Жер құқығы қатынастарының дамуы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Жер құқығы қатынастарының дамуы
Орындаған: Әбдіәшім А.Н
Тобы: АП-21-6к5
Қабылдаған: Ермаханов Н.Қ
Жоспар
1. Жер құқығы түсінігі
2. Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі
және белгілері.
3. Жер құқығының қайнар көздері мен жер
заңнамасының арақатынасы.
4. Жер құқығы қайнар көздерінің жіктелуі
( заң күші бойынша: құқықтық,
қатынастары реттеу шеңбері бойынша;
актіні қабылдаған орган бойынша)
1.Жер құқығы түсінігі
Қазақстан Республикасының жер құқығы дербес құқық саласы ретінде КСРО-
ның ыдырауымен Қазақстан Республикасы егемендікке ие болғаннан кейін
қалыптасты. Ол жай «бос жерде» пайда болған жоқ. Қазақстан
Республикасының жер құқығы Қазақ КСР жер құқығының жалғасы болып
табылады, бұл құқық КСРО жеріне айрықша құқық негізінде қалыптасқан
жер қатынастарының кешенін реттеді. Аталған құқықтық қатынастардың
сипаты мен мазмұны қазіргіге қарағанда басқаша болды, сол себепті де, олар
Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидалары мен нарықтық
экономиканың жаңа жағдайларына сәйкес келмеді. Қазақстан
Республикасында жер реформасын жүзеге асыру — жерге айрықша
мемлекеттік меншікті жою, жер учаскелеріне жеке меншікті орнықтыру,
жерді сату-сатып алуды, жер нарығын, ипотеканы дамыту және басқа да
шаралар жаңа жер қатынастарының пайда болуына және жер туралы
заңнаманың міндеттерінің өзгеруіне алып келді. Осылай, Қазақстан
Республикасының жер құқығы заң білімдерін беретін жоғарғы оқу
орындарында дербес құқық саласы ретінде оқытылуға міндетті жаңа оқу
пәніне айналды. Оның пәні болып жерге меншік құқығына, жерді табиғи
ресурс ретінде пайдалануға, оны басқару мен қорғауға қатысты туындайтын
жер қатынастарының кешені сақталды.
Алайда, жаңа жер реформасын жүзеге асыру жер
қатынастарының мүліктік сипатын жоймады,
керісінше, оның мемлекет байлықтарын табиғи
ресурс ретінде ұтымды пайдалану
мүмкіндіктерін кеңейтті. Мүліктік емес
сипаттағы жер қатынастары да өз
ерекшеліктерін жоғалтпады, қоғамдық
қатынастардың бұл саласы да сақталып қалды
және олар болашақта одан әрі дамып, бұрынғы
жер қатынастарына, сабақтас құқық
салаларына, соның ішінде, азаматтық
құқықтың жер-мүліктік қатынастарына
қарағанда өзінің ерекше сипаттары мен
айрықша ерекшеліктеріне ие болады. Егер
бұрында жер қатынастарының мүліктік сипаты
жерге айрықша мемлекеттік меншікпен
шектелсе, бұл ереженің жойылуымен жер-
мүліктік құқықтық қатынастарының ауқымы
кеңейді. Және соған қарамастан, ол өзінің
табиғатпен және табиғи ортамен байланысын
жоғалтпады. Жер-мүліктік қатынастарының
басқа мүліктік қатынастардан басты
айырмашылығы осында.
Жер құқығы өз пәні шегінде барлық жер
қатынастарын реттейді, жер нарығын
қалыптастыруға, реттеуге және нарықтық жер
құқығы қатынастарын одан әрі де дамытуға
белсенді түрде қатыса алады. Бұл мақсатта ол
нақты құқықтық негіз бен жалпы мемлекеттік
деңгейдегі қайнар көздерге ие. Оларда нарықтық
экономика жағдайында қазіргі кезгі жер
қатынастарының дамуына шын мәнінде әсер етуге
қабілетті, кез келген жағынан алғанда
салыстырмалы түрде жаңа жер құқығы саласының
ұйымдастырушылық-нормативтік алғышарттары
көрініс тапқан.Республикада жүзеге асырылып
жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар
кезеңінде жер туралы заңнаманың одан әрі де
жылдам қарқынмен дамып, өзгеруі заңды
құбылыс. Бұл даму бағыттары мен өзгерістер жер-
құқықтық нормалардың әрекетін күшейте түсетіні
сөзсіз. Қазақстан Республикасының жаңа Жер
кодексін қабылдау жер қатынастарын реттеудің
ерекше орнын сақтап қалды. Сол себепті де,
мемлекеттің жер ресурстарын қорғау және ұтымды
пайдалану мемлекет қызметінің айрықша бағыты
болған және солай болады да. Бұл Қазақстан
Республикасының 1995 жылғы Конституциясының
саяси-құқықтық ережелеріне және республиканың
алға қойған міндеттеріне сай келеді.
2.Жер құқығының қайнар көздерінің
түсінігі және белгілері.
Жер құқығының қайнар көздері көзі болып жер қатынастарын
реттейтін нормативтік актілер табылады. Мұндай нормативтік
құқықтық актілер келесідей белгілерге жауап беруі тиіс: алдымен,
аталған актілер мемлекеттік биліктің тасушысы болуы қажет,
екіншіден, бұл актілер нормативтік сипатта, яғни бірнеше рет
қолданатын сипатта болуы қажет, үшіншіден, бұл актілер бірнеше
субъектілерге бағытталған болуы тиіс және барлық субъектілер
орындауы тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-
бабына сәйкес Қазақстан Республикасы біртұтас мемлекет болып
табылады, сол себептен жер заңдары да Республиканың барлық
аймағы үшін бірдей болып табылады. Жергілікті органдар жер
заңдарына жататын нормативтік- актілер шығаруға құқылы жән еолар
барлық әкімшілік бөліністерінде бірдей күшке ие болады. Бұл жер
құқығы субъектілерінің құқықтық дәрежесі, басқа аумақта орналасқан
жер құқығы субъектісінің құқықтық дәрежесіне тек Республикалық
заңдарда көрсетілген жағдайларда ғана ерекшеленуін білдіреді.
Жалпы құқықтың қайнар көздері мемлекеттің құқық
шығармашылық қызметінің сыртқы нысаны болып
табылады. Мемлекеттің еркі құқықтың қайнар көздері
арқылы барлығына бірдей сипатқа ие бола алады. Жер
құқығының-қайнар көздері дегеніміз- өз құзыреті шегінде
мемлекеттік билік органдарымен қабылданған жер құқығы
қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтік-
құқықтық актілердің, халықаралық келісімшарттың
жиынтығы болып табылады. Бұлардың негізгі мақсат-
мемлекеттің жер саясатын білдіре отырып оны жүзеге
асыру. Бұл жерде сот прецендеттерінің әдет-ғұрып
ережелері есепке алынбайды. Белгілері: Жер қатынастары
саласындағы мемлекеттің саясатын жүргізуді қамтамасыз
етуге бағытталған; Жер қатынастарын реттеуге
бағытталған; Бірнеше рет қолданылады; Жер құқық
қатынастары субъектілерімен орындалуға міндетті болып
табылады.
3.Жер құқығының қайнар көздері мен
жер заңнамасының ара-қатынасы.
Жер құқық теориясында жер құқығының қайнар
көздері мен жер заңнамасы деген ұғымды ажырата білген
дұрыс. Себебі жер құқығының қайнар көздері кең
мағынада қарастырылатын ұғым болса, жер заңдары тар
мағынада қарастырылады. Жер құқығының қайнар
көздері ретінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексі, Азаматтық кодексі т.б жер құқық қатынастарын
реттеу барысында қолданылады. Мәселен, Жер кодексі,
шаруа (фермер) қожалығы туралы заң т.б Жер
құқығының қайнар көздеріне қарамас бұрын, жер
заңдарының мақсаты мен міндетін анықтап алу қажет.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңын
саралай отырып, келесі жайттарды бөліп алуға болады.
Жер құқығы заңдарының міндеттері мен мақсаттары заң
актілерінде айтылғанымен, ғылыми зерттеулерде және
оқулықтарда арнайы зерттелмеген. Осы ұғымдардың
анықтамасы мен мәнін ашу ғылым үшін де, білім үшін
де, өзекті мәселе болып саналады.
Жер заңнамасының мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасы
жер заңнамасының теориялық тұрғыдан зерделей отырып, жер
заңнамасының келесідей мақсаттары мен міндеттерін бөліп
қарастыруға болады. Жер заңдарының мақсатына мыналар жатады:
өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және
басқа да іс-шараларды жүргізу арқылы тозуы мен бүлінуін,
шаруашылық қызметін басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді
қамтамасыз ету;
жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық-нормативтерін тәжірибеге
енгізу болып табылады.
Қазақстан Республикасы жер заңдарының міндеттері: Жер учаскесіне
меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының өзгертілуі
мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін;
Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер
пайдаланушылардың құқытары мен міндеттерін жүзеге
асыру тәртібін белгілеу;
Жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ
құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи
ортаны сақтау мен жақсатруды қамтамасыз ету
мақсатында дер қатынастарын реттеу;
Шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен
дамыту үшін жағдайлар жасау; Жеке және заңды тұлғалар
мен мемлекеттін жерге құқықтарын қорғау;
Жылжымайтын мүлік рыногын жасау мен дамыту; Жер
қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып
табылады;
4.Жер құқығы қайнар көздерінің жіктелуі ( заң күші
бойынша: құқықтық, қатынастары реттеу шеңбері
бойынша; актіні қабылдаған орган бойынша)
Жалпы жер құқығы нормалары олардың
көпшілікпен қабылдануы үшін ерекше жазбаша
мәтінде болуы керек.. Оған құзыретті
органдармен қабылданған нормативтік құқытық
актілер жатады. Жер құқығының көпшілік
нормалары, нормативтік құжаттарда жазбаша
бекітіледі: заңдар, Президент жарлықтары, ҚР
Үкіметінің қаулылары және т.б. Нормаларды
былайша жеткізу құжатпен мүдделі тұлғалардың
немесе орындаушы органдардың толық
танысуына мүмкіндік жасайды. Бұл нормалардың
негізгі жүзеге асыру құралы болып және оны
сақтауды қамтамасыз етуге қызмет жасайды.
Өйткені жазбаша мәтін құқықтық норманың
мазмұнын анықтап ашып береді және кез келген
мүдделі тұлға нормасының нақты мазмұнымен
танысуын жеңілдетеді.
Сондай-ақ мұндай көрсету нысаны әртүрлі нормаларды
қарама-қайшылықтарды салыстыра отырып, жоғары деңгейде
кемшіліктерін түзетуге мүмкіндік береді. Туынды нормативтік
құқықтық актілердің түрлеріне регламент, ереже, қағида,
нұсқаулар жатады. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық
актілер негізгі түрлердегі нормативтік-құқықтық актілер
арқылы қабылданады немесе бекіиіледі немесе олармен
біртұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік-құқықтық
актінің нормативтік-құқықтық актілер сатысында алатын орны
негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады. ( нормативтік –
құқықтық актілер туралы заңның 3-бабы).
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
Бектурганов Ә.Е Қазақстан Республикасындағы жер құқық
қатынастары: Алматы, Жеті жарғы, 1997. 240 бет
Стамщлова А.С. Қазақстан Республикасының Жер
құқығы: Алматы, Заң әдебиеті баспасы.2005.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz