ҚАТЕРЛІ ІСІК РАК


Slide 1

ісіктер(қатерлі, қатерсіз)

Орындаған: Жандылдина А. Қ.

Тексерген: Байболина Р. А.

2021-2022оқу жылы

Қарағанды Жоғарғы Медициналық Интерколледжі

Slide 2

ІСІКТЕР

Ісіктер(латынша-tumor, blastoma, грекше-neoplasma, орысша-опухоль) - әр түрлі ағзаларда өздігінен пайда болатын, шексіз тоқтаусыз, бақылаусыз өсумен сипатталатын патологиялық үрдіс. Ісік өсуге қабілетті кез-келген тіннен дамуы мүмкін.

Slide 3

Ісік туындататын вирустар үш сатыда әсер етеді:

1) жасуша ішіне еніп, онда ДНҚ молекуласымен бірігіп кетеді де, жасушаның тектік ақпаратын өзгертеді;

2) өзгерген тектік ақпарат бойынша онконәруыздар мен мРНҚ түзілуін арттырады;

3) онконәруыздар жасушаның шексіз бөлініп көбеюін арттырып, ісік жасушасына айналдырады.

Slide 4

Ісіктер

Қатерсіз ісік Қатерлі ісік

доброкачественная злокачественная

опухоль опухоль

benigno tumore malignus tumor

Slide 5

Қатерсіз ісіктер

Қатерсіз ісік ерекшеліктері:

- капсула түзіп өседі,

- құрылымы қалыпты жасушаларға ұқсас келеді,

- ісік жасушалары дамыған және сараланған,

- айқындалған құрылымды атипизм,

- алып тастағанда қайтадан өспейді,

- Метастаздану болмайды,

- Адам үшін клиникалық көріністері жағымды,

- Кахексия тудырмайды және өлімге әкелмейді.

Slide 6

Мезенхимадан өсетін қатерcіз ісіктер

Фиброма-жетілген талшықты дәнекер тіннен өсетін қатерсіз ісік.

Ол теріде, теріасты шелінде, сүт безінде, жатырда, бұлшықет аралығында өсіп, бірте-бірте үлкейіп көлденеңі 4-5 см жетеді

Slide 7

Липома - май тінінің қатерсіз ісігі. Ол кесіп қарағанда сары немесе ақшыл сары түсті. Липома көлемі мен пішіні әртүрлі май клеткаларынан түзілген. Егер маймен бірге дәнекер тін өсіп кетсе ісікті фибролипома деп атайды. Липома құрамында қан жасаушы элементтер болса оны миелолипома дейді.

Slide 8

Гибернома-қоңыр май тәрізді өте сирек кездесетін ісік. Қоңыр май қалдықтары ұшырайтын жерлерде: омыртқа, бүйрек, бүйрекүсті безі айналасында, жауырын аралығында, мойында, қолтық астында дамиды.

Slide 9

Лейомиома- біріңғай салалы бұлшықет ісігі, көбінесе жатырда, асқазан-ішек жолдарында кездеседі. Ісік құрамында дәнекер тін басым болса, ол ісік фибромиома деп, қан тамырлары көп болса - ангиомиома деп аталады.

Slide 10

Рабдомиома-көлденең жолақты бұлшықет ісігі. жүректе, аяқ-қол бұлшық еттерінде өседі. оның көлденеңі 10-15 см-ге жетеді.

Slide 11

Хондрома-гиалин шеміршегінен өсіп шығатын қатты ісік. Ең көп ұшырайтын жері қолдың, аяқтың майда сүйектері, омыртқа.

Slide 12

Эпителийден пайда болатын арнайы даму орны жоқ қатерсіз ісіктерге- папиллома мен аденома жатады

Папиллома Папиллома (латынша papilla-бүртік) -жалпақ және өтпелі эпителийден өсіп шығатын ісік. Ол теріде, ауыз, мұрын қуысында, көмейде, бүйрек астауында, қуықта, сүт бездерінің өзектерінде, ми қарыншаларының ішінде өседі. Папиллома көлденеңі 1 сантиметрге дейін болған, түйінше түрінде, кейде сабақшаға ілінген полип тәрізді, терінің не шырышты қабықтарының үстінде жайғасатын ісік.

Аденома Аденома (латынша aden-без, -ομα-ісік) - безді ағзалар эпителиінен, олардың өзектерінен өсетін безді ісік. Ол айналасындағы тіндерден жақсы шекараланған, үлкендігі бірнеше миллиметрден, ондан сантиметрге жететін, жұмсақ ісік. Аденомалар өсіп шыққан жеріндегі тіндерге ұқсас құрылымдар түзеді. Егер аденома құрамында эпителийден гөрі дәнекер тін өсуі басым болса, бұл ісікті фиброаденома деп атайды.

Slide 13 Slide 14 Slide 15

Қатерлі ісіктер

Қатерлі ісік ерекшеліктері:

• инфильтрацияланған өспе капсуласы болмайды

• жасушалық анаплазия, жетілмеген жасушалар алып тастағанда қайтадан өседі

• метастаздану байқалады

• адам үшін клиникалық көріністері жағымсыз

• кахексия тудырады

• өлімге әкеледі.

Slide 16

Қатерлі ісік: рак

Эпителийден туындайтын қатерлі ісікті рак деп атайды. Рак адамдағы қатерлі ісіктің түрі. Рак түйін түрінде, не жайылма өскен ақшыл реңдегі ісік, ол қатты, кейде жұмсақ болады. Рактың бірнеше түрлерін ажыратады: 1) орнықты рак - эпителий қабатының ішінде өсетін рак. 2) жалпақ клеткалы - терінің, шырышты қабаттардың жалпақ не өтпелі эпителийінен өсіп шығатын рак. 3) безді - безді ағзалардың шырышты қабықтарының призмалық немесе текше тәрізді эпителийінен өсіп шығатын рак. 4) шырышты - ісік клеткаларының көп мөлшерде сұйықтық бөліп шығаруымен сипатталады. 5) солидті - аса тез өсетін ісіктер қатарына жататын, эпителий клеткаларынан түзілетін рак. 6) майда клеткалы - жетілмеген рактар қатарына жатып, көбінесе өкпеде кездеседі. 7) фиброзды - сүт бездерінде, асқазанда көбірек кездеседі, өте қатерлі, ерте метастаз беретін рак. 8) медулярлы рак - ми тәрізді ақшыл және жұмсақ ісік.

Slide 17

Мезенхиманың қатерлі ісіктері

Фибросаркома - дәнекер тіннің қатерлі ісігі, ол аяқ-қолдың жоғарғы бөлігінде, жұмсақ тіндердің арасында түйін түрінде байқалады.

Slide 18

Дерматофибросаркома-терімен байланысты ісік, арқада, иықта және балтырда тері астынан томпайып тұрған түйін түрінде байқалады.

Slide 19

Липосаркома-май тінінің қатерлі ісігі, кез келген жаста кездеседі, ісік клеткаларының арасында бір ядролы және көп ядролы, ерекше ірі, атипиялық клеткалардың болуымен ерекшеленеді.

Slide 20

Қатерлі лейомиома-бірыңғай салалы бұлшықет ісігі

Slide 21

Рабдомиосаркома - өте қатерлі ісіктердің бірі, көптеген метастаз береді.

Slide 22

Ангиосаркома-қан тамырларынан өсіп шығатын аса қатерлі ісік.

Slide 23

Остеосаркома - сүйектің қатерлі ісігі. Ол негізінен ұзын сүйектерде кездеседі.

Slide 24

Хондросаркома - сирек кездесетін, шеміршек клеткаларынан өсетін ісік.

Slide 25

БАЛАЛАРДА ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ІСІКТЕР:

Лейкоздар,

лимфомалар,

ми ісіктері,

гепатобластома,

нефробластома,

тератомалар,

рабдомиосаркокама,

остеогенді саркома.

ЕРЕСЕК АДАМДАРДА ЕҢ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ІСІКТЕР:

Өкпе рагы

Тері, тік ішек пен тоқ ішек рагы,


Ұқсас жұмыстар
Мезенхиманың қатерлі ісіктері
Қатерлі ісік
Рактың тағы бір алғашқы белгісі - теріде немесе кеуде тұсында үлкен без пайда болып, жараға айналуы
Зілді ісіктерді анықтау және емдеудің заманауй әдіс тәсілдер
Эндокриндік мүшенің қатерлі және қатерсіз ісіктер
Қатерлі ісіктің клиникасы
Бүйрек ісіктері
Асқазан рагы
Сүт безінің ісіктері
Ісік өсуіне әкелетін қауіп - қатерлі ықпалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz