ТІРЕК ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ




Презентация қосу
ТІРЕК ҚИМЫЛ АППАРАТЫ БҰЗЫЛҒАН
БАЛАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ.
КҮРДЕЛІ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРДЫ ТОПТАСТЫРУ,
ОЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ

Орындағандар: Кияшева Ә
Жақсалықова М
Ауғанбаева А
Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы туа пайда болуымен де, жүре пайда
болуымен де түсіндіріледі. Балалар арасындағы туа пайда болған, жүре пайда
болған бұзылулар 5-7%-ды құрайды. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар
дамуындағы артта қалушылықтар түрлі кемшіліктердің полиморфтылығымен
түсіндіріледі:
1) Нерв жүйесінің аурулары: балалар церебральды салы, полиомелит (жұлын
миының алдыңғы мүйізшелерінің инфекциялық ауруларға шалдығуы).
2)Тірек-қимыл аппаратының туа пайда болған патологиялық жағдайлары:
жамбас сүйектерінің шығып кетуі, мойынның қисаюы, майтабандық, аяқ-
қолдардың дамуындағы жетіспеушіліктер және т.б.
3)Тірек-қимыл аппаратының жүре пайда болған аурулары және
зақымдануы: жұлын миының, бас миының, аяқ-қолдардың соққы алуы,
буындардың ауруы (полиартрит), сүйек аурулары (сүйектердің ісінуі,
туберкулез), рахит (сәбилік шақта дәрумендеодің жетіспеушілігінен зат
алмасудың бұзылуы).
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі
міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық
әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға
қосылуы болып табылады.
ТҚАБ балаларды оқыту: қозғалыс ақауын шамадан келгенше медициналық
түзету, жүйке-психикалық ауытқулар терапиясы жұмыстары аясында жүзеге
асырылуы тиіс.

Тірек-қимыл аппараты бұзылған 3 жасар бала арнайы балабақшаға бара
алады. Топтағы баланың толымы 8 баладан тұрады.Арнайы балабақшадағы
коррекциялық-педагогикалық жұмыстар Е.Ф.Архипова, Л.А. Данилова,
Г.В.Кузнецова, Н.В. Симонова құрған әдістемелік бағдарлама бойынша
жүргізіледі. Мекте жасына дейінгі балалармен жүргізілетін коррекциялық-
педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары:
-ойын әрекетін дамыту;
-қоршаған ортамен тіл арқылы қарым-қатынас орнату;
-қоршаған орта туралы түсініктерді кеңейту;
-қол еңбегіне үйрету мен жазуға дайындау;
-өзіне қызмет етудегі гигеналық талаптарды игерту.
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды оқыту жалпы сынып
жағдайында да, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында
да жүзеге асырылуы мүмкін. Қажет болған жағдайда үйде оқыту
ұйымдастырылуы мүмкін. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды
арнайы сынып жағдайында мектепте оқытудың ұзақтығы:

-бастауыш білім беру деңгейінде – 0(даярлық), 1-4 сыныптар;

-негізгі орта білім беру деңгейі – 5-10 сыныптар;

-жалпы орта білім беру деңгейі – 11-12 сыныптар.

Оқыту мерзімінің ұлғайтылуы балалардың психикалық дамуының тежелуімен,
сөйлеу және қимыл-қозғалыстың бұзылуының нәтижесінде жазу мен оқуды
меңгерудің қиындығымен , түзету-сауықтыру шараларын өткізудің
қажеттігімен байланысты.
Соңғы жылдары қимыл-қозғалыстарында кемшіліктер бар балалар жалпы
білім беретін мектептерге орналасуда.
Ең алдымен мұғалімдер оқу - тәрбие жұмысының басталу уақытына дейін ата-
аналармен кездесу жасап, баланың сүйіп айналысатын ісімен,
кызығушылығымен, бейімділігімен, мүмкіндігімен, сүйіп оқитын пәндерімен,
ойындарымен танысып, дамыған кимыл-қозғалыс актілерін білу, ол
қозғалыстың қай кезде жақсы байқалатынын, баланың еркін қозғалысқа түсу
мүмкіндігінің қалайша орындалатынын анықтау қажет.
Содан кейін арнаулы мекемеге қабылданатын баламен ұжым оқушыларын
толық таныстыра, оның дамуындағы өзгешеліктерді, оны шеттетпеу керектігі
туралы таныстыру жұмыстарын жүргізеді.

Мұғалім тірек-қимыл аппараты бұзылған баланы оқыту барысында:
-Әріпті немесе цифрды, сөздерді жазатын орынды қаламмен немесе
қарындашпен көрсетіп, белгілеу керек.
-Цифрларды баған түрінде жазу кезінде арифметикалык амалдардың дұрыс
орындалуын түсіндіру қажет.
-Оқуға үйрету кезінде әріптердің, буындардың, сөздердің, сөз тіркестерінің
көзден тайып кетпеуіне арнаулы ойықтармен берілген кітаптың арасына салып
жолақтарды пайдалану тиімді екенін түсіндіру қажет.
-Бейнелеу өнері сабақтарында салынатын заттың
орналасу қалпын мұғалім алдын ала түсіндіріп,
көрсетіп, оның негізгі бөлімдерін. жүмыстың
орындалу тәртібін түсіндіру керек.
-Ауызша сұрақтарға жауап беру кезіндегі
қиындыктарды жою үшін оқушыға сұрактарға
жауап беретінін алдын ала ескертіп, оған
дайындыққа уакыт беру керек. Ауызша сөйлеуге
үйрету барысындағы баланың білімін бағалауда
сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді ескеріп,
интонацияның, дауыс ырғағының, сөйлеу
мәнерлілігінің сакталмауына байланысты бағаны
төмендетпеу керек.
-Жазбаша жұмыстарды бағалауда жазудың
бұзылуы, әріптердің дұрыс орналаспауы, сөз
арасындағы, жол арасындағы үзіктерді сақтамау,
әріптердің ені мен ұзындығына байланысты
пішіндердің сакталмауына байланысты баланың
жұмысын төмендетпеу керек
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға білім беретін мектептерде келесі
шарттар сақталуы тиіс:
– осы ұйымда білім алушы қозғалыс патологиясы бар балалардың қажеттіліктерін
ескере отырып санитарлық-тұрмыстық жабдықтар(жабдықталға киім ілгіш,
санитарлық торап, орындық, жеке гигиена және т. б. болуы);
– осы ұйымның ТҚАБ баланың нақты қажеттіліктерін ескере отырып әлеуметтік-
тұрмыстық жабдықтар(ұйымның жабдықталған кеңістігі, баланың жұмыс
орнының және т. б. болуы);
– арнайы жабдықталған медициналық кабинет;
– емдік дене шынықтыруға арналған арнайы жабдықталған зал.

Қажетті арнайы құрал-жабдықтар:
– жүріп-тұру құралдары: мүгедектер арбасының әр түрлі нұсқалары
– өзіне-өзі қызмет көрсетуін жеңілдететін құралдар (ыдыс-аяқтар мен асханалық
аспаптар, киіну және шешіну, есікті ашу және жабу, өз бетінше оқулары,
телефонды пайдалану үшін құрал-жабдықтар; электр құралдарын қосатын
ерекше, тұрмыстық аспаптарды қашықтықтан басқару құралдары);
– баланың қажеттілігіне сай жиһаз;
– балаларды жатқызып оқытуға арналған сыналы тіреуіштері бар медициналық
кушеткалар;
– балаларды тұрғызып оқытуға арналған көлбеу үстелдер
Күрделі кемістігі бар балаларды топтастыру, оларға
арнайы білім беру
Күрделі кемістік дегеніміз- әрбірін бөлек алғанда аномальдық дамудың
құрылымы мен сипатын анықтайтын бірқатар бастапқы ауытқулардың бірігуі.
Күрделі кемістіктерге ие балалардың пайда болу уақыты бойынша жіктемесін
А.В.Ярмоленко жасап ұсынған.
Күрделі кемістігі бар балаларға білім беру тарихына көз тастайтын болсақ,
алғаш ол соқыр-кереңдерді оқытуынан басталған. Алғаш рет 1937ж Паркинсон
атындағы соқырларға арналған мектепке Лора Бриджмен атты көзі көрмейтін
қыз қабылданады. Оның оқытумен мектеп директоры Самуил Гридли Хоув
айналысты. Оның алдында 1825 ж дүние жүзі көзі көрмейтіндерге арналған
шрифті құрастыруға арналған конкурс жариялады.
Соған Луи Брайль деген алты нүктелі шрифті ұсынды.
Бұл шрифті ең басты мүмкіншіліктері бағаланбады.
Лораны оқытуда бірінші рет осы шрифті қолдану
мүмкіндігін көрсеткен Смауил Гридли Хоув болды.
Кейіннен Брайльдік шрифті дактильдік әріптермен
сәйкестендіріп Лора дактильдік –жанасу сөйлеуді
меңгеріп, басқа адамдармен қарым-қатынас жасайтын
болды.
Күрделі бұзылулардың пайда болу уақытына қарай, оларды
төмендегідей топтарға бөлуге болады:

-туа біткен немесе ерте кезден пайда болған күрделі
кемістік;

-мектеп жасына дейін пайда болған күрделі кемістік;

-жасөспірімдік шақта пайда болған күрделі кемістік;

-егде жаста пайда болған күрделі кемістік;

-қартайған шақта пайда болған күрделі кемістік.

Кез келген жаста пайда болған күрделі кемістік жағдайлары үшін баланың осы
науқастану сәтіндегі даму ерекшеліктері мен білім, білік дағдыларын,
психологиялық жасын анықтау өте маңызды.
Күрделі кемістіктері бар балаларды негізгі үш топқа бөлуге бөледі,
олар:

- бала бойында екі аса байқалатың психофизиологиялық кемістік біріккен,
бірақ әр қайсысы өз бетінше бала дамуына жағымсыз әсер тигізетің
жағдайдағы топ. Мысалы: көру мен есту қабілетінең айырылған, зиятында
ауытқушыдығы бар естімейтін, нашар естийтің психикалық дамуы тежелген
балалар.

- негізгі бір кемістікпен қатар қосымша деңгей жеңіл кемістік қосылған
жағдайындағы топ. Мысалы: зиятында ауытқушылығы бар нашар естийтің
балалар.

- көптеген кемістігі бар, балаланың бойыңда нақты екіден аса кемістігі
кездесетің жағдайындағы топ. Мысалы: зиятында ауытқушыдығы бар нашар
көретің естімейтін бала.
Барлық арнайы мектептерде күрделі кемістігі бар балаларға арналған
сыныптар ашылған. Күрделі кемшілігі бар балаларға арналған көмекші
сыныптар құрылады. Мұндай сыныптардағы бала саны көп болмауы тиіс.
Арнаулы топтарда алғашқы екі кемшілік топтасқан нашар еститін балалар:
1)саңырау және ақыл ой дамуы кешеуілдеген,
2)саңыраулық және психикалық дамуы кешеуілдеген балалар білім алады.

Оқыту мен тәрбиелеу белгілі оқу жоспары және бағдарламамен сыныпта және
сыныптан тыс жүргізіледі. Арнайы дыбыс күшейткіш аппарат, оптикалык
құралдар, соқыр-кереңдер қарым-қатынаста болуы үшін арнайы телетакторлар
пайдаланады. Балалар үйінде мектепке дейінгі және мектеп бөлімі, еңбекке-
оқыту топтар және көптеген кемістіктері бар балаларға арнайы бөлімдері бар.
Мектептен кейін түлектер арнайы соқыр-кереңдерге арналған мектептерде
немесе арнайы сыныптарда білімің жалғастыруға болады.
Жиі кездесетін жағдай, арнайы мекемеге қабылданған күрделі кемістігі бар
балаларды жеке дара үйден оқытуға жібереді немесе сол мекеменің қалыпты
сыныбында қала береді. Ал жәй сыныпта аталмыш балаларды оқыту үшін
арнайы жеке оқыту бағдарламасын дайындау кажет.
Арнайы сабақтарда жұмыстың топтық формасы кеңінен қолданылады.
Мұнда балалар танымдық мүмкіндіктеріне, оқу әрекетінің темпiне, түзету
оқыту мiндеттерiне байланысты топқа бірігеді. Сондай-ақ қандай да бір
тапсырманы орындау үшін балалар уақытша топқа бiрiккен кезде де,
жұмыстың топтық формасын колдануға болады . Жұмыстың топтық
формасы балалардың әрекетін белсендiредi, оқу үрдiсiне бiршама толық
қатыстырады , ұжымдық әрекет iскерлiгiмен, әлеуметтік тәртіп дағдысын
практикалық түрде меңгертеді . Сөйлеу , ойлау және карым - қатынас
дағдылары белсендiрiледi.

Класс-сабақ жүйесі.Сабақ- оқу үрдісін ұйымдастырудың бірі болып
табылады . Сабақ балалардың оқу - танымдық әрекетін ғана емес , сондай -
ак дамытушылық әрекетінің басқа да түрлерiн ұйымдастыруға мүмкіндік
береді . Сабақ барысында жеке дара- топтық және фронтальды жұмыстар
болуы мүмкін .
Сабак ерекшелігі :
- Сынып тобының құрамы тұрақты болуы керек .
- Барлық оқушылардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін есепке ала
отырып , оқушылар әрекетін мұғалім басқарады .
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Тірек - қимыл аппараты зақымдалған балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу
Мүмкіндігі шектеулі түрлі категориядағы балаларға инклюзивті білім беру жағдайлары
Қозғалыс бұзылыстары бар балаларды жалпы білім беру процесіне қосу
Дамуында ауытқушылығы бар балалар категорияларының жіктелуі
Дене және еңбек сабақтарын өткізу
Мүмкіндігі шектеулі оқушылар
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕЖЕЛУІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Есту бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
Тәрбие түрлері
Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар
Пәндер