Философия және мәдениет: гносеологиялық, аксиологиялық және праксеологиялық аспектілер


Slide 1

Философия және мәдениет

Орындаған:Батыров Данияр Жарылқасынұлы

АйУ-20/1

Slide 2

Философияны тек әлем ғана қызықтырып қоймаған, ондағы адам, оның мәні, өмір сүру заңдылықтары да оның назарынан тыс қалмаған. Өйткені, адам осы әлемде өмірге келеді, оның аясында қуанады, қайғырады, таным процесінің дәмін татиды, өледі. Философия - өзінің мәні мен мағынасы тұрғысынан адами сипатқа ие болған ғылыми сала. Өйткені, ешбір басқа әлем мен таным формасы «Әлем - Адам» күрделі байланысының барлық байлығы мен мүмкіндігін жан - жақты ашып көрсете алмайды.

Slide 3

Философия пәнінің екінші үлкен мәселелері - ол оның гносеологиялық жақтары (gnosis - грек сөзі, тану, білу) . Оған мынандай сұрақтарды жатқызуға болар еді. Философия пәнінің ажырамас мәселелерінің бірі - ол оның аксиологиялық, яғни құндылық жақтары, құндылық әлемін сараптау. Адам өмірі мән-мағынасының даму бағытын анықтауда философияның алатын орны мен қызметі ерекше. Осы тұрғыдан алғанда, философияда мына сұрақтар бар: шындық, әсемдік, ізгілік дегеніміз не? Адам өміріндегі еріктік, әділеттілік, теңдік, жақсылық, өлшем, парасаттылық, құндылықтар қандай орын алады? Философия пәнінің келесі жағы - ол оның праксеологиялық, прагматикалық мәселелері (practicos - грек сөзі, белсенді, іс-әрекетшіл; pragmatos - грек сөзі, іс-қимыл) . Өйткені адам Дүниені тану барысында тек қана оны ой-өрісімен қамтып қана қоймай, өз іс-әрекеттерімен түйістіріп, Дүниеде бұрын-соңды болмаған жаңа нәрселерді, құбылыстарды тудырады.

Slide 4

Бүгінгі таңда жаңарудағы қоғамның философиялық-әлеуметтік мәселелерін қою және шешу жолында бұрынғы кеңестік қоғамның идеологиялық негізі болған марксизмді сырттатуда философияның негізгі мәселесін де жоққа шығарғысы келетін пікірлер аз емес. Әрине, маркстік философияның шеңберінде «негізгі мәселе» тек қана диалектикалық материализмді дәріптеуге, қалған философиялық бағыттарға «бейғылымдылық» баға беру жолында пайдаланылды. Бірақ, соған қарамастан, біз философияның негізгі мәселесі марксизмнің ойлап шығарған «жалған мәселесі» деген ойдан алшақ болуымыз керек. Өйткені философия дүниеге келісімен-ақ, оның шеңберінде әртүрлі бір-біріне қарсы бағытталған ағымдар пайда болды.

Slide 5

Философияның негізгі мәселесін шешу жолындағы материализмге қарама-қарсы бағыт - идеализм (idea - грек сөзі, ой, идея) . Дүниенің негізінде субстанция ретінде рухани болмыс жатыр деген қайсыбір дүниетаным мен дүниені қабылдауды біз идеализм дейміз. Идеализм адам өмірінің рухани жағын бірінші орынға қояды. Бұл ағым қайсыбір белсенділік, шығармашылықтың қайнар көзі - рухта деген пікір айтады. Материя мойындалғанымен, ол енжар, болмыстың төменгі жаратылған түрі ретінде ғана қаралады.

Slide 6

Назарларыңызға рахмет!

Орындаған:Батыров Данияр Жарылқасынұлы

АйУ-20/1


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері мен әдістері: теориялық, эмпирикалық және аксиологиялық аспектілер
Әлеуметтік философия, мәдениет және өркениет: ұғымдар мен теориялар
XX ғасырдағы кеңестік мәдениет контекстіндегі марксистік және посткеңестік философия
Исламдық ортағасырлық мәдениет контекстіндегі арабтілді философия: даму, бағыттары және негізгі ойшылдар
Философия: пәні, әдістері және қызметтері
Философия: пәні, дүниетаным формалары, қызметтері және міндеттері
Философия: пәні, қызметтері, әдістері және негізгі бағыттары
Таным және ғылыми білім: гносеологиялық құрылым, әдістер және ақиқат
17-18 ғасырлардағы ғылым, философия және көркем мәдениет: маңызды ойшылдар мен өнер үрдістері
Мәдениет формаларының талдауы: миф, өнер, дін, мораль, философия, құқық, саясат, ғылым және техника
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz