Жылқының қасиеті




Презентация қосу
ЖЫЛҚЫ-ЕР ҚАНАТЫ
Жылқы– тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы.
Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың
жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете
бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады.
Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол –
ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және
спорттық бағыттарда өсіріледі.
Қазақ үшін жылқы – тектіліктің
нышанына айналған

Қазақ халқының ат ұстау
мәдениеті ел аузындағы
әңгімелерде, батырлар жырында,
хисса-дастандарда, ақын-
жазушылардың шығармаларында
жиі кездесеседі. Сол себепетен де,
ата-бабамыз «ер қанаты – ат»
дегенді тегіннен айтпаса керек.
Жылқының қасиеті
Жылқы − ерекше есті мал. Олар оқырану, кісінеу арқылы бір-
бірін шақырады, жақын тартады, хабарласады. Осқыру, жеру,
тарпу арқылы қауіп — қатерден сақтандырады,
қарсыластарына айбар көрсетеді. Қасыну, иіскеу арқылы
туыстық қатынастарын, үйірлік жақындықтарын анықтап,
өзара танысады, түсініседі, жақындасып достасады. Құлағын
жымыру, мойнын жерге салу арқылы бір-біріне сес көрсетеді,
бір-бірін қайырады. Тебу, тістеу арқылы қарсыластары мен
ұнатпағандарына соққы береді. Баққан иелеріне иіскеу,
оқырану арқылы жақындық білдіреді, шоқтығын, кекілін үйкеп
еркелейді. Иесінің шақырған бұйрығын қабылдап жанына
келеді. Айдаса жүреді, қайтарса қайтады, мініп алып желдірсе
желеді, шаптырса шабады, тоқтаса тоқтайды. Тіпті жат десе
жатып, тұр десе тұрады. Шөлдегенін, қарны ашқанын иесіне
кісінеу, оқырану арқылы білдіреді. Өте зеректері иесінен басқа
адамға ұстатпайды, иесінен басқа адамға мінгізбейді.
Ат әбзелдері
Тазалықтың үлгісі – жылқы малы

Қазақ үшін төрт түлік малдың ішінде
жылқының орны бөлек. Ықылым заманнан
қолға үйретілген жылқы малы қазақтың ең
қасиетті, ең сенімді, әрі ең қадірлі малы
саналады. Себебі, ұланғайыр жерді
мекендеген халықтың күнделікті тыныс-
тіршілігі, өмір-салты, әдет-ғұрпы мен
салтанаты нақ осы жылқымен тығыз
байланыста болған. Өзінің жаратылысына
жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана
тән қасиет әрі бұл – қазақтың осы түлікке
деген аса жоғарғы құрметінің белгісі.
Жылқы - малдың патшасы
Менің атам жылқышы болған. Мен де жылқыны жақсы көремін. Жылқы
жайлы көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам:

Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны
құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер,
шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі
жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғар
деп аталады. Жылқы сымбатты жануар. Мойнынан түскен жалыны жібектей
сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі
көздің жауын алады. Бұрынғы кезде батырлардың жылқыларының аты
болған. Қобыланды батырдың Тайбұрылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген
аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын
досы бола білген. Жылқы қасиетті жануар. Жылқы қымызы бізге пайдалы.
Ол қырық ауруға ем. Жылқы еті өте тәтті. Сондай-ақ жылқылар бізді
қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп
қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген
адам буын ауруына шалдықпайды екен.
Асыл тұқымды жылқы
Жылқының төлі-құлын
Жылқының жастары

Құлын, құлыншақ - жылқы төлі.
Жабағы - бір жылға жейінгі төл.
Тай - екі жастағы жылқы.
Құнан - үш жастағы жылқы.
Құнажын - үш жастағы ұрғашы жылқы.
Байтал - төрт жастағы ұрғашы жылқы.
Сойтал - төрттен асқан ұрғашы жылқы.
Дөнен - төрт жастағы еркек жылқы.
Бесті - бес жасар еркек жылқы.
Айғыр - аталық жылқы.
Сәурік - жас айғыр.
Бие - аналық жылқы.
Қулық - алғаш құлындаған бие.
Қысырақ - үйірге қосылған жас мал.
Мама бие - көп құлындаған жуас бие.
Бедеу - құлындамайтын бие.
Ат - ақталған еркек жылқы, мініс ат.
Жылқыға құрық салу (ұстап
алу)
Соңы
Қазақтар жылқын ұрып соғу былай тұрсын, киесі
атады деп, желіден, жылқышы ұстайтан құрықтан,
бақанның үстінен аттап өтпейді. Бақан аттаған
жарымайды деген сенім бар. Сүрінген атты да
ұрмайды. Сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып
кетсін деп,көзін оң қолымен сүртіп тазалайды.
Жолаушы келе жатып, атының сауырынан
ұрмайды. Жапанда жалғыз келе жатқан
жолаушыны қолдап, жебейтін Қызыр пайғамбар
аттың сауырында отырады деп жорылады.
Көшпенді халықтың маңызы зор болғандықтан,
жылқыға байланысты салт-дәстүрлер мен ырым-
тыйымдар өте көп.

Ұқсас жұмыстар
Жылқының қасиетің білу
Ұрғашы жылқылар
Минералды заттар
Сүт майы
Қазақтың ұлттық жылқы етін ветеринарық санитариялық сараптау және бағалау
Қымыздың пайдасы
Бие сауу
Қазақстандағы жылқы тұқымдары
Жылқы тұқымдары
Вирустардың организмге енуі, таралуы, орналасуы. Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Пәндер