Деңгейлеп оқу тапсырмаларының оқыту



М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
Тақырыбы:«Деңгейлеп оқу тапсырмаларының оқыту сапасын арттырудағы мүмкіндіктері»
Жетекшісі-
Орындаған-Махамбет Жансая

Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясына сипаттама
2. 2. Деңгейлеп оқыту тапсырмаларының тиімділігі мен мүмкіншіліктері
2. 3. Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқу тапсырмаларының қолданылуы
III Тәжірибелік бөлім
3. 1. 5- сынып қазақ тілі «Сөйлей білу-ұлы өнер» тақырыбына арналған деңгейлік тапсырмалар түрлері
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Өзектілігі
Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне қойылатын басты міндет-ұлттық санасы жоғары, өз тілінде мүлтіксіз сөйлей алып, сауатты жаза білетін, бәсекеге қабілетті, логикалық ойлау жүйесі мықты жеке тұлғаны қалыптастыра білу және оларға өз бетімен білім алу жолдарын үйрету.
Осыған орай оқушы оқыту үрдісінде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдерімен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділігі қалыптасады.
Тақырыбы:Деңгейлеп оқу тапсырмаларының оқыту сапасын арттырудағы мүмкіндіктері
Обьекті:
Деңгейлеп оқу тапсырмаларының оқыту сапасын арттырудағы мүмкіндіктерді қарастыру

Зерттеу мақсаты :
• Зерттеу мақсаты :
Білім беру сатылары арасындағы деңгейлеп оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз қазақ тілі пәніне дайындығындағы сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін жасау.
Зерттеу міндеттері :
•деңгейлеп оқытуда қазақ тілі сабағындағы сабақтастықты анықтау;
•деңгейлеп оқытудағы қазақ тілі тапсырмаларының оқушыларға мейлінше тиімділерін, жаңашыл әдіс-тәсілдерін ұсыну;
•дәстүрлі сабақ түрлерін деңгейлік тапсырмалармен толықтыру.

Егер оқушылар қазақ тілі сабағында берілген тақырыпқа байланысты тапсырмаларды әр деңгейінде жетік орындай алса, берілген 3-деңгейлік тапсырмаларды өз бетімен жақсы орындап шықса-деңгейлеп оқыту технологиясының басты мақсаты орындалғаны. Бұл жағдайда басты назар оқушыға ғана емес, мұғалімнің шеберлігіне де байланысты.
Оқушыларды деңгейіне бөліп жармай, тоқтаған деңгейінен алдыға жылжуына көмек берсе, деңгейлеп оқыту тапсырмасының жүйесі іске асқаны. . Сол себепті, болашақта нағыз педагог ретінде оқушыларды оқу деңгейінен жоғарлатып, тиімді әдіс-тәсілдерді жинақтап, жаңашыл білім мазмұнын ұсыну үшін курстық жұмысымыздың тақырыбын «Деңгейлеп оқу тапсырмаларының оқыту сапасын арттырудағы мүмкіндіктері» деп алдым.
Курстық жұмыстың болжамы:

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Міндеттері:
Ақпараттық және деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану нәтижесінде дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу.
2. 1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясына сипаттама

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушыны ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты:
-әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне
-оқытуды әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Даралап - саралап оқытудың маңыздылығы:
1. Сынып оқушыларын жаппай жұмыс істеуге әкеледі.
2. Бос отырған оқушы болмайды.
3. Әркім өзінің білім деңгейін біліп, оны дамытуға тырысады.
4. Қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады, пәнді оқып үйренуге қызығушылығы пайда болады.
5. Ізденіс дағдысы қалыптасады.

Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз - белгіліден белгісізге қарай, жеңілден күрделіге қарай үйретуге негізделген жаттығулар түрі.
1. Білімдік тапсырма.
2. Проблемалық тапсырма.
3. Пәнаралық тапсырма.
4. Шешендік тапсырма.
5. Танымдық тапсырма.
6. Интеллектуалдық тапсырма.

Деңгейлік тапсырма түрі:
Тасымал тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар
Бірінші деңгей - білімдік
1-тапсырма
Мақсаты: Берілген сөйлемдердің ішінен тасымалдауға келмейтін сөздерді дәптерлеріңе теріп жазыңдар.
Ақан Қожа Хафиз бен Бедильдің бәйіттерін жаттағанда, сыршыл ақындардан тонның ішкі бауындай етенелік тапқанын бертінде байқады. Медресе тауысқан тұрғыластарындай молдалық құрмай, сәлде орнына құндыз бөрік кигенде, серілігі өзіне сор боларын болжамаған-ды. (С. Жүнісов. )
2-тапсырма
Мақсаты: Тасымалдауға болмайтын жиырма сөз тауып жазыңдар.
Үлгі: қант, ұя, бар, жоқ т. б.

Екінші деңгей - проблемалық
1-тапсырма
Мақсаты: Берілген мәтінді оқып, тасымалдауға болмайтын сөздерді тауып, тасымалданбау заңдылықтарын түсіндіріңдер.
Ақан бес жасынан бергісін түгелге жуық біледі. Бала кезіндегі есімі Ақжігіт. Ел еркелетіп Ақан атандырды. Тазалыққа әуестігі үшін Сыпайы бала атанды. Әңгімеге әуестігі аен алғырлығы үшін Құйма құлақ атанды (С. Жүнісов. )
Сарыарқа күмбірлеген күй, шалқыған ән еді. Сол Сарыарқада көзін ашқан Ақан өнер сапарына еркін талпынды. Бесікте көргенін істегендіктен емес, арғы дені өнер тілеген. Жүректің әмірі, ақынның мұраты дүниеге қызықтырмады (С. Жүнісов) .

Үшінші деңгей - пәнаралық
1-тапсырма
Мақсаты: Ойынның шартын оқып, шешімін табыңдар да, осыған ұқсас ойын құрастырыңдар. Ойын шартында тасымалдауға келмейтін сөздер болса, мағынасын түсіндіріңдер.
Айжанның үйінде қоян мен тауық та бар. Олардың жалпы саны - 21. Айжан бірде олардың аяқтарын санап шықты. 64 екен. Сонда ауладағы тауық қанша? Қоян қанша?

Төртінші деңгей - шешендік
1-тапсырма
Мақсаты: Шешендік сөзді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар. Әр сөздің мағынасын түсіндіріңдер.
Тау белгісі тас болар,
Май белгісі ас болар
Алған жарың жаман болса,
Тазалық жоқ нас болар.
Алған жарың жақсы болса,
Қартайғанша жас болар. . .
Зер ұстаған зердің жайын біледі,
Жақсы басшы елдің жайын біледі.
Басынан көп өмірді өткізген жан,
Қайғы менен шердің жайын біледі.
(Көбей шешен)

Бесінші деңгей - танымдық
1-тапсырма
Мақсаты: Төмендегі ойынның ізімен тағы осыған ұқсас ойын құрастырыңдар.
жерде
тар кең
отырасың, отырсаң
Бір құрмалас сөйлемнен құралған мақал шығу үшін берілген шеңберге 4 хорда сызып, сөздерді сол хордалар бойынша оқып шығу керек. Сонда қай сөзден бастап оқуға болады? Қандай мақал шығады?

Алтыншы деңгей - интеллектуалдық
1-тапсырма
Мақсаты: Төменде берілген жұмбақтарды оқып, шешуін табыңдар. Тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазыңдар.
Алтынменен аптадым,
Күміспенен күптедім.
Бірін өрге шығарып,
Бірін жерге түсірдім.
Түрі көркем тұр кілем,
Түгі жақсы кір кілем.
Жайлы-жайлы жай кілем,
Жайылып. жатқан бір кілем

Қорыта келе деңгейлеп оқыту технологиясы материал сипаттамалы түрде емес, шынайы проблема негізінде берілуі тиіс . Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу - ағарту саласын техникалық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz