Қазақстандағы ашаршылықтар: 1921-1922 және 1930-1933 жылдардағы себептері мен салдары


Slide 1

Ашаршылық

Орындаған: Тургынбаев Жанибек

Slide 2

Ашаршылық - саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат.

Slide 3

Ашаршылықтың екі түрі бар

Ашық

мүлдем үнемсіз қалу да

Жабық

үнемі шала құрсақ болып жүру

Екеуі де ауруға, індетке, өлімге әкеліп соқтырады.

Slide 4

Ашаршылық жеке адамның не отбасының ашығуы емес, бүтін бір аймақтың, халықтардың, мемлекетердің басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп, халық санын күрт азайтып жібереді.

Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістерден және геноцидтен соң күшті Ашаршылықтарға жиі ұшырап тұрған.

Slide 5

Қытайда, Үндістанда, Ресейде, Африкаелдерінде болған ғаламат Ашаршылықтар тарихтан белгілі. Жер бетінде адамзат баласы санының демогр. дүмпуінен кейін, 21 ғасырда экономикасы, әсіресе, ауыл шаруашылығы артта қалған кейбір дамушы елдерде Ашаршылық жайлауы мүмкін деп болжанады. Дегенмен, болашақта өркениетті елдердің өзара халықаралық ынтымақтығы нәтижесінде ондай қауіптің алдын алуға болады.

Slide 6 Slide 7

Көшпелі Қазақ қауымы күшті жұт жылдары ғана болмаса, өзінің өткен ұзақ тарихында Ашаршылыққа сирек ұшыраған. Тек “ақтабан шұбырынды…” сияқты жаугершілік жылдары, саны -ге дейін кеміген. Жаңа заманда Қазақстан тарихында екі алапат ашаршылық халық жадында қатты сақталған.

Slide 8

1921/22 жылы болған ашаршылық Оның басты-басты екі себебі бар: алғашқысы - Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақдаласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы (қ. Азық-түлік отрядтары, Азық-түлік салғырты), екіншісі - табиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт. Респ-да 1920 және 1923 жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы санақтарының және Қазақстандағы жерге орналастыру мөлшерін белгілеген экспедицияны басқарған профессор С. П. Швецовтың мәліметтері бойынша 1921 жылғы ашаршылықта Қазақстан халқы 30%-ке дейін азайған. Кейбір елді мекендерде нәубет халықтың 100%-ін қамтып, олар түгелдей дерлік босып, жолда, біразы атамекенінде қырылып қалды. Санақ материалдары 1921 - 1922 шаруашылық жылында Батыс Қазақстандағы шаруалар шаруашылықтарының 1920 жылмен салыстырғанда 23, 8 процентке қысқарғанын, Ақтөбе, Торғай аймақтарында шаруашылықтардың үштен бірінің жойылып кеткенін көрсетеді. 1921 жылғы ашаршылық БатысҚазақстан халқының 31, 4 процентін алып кетті. Санақ материалдарының толық болмауы осы ашаршылық жылдарында қанша адамның қырылғанын нақты айтуға әлі де мүмкіндік бермей отыр

Slide 9

1930 - 33 жылы болды. Оның себебі - Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т. б. ауыл шаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады

Slide 10

1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20-ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі болып саналады. Әр жылдың 31 мамыры күні Қазақстан халқы осы “қызыл қырғын” құрбандарын еске алады.

Slide 11

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтар: себептері, салдары және қарсылықтары
1921-1922 жылдардағы қазақ халқының ашаршылығы: себептері мен салдары
Қазақстандағы 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін: себептері, салдары және құрбандарды еске алу
Қазақстандағы 1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылық: себептері, демографиялық шығындары және репрессиялық саясат
1921-1922 және 1930-1933 жылдардағы Қазақстан ашаршылықтары: Ақтөбе мен Шу өңірінің архивтік деректері мен салдарын талдау
1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылық: себептері, статистикасы және көмек көрсету шаралары
1921-1922 жж. Қазақстандағы ашаршылық: құжаттар, статистика және салдары
1921-1922 жылғы Қазақстандағы ашаршылық: таралуы, себептері мен күрес шаралары
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1924): белгілері, жер реформасы мен 1921-1922 жж. ашаршылықтың салдары
Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1925): 1921-1922 жылғы аштық, қабылданған шаралар және экономикалық салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz