Қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту: тіл саясаты, заңнамалық негіздер және Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі


Slide 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ЖОЛДАРЫ

ҚР заңдары: «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы», «Білім туралы», «Тілдер туралы», «Мәдениет туралы». Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің біртұтастық тұжырымдамасы.

Slide 2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТІЛДЕР ТУРАЛЫ ЗАҢЫ

ТIЛ ТУРАЛЫ ЗАҢДАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫНА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН ШЕТЕЛДIКТЕРГЕ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАРҒА ҚОЛДАНЫЛАДЫ.

1989 жылы қабылданған Тіл туралы заңда: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп тұңғыш рет атап көрсетіліп, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Қазақстан Республикасы Конституиясының 7-бабында да: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі» екендігі баян етіліп, заңды түрде күшіне енді. Сөйтіп, қазақ тілі дамуының жаңа кезеңі басталған болатын.

Slide 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТIЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ ЖАЛПЫ, БІЗДІҢ БҮГІНГІ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ "ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢЫМЫЗ" 1989 ЖЫЛДЫҢ 22 ҚЫРКҮЙЕГІНЕН БЕРІ ӨЗГЕРІСКЕ ТҮСПЕЙ КЕЛЕ ЖАТЫР(СОЛ 22 ҚЫРКҮЙЕК КҮНІ ТІЛ МЕЙРАМЫН ТОЙЛАЙМЫЗ) 1997 ЖЫЛЫ ТІЛ ЗАҢЫ ҚАЙТА ТАЛҚЫЛАНЫП, 11 ШIЛДЕДЕ ҚАБЫЛДАНДЫ. 4-5 ЖЫЛДЫҢ IШIНДЕ ТIЛ ЖӨНIНДЕ 17 ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНДЫ. МЫСАЛЫ, 1998 ЖЫЛҒЫ 14 ТАМЫЗДА «МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДА МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛДIҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫН КЕҢЕЙТУ ТУРАЛЫ», ЕЛБАСЫНЫҢ 1998 ЖЫЛҒЫ 5 ҚАЗАҢДАҒЫ ЖАРЛЫҒЫМЕН БЕКIТIЛГЕН «ТIЛДЕРДI ҚОЛДАНУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК БАҒДАРЛАМАСЫ» ЖӘНЕ ТАҒЫ БАСҚАЛАРЫ

Осы Заң жеке адамдар арасындағы қатынастарда және дiни бiрлестiктерде тiлдердiң қолданылуын реттемейдi.

Slide 4

РЕСПУБЛИКАДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ РЕТІНДЕ БІР ҒАНА ТІЛ . ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МӘРТЕБЕ БЕРІЛІП ОТЫР.

1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл . халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі . Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған. Яғни, қазіргі таңда қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы 2008. 21. 11. - Қазақстанның мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ұлтаралық тілі орыс тілі және тағы басқа тілдердің ережелері мен заңдастықтарын растайтын және реттейтін нормалар жиынтығы.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты.

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.

Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Slide 5

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ

ЗАҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУҒА, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІН АЙҚЫНДАЙДЫ.

1995 Ж. НАУРЫЗ АЙЫНДА ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ АССАМБЛЕЯСЫ ҚҰРЫЛДЫ. 2008 ЖЫЛҒЫ 20 ҚАЗАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ. ОСЫ ЗАҢ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР САЛАСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРДІ АЙҚЫНДАЙ ОТЫРЫП, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ МЕН ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІН ЗАҢ ДЕҢГЕЙІНДЕ БЕКІТТІ. 1 НАУРЫЗ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АССАМБЛЕЯ КҮНІ

Slide 6

АССАМБЛЕЯНЫҢ МАҚСАТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰЛТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

АССАМБЛЕЯНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:

1) этносаралық қатынастар саласындағы тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін жағдайлар жасау;

2) Қазақстан халқының бірлігін нығайту;

3) азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қатысу;

5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

Slide 7

Ассамблея қызметінің негізгі бағыттары

1) мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу;

2) қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу;

3) мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту;

Ассамблея қызметінің принциптері:

1) адамның және азаматтың құқықтары ен бостандықтарының басымдылығы;

2) халық пен мемлекет мүдделерінің басымдылығы;

3) тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты ешқандай кемсітуге жол бермеушілік;

4) Ассамблея мүшелерінің тең құқылығы және оның құрамындағы қызметі үшін жауапкершілігі;

Slide 8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бірлік пен ұлтаралық келісімді нығайту
Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық келісімді қалыптастырудағы институттық рөлі
Қазақстан Халқы Ассамблеясының саяси институт ретіндегі рөлі мен міндеттері
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы мен қызметі: негізгі міндеттері мен рөлі
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы: институционалдық нығаю және этносаралық келісімге қосқан үлесі
Азаматтық, қазақстандық сәйкестілік, елжандылық және этносаралық келісім ұғымдары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі
Қазақстандық азаматтық пен этносаралық келісім: патриотизм және Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі
Қазақстан халқы Ассамблеясы: тарихы, заңдық мәртебесі және этносаралық саясаттағы рөлі
Жаһандану және Қазақстан: әлеуметтік-экономикалық әсері, тіл саясаты мен даму стратегиясы
Үш тұғырлы тіл: Қазақстанның тіл саясаты және үш тілді оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz