Қазақ философиясының өкілдері




Презентация қосу
Қазақ философиясындағы тарихи даму
мәселелерін талдау
Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс
пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің
қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және
дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ
халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы
дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму
жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан
философияға жақын.
Қазақ философиясы тарихын мына кезеңдерге бөлеміз:

Көне қазақ философиясы (б.з.д. VII- б.з.Vғ.ғ.);

Орта ғасырлық түркі кезеңі философиясы (VI- XIV ғ.ғ. );

Қазақ ақын-жырау философиясы (XV- XVIII ғ.ғ.);

«Зар заман», ағартушылық философиясы кезеңі (XIX-
XX ғ. басы );

Қазіргі заман қазақ философиясы (XXғ. 30
жылдарынан бері).
Қазақ философиясы тарихы көне дүниеден басталады.
Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген Заратуштра, Анахарс, Ишпақайлардан, Әл
Фараби, Яссауи, Абай, Мағжанға дейін күректей үш мың жыл жатыр. Қазақ сөз
түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзгге тоқтаған адамды өте жоғары бағалаған. «Аталы
сөзге арсыз ғана таласады» - деген. Ұлт дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани
мұрасы, діни нанымы т.б. арқылы білдіреді. Философия пәні ойлау болса,
ұлттық дүниетанымды бейнелейтін ойлау формалары ұлттық философия
болмақ.
Көне қазақ философиясында аты белгілі
ойшылдар:
• Заратуштра –осында үш мың жыл бұрынғы азиялық ұлы
даладағы тұңғыш пайғамбардың бірі.
• Анахарс, грекше – Анахарсис – Скиф жұртынан шыққан
дана, тапқыр, шешен. Татымсыз көп достан, тартымды
бір дос артық деген сөзі бар.
Анахарс ескерткішіне: “Тіліңе, құлқына, тәніне ие бол!”
деп жазылған. Адам бойындағы бақ пен сорға бірдей
себепші не? –деген сұраққа ол: “Тіл” деп жауап берген.
Ортағасырлық түркі кезеңі философиясының ерекшеліктері:
• Фетишизм, тотемизм, анимизм, шаманизм элементтері;
• Жоғары құдай Тәңірі – көк идеясы;
• Ислам дінінің өзге діндерді ығыстырып шығара бастауы;
• Қазақилық түркі мәдениетінің қалыптасуы
• Қазақ халқы мен оның тілі қалыптасуының этникалық –генетикалық
және этникалық–лингвистикалық процестерінің дамуы;
• Қазақ эпос–жырларындағы философиялық толғаулар;
• Авторы мәлім поэзияның, шығармалардың ең ертедегі үлгілерінің
пайда бола бастауы.
Түркі кезең философиясының өкілдері:

Қорқыт, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни,
Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет
Игүнеки, Сүлеймен Бақырғани, Майқы би
Төбейұлы, Мөңке би Төлеұлы, Едіге би
Құтлық-Қабанұлы, Бәйдібек би Қарашаұлы .
XV-XVIII ғ.ғ. қазақ философиясының ерекшелігі:
ақын –жыраулар философиясы;
би –шешендер философиясы;
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіндегі философиялық
ойлар;
Қазақ ақындық шығармашылығының үш кезеңі:
Жыраулық кезең (XV-XVIII ғ. бірінші жартысы);
Ақын шығармашылық кезеңі (XVIII-XIX ғ. басы);
Ақын өлеңші, айтыс өнері кезеңі (XIX-XX ғ. басы).
ХV-XVIII ғғ. Қазақ философиясының өкілдері:

Асан Қайғы Сәбитұлы, Мұхаммед Қайдар Дулати,
Қазтуған жырау Қадырғали Жалаири,
Сүйіншіұлы, Төле би Әлібекұлы,
Шалкиіз Тіленшіұлы, Қаздауысты Қазыбек би
Доспанбет жырау, Келдібекұлы,
Жиембет жырау Әйтеке би Бәйбекұлы,
Бортоғашұлы, Бұқар жырау
Ақтамберді жырау, Қалқаманұлы,
Заһир ад-дин Мұхаммед Шал ақын – Тілеуке
Бабыр, Құлекеұлы.
ХІХ-ХХғ бас кезіндегі қазақ философиясының
өкілдері:

Махамбет Өтемісұлы;
Шернияз Жарылғасұлы;
Жанақ Сағындықұлы;
Шөже Қаржаубайұлы;
Сүйінбай Аронұлы;
“Зар заман поэзиясы” өкілдері:
Дулат Бабатайұлы,
Шортанбай Қанайұлы;
Мұрат Мөңкеұлы.
Зар заман философиясы

Қазақстанның Ресей құрамына өтуі нәтижесінде зар заман кезеңі басталды.

Қазақ жеріне қол салған патша үкіметі халықты жарылқау үшін келмегенді. Жерінен
айрылған халық әдеп – ғұрып пен қазақы мінезінен де айрыла бастады . Патша үкіметі
енгізген жаңа әкімшілік шаралар қазақ болмысына тән еместі. Ұрлық, өсек, талас –
тартыс , алауыздық, арызқойлық – қазақ қоғамының осы кезеңдегі жемісі болды.
Осы кезде өмір сүрген қазақ ақын - жырауларының бір тобы қоғамда болып жатқан
келеңсіз құбылыстарды аяусыз сынға алды.

Олар Қазақстанның Ресейге қосылуымен капиталистік көзқарастардың енуін кері
кеткендік деп есептеді. Өткен өмірді ансады , болашақ туралы өз болжамдары мен
пікірлерін білдірді.
Қазіргі заман қазақ философиясының ерекшеліктері мен
бағыттары:
Кеңестік дәстүрдің күшті ықпалында болды;
Философияның идеологияға айналуы;
Таным теориясы, диалектикалық логика мәселелері;
Сана, идеалдық мәселелері;
Мәдениет, құндылықтар, әлеуметтік философия мәселелері;
жаратылыстану ғылымдары, философиялық методтар
мәселелері
Қазіргі заман шетел философиясы ағымдарын зерделеп,
жаңғырту;
Догмалардан арылып, әлемдік философияға жақындай түсу;
Тіл, діл, дін мәселелеріне көңіл бөлу.

Ұқсас жұмыстар
Түркі кезең философиясының өкілдері
Қазақ философиясының ерекшелік сипаты
Мұсылман дінінің философиясы және теологиясы
Қорқыт айтқан делінетін кейбір сөздер
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Ислам философиясының кезеңдері
Жалпы қазақ философиясы туралы тусінік жəне шығу тарихы
Тіл философиясының теориясы
Қазіргі заман қазақ философиясы
Греция философиясы
Пәндер