Алтай таулы аймағы
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Презентация
Тақырыбы:Қазақстанның Алтай таулы аймағы
Орындаған: Илес Е.
Тобы: ТП-20-19К
Қабылдаған:
Нұртілеуова. С
Алтай таулары
Алтай, Алтай тау жүйесі — Азия құрлығының орта
тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа
қарай 2000 км-ге созылып жатыр.
Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан
территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді
Алтай — Шығыс Қазақстан облысы), Моңғолия (Гобь
Алтайы — Баян-Өлгей аймағы, Ховда аймағы, Алтай
аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай
Республикасы), Қытай (Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялы
өлкесінің, Алтай аймағы).
Географиялық орны
Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа
қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан-
жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара
Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс
бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді.
Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы
жотасы Батыс Саянмен жалғасады
Алтай қырандары
Оспан батыр (Оспан Исламұлы) (қаз. Оспан батыр; اتىر EEE ;وسپان بтүр. Osman Batur; қыт. 欧斯曼
· 巴图尔 ; (1899—1951) — 20 ғ. алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін
күрескен ұлт азаттық қозғалысының көсемі. Алтай қазағы.
Қанат Исламұлы (13 қыркүйек 1984 жыл, Шыңжаң, Қытай) — қазақ кәсіпқой боксшысы, WBA
FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Яғни, Қанат Ислам орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб
аймағының үздігі. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама
командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем
чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін
чемпионы. Ұлты - қазақ. 2010 жылы азаматтығын ауыстырып, атамекені Қазақстанға көшіп
келіп "Астана Арландары" кәсіби клубының мүшесі болып 2012 жылға дейін өнер көрсеткен.
Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып 12 жекпе жек өткізіп онын
нокаутпен жеңіске жеткен. Лақап аты - Қазақ.
. Таңжарық Жолдыұлы (15.3. 1903. ҚХР, Іле аймағы, Күнес ауд. - 6.8.1947, сонда) - ақын.
Кейін Қытай мектебінде (1917), Қазақстанда Кеген, Нарынқол аудандарында жеті жылдық
мектепте (1922 - 25) оқыған. Қазақ жазушыларының еңбектерімен кеңінен таныс болған. Өзі де
өлең жазып, айтысқа катысқан. Т. Шыңжаңда мұғалім, "Іле" газетінде редактор (1936) болып
кызмет істеген. Таңжарық 1940 - 46 ж. Қытайдағы солақай саясаттың кесірінен тұтқындалып,
түрмеге жабылған. Оның "Жастарыма", "Осы таң кімнің таңы?", "Оқып көр газетімді",
"Көңілім қалды, торықты", "Абақтыда кім жатыр?", "Ақын сыры", "Еліме" өлеңдері осы
кезде жазылған. "Өткен күндерім" (1942), "Қоштасу"(1941 - 42), "Қасқыр мен Бөрібасар" (1934
- 43), т.б. толғау жырлары мен "Назигүл" (1943) дастанының авторы. "Алғашкы жинақ" (Құлжа,
1948), "Армантау" (А, 1974) жинақтары жарық көрген.
Алтай қырандары
Өзен-көлдері мен мұздықтары
Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан,
мұздықтардан алады. Ең үлкені - Ертіс. Оған Кендірлік Күршім, Бұқтырма,
Үлбі, Үбі, т.б. өзендер кұяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр
стансалары салынған. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға жәнe республиканың
басқа жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішінде Ақ
Берел, Тұрғысын, Березовка, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғұты,
Ұлан, Білезікті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Қайыңды, Бөкен, Бұлғын т.б.
өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, Нарын мен Күршімге
құяды.
Алтай көлге де бай. Бұқтырма, Зайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл, т.б.
көлдердің ауданы 1 км2-ден асады. Көлдердің ең үлкені - Зайсан (ауданы 5510
км2), Марқакөл (ауданы 455 км 2). Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда
орналасқан.
Қазақстандық Алтайдың тауларында 328 мұздық бар. Олардың жалпы
ауданы 89,6 км2. Мұздықтар негізінен 2600 м-ден жоғары тау биіктіктерінде
жатады. Олар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты тау
жоталарында көбірек сакталған.
Мұзтау
Мұзтау - Алтай тау жүйесінің Ресей және Қазақстан жеріндегі
ең биік шыңы (4506м). Қатын жотасының шығыс жағын ала,
Қазақстан мен Алтай өлкесінің (Ресей) әкімшілік шекарасы
маңында жатыр. Ұшар басында Үлкен, Кіші Берел, Меңсу, т.б.
мұздықтары бар, бұлардан Қатынсу өзені бастау алады.
Мұзтауды қазақтар Ақсүмбі, Ақтайқы деп
атаса алтайлықтар Үч сумер деп атайды. Алтайдың Мұзтаудан
кейінгі екінші биік шыңы - Бесбоғда теңіз деңгейінен 4374 м
биіктікте, Қытай мен Моңғолия шекарасында орналасқан.
Үшінші биік шыңы теңіз деңгейінен 4362м биіктіктегі
Мөнххайрхан тауы.
Көктоғай ауданы
Көктоғай ауданы (ұйғ. EاھىيىسىE ; ْخك ْتكاَي نKöktoqay
nahiyisi, қаз. EنىEوكتوعاي اۋداE; ك Көктоғай ауданы)
немесе Фуюнь уезі (қыт. 富 蕴 县 ) — Қытай Халық
РеспубликасыШинжәң Ұйғыр автономиялық районы Іле
Қазақ аутономиялық облысының Алтай
аймағына қарасты әкімшілік-территориялық құрылым.
Әкімшілік орталығы — Қуертіс кенті.
Тарихы және Географиясы
Көктоғай 1937 жылы Бурылтоғай
ауданынан жеке бөлініп шықты. 1959 жылы
әкімшілік орталығы Көктоғай кентінен Қуертіс
кентіне ауысты.
Аудан солтүстігінде Моңғолиямен, шығысында
— Шіңгіл ауданымен, батысында — Бурылтоғай
ауданымен, оңтүстігінде — Чанцзы-Хуэй
автономиялық аймағымен шекараласады.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, бұл тау жоталары шамамен 500 миллион жыл бұрын
пайда болды. Жалпы аумағы 2 мың шақырымға созылған. Осы тау
жүйесінің бір бөлігі Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының
маңында орналасқан. Бұл аумақта шамамен 15 тау тізбегі бар. Ең биік
шыңы – Мұзтау (Белуха). Ол қарлы беткейлерімен, өткір шыңдарымен,
көркем көлдерімен және мұздықтарымен ерекшеленетін Қатын таулар
тізбегінде орналасқан. Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін альпинистердің
негізгі бөлігі осы шыңды бағындыру үшін келеді. Эвересттен екі есе
төмен болғанына қарамастан, бұл тауға көтерілу өте қиын және қайғылы
оқиғаларға жиі әкеледі. Алтай жері өзен-көлдерге бай. Осы жерде Шүй
және Қатын өзендері пайда болып, қосылу арқылы Ресейдегі ең ірі
өзендердің бірі Обь қалыптасады. Сондай-ақ, Ертіс, Ұрсұл, Арғұт, Чуя,
Шұлышман сияқты өзендер бар. Оның көлдерін де ерекше атап өту керек,
олардың саны 20 мыңнан асады және әр көлдің өзіндік бояуы бар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz