Талдаудың аспаптық әдісі


Slide 1

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ "ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ НА ПРАВЕ ХОЗЯЙСТВЕННОГО ВЕДЕНИЯ "ВЫСШИЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ" УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

Презентация

Тақырыбы: Талдаудың аспаптық әдісі

Орындағандар: Оспан Дариға

Қабылдаған: Қылышбековна Э.

Тобы: Фя_21А

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

а) Сапалық талдау әдістерінің түрлері

б) Аспаптық талдау әдісінің жіктелуі

в) Аспаптық талдау әдісіне жататын зерттеу әдістері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Аналитикалық химия - затты талдау әдістері, заттардың химиялық құрамы мен олардың химиялық құрылымын анықтау әдістері және принциптері туралы ғылым. Халық шаруашылығының көптеген саласында қолданылатын химиялық әдістің көптеген түрлері аналитикалық химияға негізделген. Сонымен қатар, өндірістің түрлі саласында да шикізаттың және өнімнің сапасын анықтайтын арнайы аналитикалық бақылау қызмет орындары бар.

Slide 4

Химиялық талдауды орындау үшін қосылыстың немесе оны құрайтын бөлшектердің ерекше көзге түсетін химиялық немесе физикалық қасиеттері болуы тиіс, оны аналитикалық қасиеттер деп атайды. Қосылыстың аналитикалық қасиеттері (қиын еритін қосылыстар тұнбасының түзілуі, газдың бөлінуі, зерттеліп отырған ерітінді түсінің өзгеруі, жалын түсінің өзгеруі және т. б. ) - оның сапасын және сандық үлесін анықтауға мүмкіндік береді, ал осы қасиеттерді көрсететін реакциялар - аналитикалық реакциялар деп аталады. Кез келген ионның аналитикалық қасиетін көрсететін химиялық реактивті реагент деп атайды. Реагенттің әсерінен белгілі бір аналитикалық сигнал пайда болады.

Аналитикалық сингал дегеніміз тұнбаның, түсті қосылыстардың түзілуі, газдың бөлінуі, жалынды өзіне тән түске бояуы және т. б. Аналитикалық сигнал - қосылыстардың сапалық және сандық құрамы туралы мәлімет береді.

Slide 5 Slide 6

Бөлшекті талдау - анықталатын ионды арнайы (спецификалық) реакциялармен кез келген жүйелілікте анықтауға мүмкіндік беретін әдіс.

Бөлшекті талдау деп - анықталайын деп отырған катионды зерттеп отырған ерітіндінің бір бөлігінен, ерітіндідегі басқа катиондардың бар-жоғына қарамастан, арнайы (спецификалық) реакцияның көмегімен анықтайтын әдісті айтады.

Бөлшекті талдау тез орындалатын болғандықтан жүйелі талдаудан тиімді. Мұнда иондары бір-бірінен кезектеп, бөліп жататын ұзақ операция қажет болмағандықтан, керекті ионды біршама тез анықтауға болады. Бөлшекті талдауды жүргізу үшін арнайы (спецификалы) немесе таңдамалы әсер ететін реагенттер керек.

Slide 7

Жүйелі (систематикалық) талдау. Жүйелі (систематикалық) талдау - біршама қиындау, бірақ та жан-жақты, ол иондарды аналитикалық топтарға бөлуге негізделген.

Зерттелетін ерітіндіде көбінесе бірнеше иондар болады, олар бір-біріне ұқсас реакцияға қатысып, бір-бірінің анықтауына кедергі жасайды. Анықталатын ионды ерітіндіден сол ионға кедергі келтіретін иондарды ашып алып, оларды ерітіндіден аластатқаннан кейін ғана кірісетін талдау жолын - жүйелі (систематикалық) талдау деп атайды.

Аналитикалық химияның тәжірибелік мақсаты - заттардың немесе олардың қоспаларының құрамын анықтау. Сол себептен, химиялық талдау қойылатын мақсаттарына байланысты сапалық және сандық болып екі тарауға бөлінеді.

Сапалық талдаудың негізгі мақсаты - зерттелетін заттың сапалық құрамын анықтау, яғни заттың қандай бөлшектерден (атом, ион, молекуладан) тұратындығын табу.

Сандық талдаудың негізгі мақсаты - зерттелетін заттың құрамындағы компоненттердің массалық үлесін немесе грамм мөлшерін анықтау.

Slide 8 Slide 9

Химиялық (классикалық) талдау әдісі химиялық реакцияларға негізделіп жүргізіледі. Химиялық реакциялардың нәтижесінде пайда болған аналитикалық сигналды көзбен шолып байқайды (тұнба түзілу, ерітінді түсінің өзгеруі, газ бөліну және т. б. )

Инструментальдық (аспаптық) әдістер:

Физикалық әдістерде - талдау химиялық реакцияларсыз жүреді, бұл әдіс заттардың физикалық қасиеттеріне негізделген. Мысалы, спектрлі, рентгенструктуралық, масс-спектроскопия, ИК-спектроскопия және т. б.

Физика-химиялық әдістерде талдау химиялық немесе электрохимиялық реакциялардың көмегімен жүреді, бұл реакциялардың нәтижесінде жүйенің физикалық қасиеттері өзгереді. Осы өзгерістерді әр түрлі аспаптардың көмегімен анықтайды. Физика-химиялық әдістерге потенциометрия, кондуктометрия, фотометрия, амперметрия, полярография, хроматография, кулонометрия және т. б. әдістер жатады.

Биологиялық әдістер әлі көп қолданылмайды, бірақ бұл әдістер дәрі-дәрмектерді, дәрі-дәрмек шикізаттарын талдау үшін, атап айтқанда, дәрі-дәрмектің әр түрлі препараттарының биологиялық активтілігін анықтау үшін қолданылады.

Slide 10

Аспаптық талдау əдісінің жіктелуі:

1) Спектрлік - заттардың оптикалық қасиетін өлшеуге негізделген.

2) Электрометриялық - ерітіндідегі заттардың электрлік параметрлерін өлшейді.

3) Радиометриялық - заттардың радиоактивтілігін өлшейді

4) Термиялық- сәйкес процестердің жылу эффектісін өлшеуге негізделген

5) Хромотаграфиялық əдіс - əртүрлі заттардың талғамды сорбциялануға қабілетін қолдануға негізделген.

Slide 11

Аспаптық әдістері рентгенологиялық, эндоскопиялық және ультрадыбыстық зерттеулер жатады.

Эндоскопиялық зерттеу әдістері. Эндоскопия (грек. endon - ішінде, skopeo - қарау, бақылау) әдісі көзбен шолып зерттеу, ішкі органдардың тексеру арқылы олардың ішкі бетінің оптикалық аспаптардың көмегімен (эндоскоптарды), жабдықталған жарық беру құрылғысымен жабдықталады. Сызба түрінде, кез-келген эндоскоп білдіреді полую түтікке байланысты лампочкой, оны енгізеді саңылау зерттелетін органның немесе қуысына. Конструкциясы тиісті эндоскоп, әрине, байланысты формасы, көлемі, орналасу тереңдігі және сол немесе өзге де орган.


Ұқсас жұмыстар
Химиялық талдау
Хирургиялық науқастарды заманауи тексеру әдістері
Зертханалық зерттеу әдістері
Сапалық талдау әдістері
Талдаудың физика - химиялық әдістері
ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Химиялық әдістер
ЭЛИМИНАЦИЯНЫҢ ЕКІ НЕГІЗГІ ӘДІСІ БАР - ТІЗБЕКТІ АЛМАСТЫРУ ӘДІСІ ЖӘНЕ АБСОЛЮТТІК АЙЫРМАЛАР, САЛЫСТЫРМАЛЫ АЙЫРМАЛАР ӘДІСІ
Тексеру әдістері
ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУДЫ ОҢТАЙЛАҢДЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz