, пайдалы қазбаларды
өндіру, қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерді
қалпына келтіру (рекультивация) республикамыздың жер қойнауын
едәуір жақсартады.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Түркістан облысының топырақ жамылғысы
Оңтүстік Қазақстанның қалалары
ҚАКСР құрамына енгізілген аймақтар
Алаш қозғалысы, ұлт зиялылары
Түркістан қаласы топырағының ластану дәрежесіне момнторинг жүргізу
Көне қалалар
Батыстағы қалалар
Қазақстанның биоресурстары жөнінде жалпы сипаттама
Түркістан
Мағжан Жұмабай
Пәндер