Айырбас шарты
Презентация қосу
Орталық азия инновациялық "Центрально-Азиатский
университет Халықаралық инновационный
гуманитарлық техникалық университет"Международный
институты гуманитарно-технический институт
Презентация
Тақырып: Айырбас шарты
Орындағандар: Бурабек Н.
Қабылдаған: Сартбаева Ұ.
Тобы: Юр-02
ЖОСПАР:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Айырбас шартына сатып алу, сату ережелері
б) Айырбас шарты бойынша өзара тауар беру
мiндеттемелерiн орындау
в) Айырбас шартының бағасы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы
шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа
тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа
беруге міндеттенеді (бұл ҚР АК 501 бабының
тұжырымдамасы). Айырбас шарты бойынша тараптардың
әрқайсысы басқа тараптың меншігіне бір тауарды, басқа
тауарға айырбасқа беруге міндеттенеді.
Айырбас шартына сатып-алу, сату
шартының жалпы ережелері қолданылады, бірақ
айырбас шартының сатып алу, сату шартына
қарағанда мынандай ерекшеліктері бар:
Айырбас шартында екі тарап та бір мезгілде
сатушы да сатып алушы да болып есептеледі.
Әр тарап айырбас шартында, ақша емес, тауар
алады.
Шарттың тараптары: азаматтар, заңды
тұлғалар. Шарт тараптарының арнайы аты жоқ.
Айырбас шарты бойынша әр тараптың
меншік құқығы тауарды беру міндеттемесі
орындалған кезден бастап пайда болады.
Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы
мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана
пайда болады.
Айырбасталған тауарға үшінші
тұлғалардщың құқығы болмауы керек. Егер бұл
ереже сақталмаса, кінәлі тарап, келтірілген
шығынды өтеп қана
Қоймай, алынған тауарды қайтаруға тиіс.
АЙЫРБАС ШАРТЫ БОЙЫНША
ӨЗАРА ТАУАР БЕРУ
МIНДЕТТЕМЕЛЕРIН ОРЫНДАУ
Шартқа сәйкес айырбасталатын
тауарларды беру мерзiмдерi тұспа-тұс
келмейтiн жағдайларда тауар беруге тиiстi
тараптың тауарды беру мiндеттемелерiн
басқа тарап тауар берген соң орындауына
өзара мiндеттемелердi орындау туралы
ережелер қолданылады.
Айырбас шарты өзінің заңды табиғатына сәйкес
консенсуалды, өзара және өтеулі шарт болып табылады.
Айырбас қатынастары тек тауарларды басқа бір тауарға
айырбастағанда емес, сонымен бірге тауарларды белгілі
бір қызмет, жұмысқа айырбастағанда орын алады, әсіресе
егер бір тарап екінші тарап одан белгілі бір затты жасау
үшін материалын артығымен беретін болса. Зат қызметке,
жұмысқа айырбасталса, онды мердігерлік қатынастарын,
ақылы қызмет көрсету бойынша қатынастардың
құқықтық реттелуінің ерекшелігін, туындайтын
міндеттемелердің мәнісін ескеру керек. Айырбас
қатынастарына – бір тауармен екіншісін айырбастағанда,
олардың құны бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты
тараптардың бірі қосымша ақшалай өтемақы беретін
жағдайларда жатады.
Егер шартта немесе заңнамада өзгеше көзделмесе айырбас шарты сатып
алу-сату шартының ережесіне сәйкес жүргізіледі. Сондқтан, бұл
мәміленің нысанына, оны мемлекеттік тіркеу бойынша талаптар сатып
алу-сату шарты бойынша қойылатын талаптарға тең болып келеді.
Шарттың тараптары болып азаматтар, заңды тұлғалар танылады.
Айырбас шартының ерекшелігі, мемлекет және әкімшілік-аумақтық
бөліністердің осы шарттары жасау мүмкіншілігі өте төмен болып
келеді. Бұл жерде мәселе азаматтардың меншігіндегі тұрғын үйлерді,
жер учаскелерін мемлекет қажеттілігіне алу жағдайына қатысты
көтеріледі.
Айырбас шартының бағасы
Айырбас шартының бағасы тараптардың әрқайсысы беретін
мүліктің құнымен анықталады. Жалпы ерекше сәйкес,
айырбасталатын мүліктің құны тең деп танылады. Айырбасталатын
мүліктің құнының айқын теңсіздігі орын алса ғана теңсіз айырбас
туралы айтуға болады. Мәміле нотариатты рәсімделетін болса, онда
бұл жағдай нотариатта мәміленің жарамдылығы жөнінде белгілі бір
күдік тудыруы қажет.
Заттар бағасының бір-бірінен елеулі айырмашылығы болса, парасат
ойға негізделсек, осыған қатысты келіспеушілікті құқығы
бұзылатын тарап айтуы керек. Ал, айырбасталатын мүліктің
бағасының айырмашылығы аз болса, заттардың құнының теңдігі
туралы презумпцияны өолдану керек (ҚР АК 502 бап 1-тармақ).
Айырбас шарты бойынша бағасы ақшалай көрсетілмеуі мүмкін.
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс
орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi
бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай
құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай
мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа,
орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн,
бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды,
себебi оларда қол жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның
барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама)
оңды (пайдалы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк
шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге
асырылатын қызмет те реттеледi.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтатын болсақ, жұмыс атқаратын тұлғаның қызметi жалпы
түрде реттеледi, өйткенi ол тұлға мердiгерлiк шарттың жағдайларына
сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар,
құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қызметiнiң
нәтижесiнде оны беру бойынша мiндеттi де қамтиды. Сондықтан
мердiгерлiк шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетiлген қызметтi
реттеу бойынша ережелерiмен елеулi ерекшеленсе де, жасалған мүлiктiң
өзi және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердiгерлiк шартының
тараптардың құқықтары мен мiндеттерi бойынша сатып алу-сату
шартымен ортақтығы болып келетiнiн тануымыз мүмкiн. Азаматтық
құқықтық әдебиеттер еңбек және мердiгерлiк қатынастардың жақындығы
жөнiнде айтылады. Бiрақ негiзiнен мердiгерлiк қатынастарды сатып алу-
сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары
олардың әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және мiндеттерi
жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрiнедi.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР:
ҚР Азаматтық кодексі;
stud.kz сайтының мәліметтері
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz