Аурудың қоздырғышы


Slide 1

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ "ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ НА ПРАВЕ ХОЗЯЙСТВЕННОГО ВЕДЕНИЯ "ВЫСШИЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ" УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ГОРОДА ШЫМКЕНТ

Презентация

Тақырыбы: Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауру. Белгілері мен симптомдары. Мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру.

Орындағандар: Есенбекова Д.

Қабылдаған: Байдалиева М.

Тобы: ҚБ20А

Slide 2

ЖОСПАР:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

а) АИТВ дегеніміз не?

б) Аурудың қоздырғышы

в) Аурудың диагностикасы, емдеу

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

ЖИТС - жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы - адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындайтын ауру.

АИТВ - дегеніміз адам ағзасында иммун тапшылығы вирусының болуы. Бұл инфекцияны жұқтырғаннан кейін адам өзін ұзақ уақыт (5-10 жыл) бойы сау сезініп жүреді. Дегенмен де, вирус дененің иммундық жүйесін бірте-бірте зақымдай береді. Иммун жүйесінің бұзылуынан адам ағзасы тіпті сау адамдар үшін түкке тұрмайтын түрлі инфекцияларға қарсы тұра алмайтын болады. Мұндай инфекцияларды ««оппортунистік», яғни қолайлы жағдайларды пайдалана алатын деп атайды. АИТВ-инфекциясының соңғы сатысын ЖИТС деп атайды.

Slide 4

Қоздырғыш токсономиясы

Ретровирус туыстастығы, лентивирус туысына (немесе баяу вирус деп те аталады, себебі: қоздырғыш жұқтырылғаннан алғашқы белгісі көрінетін уақыт аралығы бірнеше жылды құрайды. ) жататын лимфотропты вирус. Микроскопиялық және

морфологиялық қасиеті: РНК-лы

вирус, пішіні сфералы, өлшемі 8-10нм

Вирус қабығы 2қабаттан тұрады:

Липидтен, гликопротеиннен.

Slide 5

Дақылдық қасиеті: адамның Т лимфоциті мен моноцитінде болады. Тек басқа организм жасушасында көбейеді.

Инфекциялық қасиеті: Адамдар арасындағы таратушылары- науқас адам

Ауруды тасымалдаушы: антропонозды.

АИТВ инфекциясымен ауырған балалар

Slide 6

Антигендік құрылымы: вирустың 4 типі бар: АИТВ-1; АИТВ-2; АИТВ-3; АИТВ-4.

Тұрақтылығы: химиялық және физикалық факторларға сезімтал. Қанда ұзақ уақыт сақталады. Сыртқы ортаға, ультра күлгін сәулеге төзімділігі төмен, 5% сутегі асқын тотығында, хлорамин ерітіндісінде, эфир, ацетон, 70 градус спиртте оңай тіршілігін жояды. 56 градуста 30 мин, қайнааған суда тез өледі. құрғақ күйінде 4-6 күн тіршілігін сақтайды, суыққа төзімді.

Таралған аймақтары: Жер бетінлегі барлық құрлықта таралған. Әсіресе, Оңтүстік Батыс Африка, Оңтүстік Америка, Еуропада, Орта Азияда.

Slide 7

АИТВ-тың берілу жолдары

%- дық зақымдау (жұғу) әсері

Қан құю

90- нан артық

Перинатальді жұқтыру (жүктілік пен босану)

30

Жыныстық қатынас (вагинальді, анальді, оральді, )

0, 1 - 1, 0

Парентеральді (мед. құралдардың залалсыздығы)

0, 5 - 1, 0

Медперсоналдың залалданған құрал жабдықтармен жарақаттануы

0, 5- тен төмен

Slide 8

ЖИТС-тің симптомдары: Ұзақтығы 1 айға созылатын этиологиясы анықталмаған қалтырау;

Қатты құрғақ жөтелу;

1 айдан астам бойына 2 және одан да көп топтарда лимфожүйенің (шап ауруынан басқа) ұлғаюы;

Салмағының күрт және себепсізден азаюы;

Ұзақ уақыт бойына диарея (1-2 айдан астам) ;

Басының жиі ауруы;

Жалпы әлсіздігі, жадысы мен еңбек қабілетінің төмендеуі, қатты шаршауы;

Ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы, ақшыл қалдық қақтар, жаралар;

Көз көруінің түсініксіз төмендеуі және көзінің көрмеуі;

Өкпенің қабынуы, стандартты терапияға төзімділігі;

Түнде қатты терлеуі;

Бронхиальды және өкпе кандидозы;

1 айдан астам уақыт бойына ұдайы жөтелуі;

Бұрын сау адамның ақыл-есінің кемуі;

Бас миының лимфомасы;

Бұдан басқа да ауыр аурулары.

ЖИТС симптомы көбінесе лимфатикалық жүйесінің ұлғаюы арқылы білінеді.

Slide 9

АИТВ диагностикасы

Зерттеуге алынатын материал ҚАН.

Диагнозды қою кезінде, науқастың ауруына (эпидемиологиялық анамнез) және аурудың клиникалық картинасына дейінгі тыныс- тіршілік жағдайы мен өмір сүру дағдысы туралы мәліметтер маңызды рөлге ие. Алайда көптеген жағдайдаерекшелік түрде серологиялық және вирусологиялық зерттеу жүргізбейінше, диагноз қою мүмкін емес.

Slide 10

Арнайы алдын алу шаралары

Жыныстық партнерлар арнайы АИТВ-ға тексерілу керек немесе мүшеқап (80-90% оң нәтиже) қолдану керек;

Наркотикалық затты қабылдаудан бас тарту;

АИТВ жұқтырылған ана жүкті болса дәрігерлер бақылауында болып заманауи әдіспен босандыру арқасында сәбиге жұқтырмау;

Медициналық манипуляцияларда бірреттік шприцтерді қайта пайдаланбау;

Slide 11

ЕМДЕУ

Белсенділігі жоғары антиретровирусты терапия. Вирустың организмде өніп өсуін тежейді. Иммундық жүйені қалпына кнлтіреді. Екі түлі кластан кеміде үш препарат қабылдау керек. Ауру анықталғаннан уақытты жоғалтпай емдеуді бастаған жөн.

Кері транскриптаза ингибиторлары: Ламивудин, Зидовудин, Абакабир, Тенофобир;

Протеаза ингибиторлары: Ритонавир, Индинавир, Ампренавир, Нельфинавир;

Витаминотерапия

Гепатопротекторлар

Ішек микрофлораын жақсартатын эубиотиктер

Интерферондар

Қажет болса антибиотиктер

Slide 12

Қорытынды

Қорыта айтатын болсам, ҚР АИТВ-жұқпасы таралусының жаңа кезеңі - эпидемияның шоғырланған сатыссына өтуінің негізінде, АИТВ-жұқпассына душар болған жастартың эпидемиялық үрдіске ілігуі жатыр. Соңғы он жилда 1000 адамға шаққанда АИТВ жұқпасы бойсынша өлім деңгейі 2, 7 асеге азайты. АИТВ жұқпассының парентеральты жолмен берілуі 2000 жилмен салыстырғанда 3 асе төмендеп 29% құраса, гетеро жсыныстық қатсынас арқылы берілуі 17 жилда 6, 7 асеге өсіп, 67%-ты құраты.

Slide 13

Пайдаланған әдебиеттер

Аrvt. ru/news/2013-06-13-HIV-lab. Html Современные методы диагностики ВИЧ. . .

Ru. Vikipedia. org/wiki/ ВИЧ

www. Happydoctor. ru/info/45 ВИЧ инфекция


Ұқсас жұмыстар
Қызанақтың бурыл дағы
Әртүрлі инфекциялық аурулар кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер
Инвазия көзі тек адам
Сібір жарасы
Ара шаруашылығы өнімдерін аралардың бактериалы және вирсуты ауруларына байланысты ветеринариялық санитариялық сараптау мен санитариялық бағалау, қарсы күресу және алдын алу шаралары
Сібір жарасының таралуы
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Дәнді дақылдардың ауруларымен күресу, бұршақ дақылдарының ауруларымен күресу
Аурудың өрбуі
Қызылшаның церкоспорозы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz