СҮТ МАЙЛЫЛЫҒЫ


Slide 1

Малдың сүт өнімділігін қалыптастыру

Орындаған:Фазылов Ә.

Slide 2

Жоспар

Сиыр сүті

Сүттің құрамы

Сиыр сүтінің өнімділігі

Сүт өнімділігі жоғары тұқымдар

Сүт өнімділігіне әсер ететін факторлар

Сүттің сапалық көрсеткіші

Атақты рекордисттер

“Супер”сиырлар

Қорытынды

Slide 3

Сиыр сүті

Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Сүт және оның өнеркәсіптік қалдықтары а. ш. малдарының төлдерін тамақтандыруда кеңінен пайдаланылады. Сүттен тағамның ең қасиетті түрлерін:май, ірімшік, құрт тағамдарын жасайды.

Slide 4

Сүттің құрамы

Орташа есеппен сиыр сүтінің құрамында 12-12, 5% құрғақ зат, оның ішінде 3, 8%май, белок 3, 3%, 4, 8% сүт қанты және 1% минералды заттар болады. Сүттің құрамында 20 астам витаминдер, 30 таяу ферменттер, 20 жуық микроэлементтер және 10 шақты макроэлементер бар. Сүттің тағамдылығы өте жоғары, әрі диеталық қасиеті бар.

Slide 5

Сүт өнімділігі

Сүт өнімділігі желіннің сыйымдылығымен тығыз байланысты. Сауын неғұрлым жоғары болса желіннің сыйымдылығы соншалықты болады, немесе керісінше. Сауымның еселілігі ұлғайтылғанда, оның деңгейіне байланысты сиырлардың сүт өнімділігі 5-20%-ке өседі. сауын 2000 кг-ға дейін болғанда, екі еселіктен үш еселікке ауысу оны одан әрі жоғарылатпайды. Сауым 3000 кг болғанда сиырларды екі еселіктен үш еселікке ауыстыру оны шамамен 8%-ке ұлғайтуға мүмкіндік береді, ал 4000 кг және одан жоғары сауымда 12%-ке. Жалпы алғанда түрлі тұқымдардың, сүтті жануарлар табыны екі еселеп саууда да рекордты сауын береді.

Slide 6

Сүт өнімділігі жоғары тұқымдар

Ірі қара тұқымының ішінде сүтті көп беретін сүттілігі мол және сүтінің құрамының майлылығымен өте жақсы сүт өнімін жоғары ет сапасымен сәйкестендіретін сүт-ет бағытындағы сиырлар бар.

1-ші топқа жататындар: голштин қара ала, швиц қара ала және басқа да фриз тұқымынан шыққандар жатады.

2-і топқа: джерсей және гернсей;

3-i топқа: краснодат, англер және айршир тұқымдарынан шыққандар жатады.

Slide 7

Факторлар

Малдың жасы. Сүт өніміне бірден-бір ықпал ететін әсерлердің бірі малдың жасы. Бүкіл организмнің жалпы дамуы мен өсуіне байланысты, әсіресе сүт безі өсе түседі. Сүт өнімділігі жас ерекшеліктің жалпы заңдылығына байланысты, сауылым сүт белгілі-бір максималға дейін біркелкі өседі, сонан кейін ақырындап азая береді. Біздің елімізде өсірілетін сиыр тұқымының максималды сауылым сүті 4-6 сүт түзілуінде (лактацияда) байқалады. 1-і сүт түзілуден максималды (ең жоғарғы) сауылым сүтке дейінгі өнімділік мөлшермен 40-50%-ке өседі. Сауылым сүттін жасерекшелік өзгерісі малдың тұқымының ерекшелігіне, оның азықтануына, күтіп-бағылуына және т. б. байланысты.

Slide 8

Сиырдың тірі салмағы. Малдың жалпы дамуын көрсететін және оның сүт өніміне айтарлықтай әсер ететін көрсеткіш болып малдың тірі салмағының көлемі болып табылады. Әр тұқымда, әр табынның ішінде табындағы орташамен салыстырғанда жақсы өнім беретін малдың бөлігі, соған сәйкес үлкен тірі салмағы болады. Тұқым ішіндегі жақсы сауын беретін рекордистердің, соған сәйкес өте жоғары тірі салмағы болады. Экстрьерлі, конституциялы сүт бағытындағы сиырларда ет бағытындағы сиырларға қарағанда дене салмағымен сауын сүт арасындағы корреляция деңгейі жоғары. Бірақта өте ірі малдың барлығы да жоғары сүт өнімін береді деп айтуға болмайды. Әрбір тұқымға белгілі бір оптимум тағайындалғандары бар, тірі салмағы мен сүт өнімінің келісімділігі, үйлесімділігі, сиырдың тірі салмағының үлкеюі, олардың сүт өнімінің жоғарлауын қалыптастырады.

Slide 9

Тайыншаны алғаш ұрықтандыру жасы. Сиырдың тірі салмағы оның жасымен тығыз байланысты. Өте ерте ұрықтандыруға қосу сиырдың беретін сүт өніміне қолайсыз әсер етеді, оның өсуін тежейді. Алғаш ұрықтандыруға кеш қосу сауын сүтке болымсыз әсер етеді. Кеш ұрықтандырылған сиырлар өмір сүру аралығында төлді аз беретіндіктен, сүтті де аз береді. Алғашқы ұрықтандыру уақыты бірқатар жағдайларда байланысты, ол негізінен малдардың тұқымдық және өзіндік ерекшеліктеріне, азықтандыру, күтілу және т. б. жағдайларға байланысты. Тайыншаларды ересек сиыр массасының 65-70%-і не жеткенде ұрықтандыру қабылданған. В. Ф. Красота және т. б. (1990) тайыншаның жетілуі табынды жөндеу үшін іріктеп алынған 4000 кг сүт алу үшін, олардың тірі салмағы 18 айда 350 кг-нан кем болмау керек және тірі салмағы 400 кг 305 күнгі сауылым ішінде сауылған сүттің 3000 кг. құрайды.

Slide 10

Буаздылық. Сиырдың сүт өніміне сиырдың желініндегі сүт безінің секреттік жұмысының әсері тиеді. Оның өсуі, дамуы қалыптасуы барлық сүт қоректілердегі сияқты олардың буаздылығы мен төлдеу процесіне байланысты. Мұндағы байланыс әртүрлі эндокриндік бездердің қызыметіне байланысты (әсіресе гипофиз, жұмыртқа безі) болатын гуморальдік негізге сүйенеді.

Slide 11

Суалу кезеңінің ұзақтылығы. Осы кезеңдерде жануарлар сауын маусымынан келесі кезеңіне дайындала бастайды: желіннің бездік аппаратының жаңартылуы және дамуы және жануардың денесінде ұрықтың аналықтың жатырында жақсы дамуына әсер ететін қоректік, минералдық заттардың қорының қалыптасуы жүреді. Суалу кезеңінің жақсы өткізілуі сиырлардың бұзаулағаннан кейін өнім беруін жоғарлатады деген мәліметтер де бар.

Суалу кезеңінің 60-70 күнге созылуы қалыпты деп есептелінеді. Суалу кезеңінің ұзаққа созуды жас және өнімділігі жоғары сиырларға колдану керек. Суалу кезеңін қосымша сүт өнімін алу үшін қысқарту, көбіне келеңсіз жағдайлар тудырады.

Slide 12

Қоректендіру және күту жағдайы. Бұл әрине жануарлардың сүт өнімділігіне өте елеулі әсер ететін негізгі фактор. Сауын мауысымы кезінде сүтпен бірге сиырлардың ағзасынан көп мөлшерде қоректік заттар бөлінеді.

Сауын көлемі 3000 кг болғанда сүтпен бірге ағзадан 390 кг, ал 4000 кг сауында - 500 кг-нан жоғары құрғақ зат шығады. Сондықтанда сауын сиырларын толық қанды дұрыс қоректендіру - олардан жоғары сүт өнімділігін алудың негізгі шарты. Жеткіліксіз қоректендіргенде ең алдымен сауын мөлшері төмендейді, содан кейін сүттің майлылығы төмендейді. Әсіресе сүттің майлылығына малдың ақуыздық заттармен дұрыс қоректендірілмеуі кері әсер етеді.

Сиырларды қоректендірудің неғұрлым қолайлы жағдайы жаз айларында қалыптасады, бұл мезгілде жануарлар жасыл шөпті жеткілікті мөлшерде жейді, сонымен бірге сапасы жоғары сүрлемделген жем-шөппен қоректендірілгенде.

Slide 13

Сиырлардың сүт өнімділігіне: қоршаған ортаның температурасы, ылғалдылығы және газбен қанықтырылуы сияқты жағдайларда елеулі әсер етеді. Ағзада қалыпты зат алмасуды қамтамасыз ететін және сауынның деңгейіне кері әсер етпейтін, сиырлар үшін микроклиматтың оңтайлы көрсеткіштері мыналар: ауаның температурасы- 5-15 градус С, қатысты ылғалдылығы - 70-75%, тірі салмақтың 1 центнеріне ауа алмасу 17 м. куб/сағ., ауаның қозғалыс жылдамдығы - 0, 5 м/с, күкірт тотығының концентрациясы - 0, 25%, аммиактікі 20 мг/м. куб. және күкіртті сутек ізі. Қолда бар мәліметтер бойынша сүтті жануарды суық ғимаратта ұстау, оның сауынының 10-15%-ке төмендеуіне, кей-кезде жануардың тірі салмағының төмендеуіне әкеледі. Сауыны 8-10 кг сиырлар үшін қысылшаң температура 5 градус С, ал жоғары өнімді (сауын 20-25 кг) сиырлар үшін, олардың жақсы қоректендіруде ол біраз төмен болады. Сонымен бірге өнімділігі жоғары сиырлар ауаның жоғары температуралығын - 25 градус С, өнімділігі аз сиырлармен салыстырғанда қатты сезінеді.

Slide 14

Сүттің сапалық көрсеткіші

Сүттің майлылығы - малдың сүт өнімділігінің бағалаудың негізгі белгісі. Сүттің құрамындағы майдың ұлғайуынан өнімнің қоректік құндылығы жоғарлайды, өзіндік құны төмендейді, сүт өнімдерін өндіру арзандайды. Әр тұқымға жататын сиырдың сүтінің майлылығы 2, 5-10, 5% мөлшерде айтарлықтай ауытқиды. Сүттің майлылығының көлемін білдіретін негізгі факторлар болып жануарлардың тұқым қуалаушылық және дербес ерекшеліктері есептеледі. Әрбір тұқым, оған тән сүтінің майлылығына байланысты сипатталады

Сүт майлылығы

Тұқым

Майлылық(%)

Қара ала

3, 6

Швиц

3, 7

Бестужев

3, 8

Курган

3, 9

Ярослав

4

Айршир

4, 1

Джерсей

4, 2

Алатау

4, 6

Slide 15

Сүттің құрамындағы майдың деңгейіне, сиырдың тұқым қуалаушылық ерекшелігінен басқа, оған сауылым кезеңі де әсер етеді. Алғашқы сауылым кезінде уыз бөлінеді, сондықтан да салыстырмалы түрде майы жоғары болады, содан соң 2-3 айғы сауылымға дейін төмендей береді, содан кейін ақырындап көбейе береді, ал ең жоғары сүттің майлылығы ақырғы айдың сауылымында көрінеді.


Ұқсас жұмыстар
Foodmaster компаниясына магкетингтік талдау
Майлылығы жоғары кілегейден жасалатын сары майды өндіруге арналған П8-ОЛУ ағынды желісі
Сүт консервілері
Сүттің құрамы
Топтар Тәжірбиелік топ Бақылау тобы
АЙРАНДЫ ӨНДІРУ ҮШІН МЫНАДАЙ ШИКІЗАТТАР
Сиырдың шикі сүтіне және кілегейдің органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін зоотехникалық және ветеринарлық факторлар
МАЙ ӨНДІРІСІ
Сары май
Сүттің майлылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz