Ұрық жапырақшаларының туындылары
Презентация қосу
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
және инжиниринг университеті
Нейруляция. Нейрула. Ұрық жапырақшаларының
туындылары.
дайындаған : Казыгул Д. тобы: БИО 21-1
Сабила А. тексерген: Ирисгелдиев Қ.
Органогенез
Органогенез (гр. organon – орган, мүше және ...генез) – эмбриогенезде
мүшелердің түзілу үдерісі. Жануарлар мүшелері мен мүшелер жүйесінің
пайда болу және даму сатысы. Органогенез гаструла сатысынан кейін
басталады. Мүшелердің әрқайсысынан бұрынғы белгілі орында, бұрынғы
белгілі жасушалар тобынан негізделіп, қалыптасады.Ол 2 кезеңге
бөлінеді.1-ші кезең нейруляция. Бұл фазада нерв түтігі және хорда
қалыптасады. 2-ші фазада ұрықтың қалған мүшелері пайда болып,
олардың өздеріне тән пішіндері мен құрылысының өзара үйлесімділігі
қалыптасады. Сонымен бірге оның дамуына тұқым қуалау ақпаратының
негізі қаланған ДНҚ молекулалары ғана емес, оны қоршаған ұлпалар,
жасушалар, олардың химиялық заттары әсер етеді.
Ғалымдар қазіргі кезде ұрық жапырақшасының
қайсысынан қай мүшелер жүйесінің түзілетінін
толық анықтады. Ұрық жапырақшаларының
теориясын жете тексеруге орыс биологі A. О.
Ковалевский (1840-1901) орасан зор үлес қосты
және осы заманғы ұрық жапырақшалары
теориясының заңды түрде негізін қалаушы деп
есептеледі. Ең соңғы зерттеулерде теорияға
аздаған толықтырулар енгізілді. Бұл ашылған
жаңалықтың эволюциялық теорияны дәлелдеу
кезінде орасан зор маңызы болғандығын атап
көрсету жөн.
Ұрықтық дерттенуді, зерттеулердің себебін
айқындау кезінде эмбриологтар күні бүгін
пайдалануда.
Сонымен ұрық жапырақшалары былай
орналасады: сыртқы қабаты - эктодерма,
ортаңғы қабаты - мезодерма, ал ең ішкі қабат -
энтодерма. Ал олардың түзілуінде аздаған
жүйелік өзгерістер бар. Ең алдымен сыртқы
эктодерма және ішкі - энтодерма оңашаланады,
ал бұдан соң олардың аралығынан мезодерма
орнығады. Энтодерманы ішек қуысы
астарлайды.
Ұрық жапырақшаларынан мүшелер мен
жүйелердің түзілуі
Эктодерма
Жануарларда жабындары. Адамда және өзге Мезодерма
сүт-қоректілерде терінің үстіңгі кабаты Тері Өзге жүйе мүшелері: бұлшықет, сүйектер,
туындылары: май және тер (сүт) бездері, шаш байламдар, сіңірлер Қантарату жүйесі:
және тырнақ, жануарларда мүйіз және тұяқ жүрек, тамырлар, қан.Несеп-жыныс жүйесі:
Сезім мүшелері, жүйке жүйесі (ми және бүйрек, несепағарлар, қуық және жыныс
жұлын, т.б.) мүшелері
Энтодерма
Барлық асқорыту мүшелері: қарын, ішек, өңеш,
т. б. Барлық бездер (тері безінен өзгесі),
асқорыту бездері де: бауыр, ұйқыбез, калқанша
без, гипофиз бөлігі, бүйрекүсті безі және т. б.
Тынысалу жүйесі: өкпе, кеңірдек, ауатамыр
және т. б.
Эмбриогенез факторлары
Ұрықтың дамуына сыртқы да, ішкі де көптеген факторлар әсер етеді. Радиация, иондағыш сәулелену,
уландырғыш заттардың әсері өте қауіпті. Алкоголь, никотин, кептеген дәрі-дәрмектер қабылдаудан адам
мен жануарларда туа пайда болатын дерттерді дамытуы мүмкін. Бұдан басқа дамып келе жатқан ұрық
бөлігі өзара химиялык әсерлесіп, біріне-бірі өзара ықпал ететіні дәлелденді. Қосмекенділердің
бөлшектену кезіндегі жұмыртқажасушаларына өте көп сынақтәжірибелер жасалды. Өйткені бұл
жануарлардың уылдырықтары аналық ағзасынан тысқары дамиды және әкқабығы (скорлупа) жоқ.
Бөлшектенуге сперматозоид және ұрықтану болмаса да жағдай жасауға болады. Ол үшін жұмыртқа
жасушасын жіңішке инемен тесуге немесе химиялық әрекет жасаса, жеткілікті. Екі бластомерден тұратын
ерте бластула сатысындағы бластомерлерді белуге болады. Олардан толық жарамды ағзалар жарып
шығады. Алайда бластомердің біреуін өлтірсе, бірақ екіншісінен бөліп алмаса, онда тұтастай тірі қалған
бластомерден тіршілік ете алмайтын итшабактың жарты денесі ғана пайда болады. Осы және көптеген
басқа сынақтәжірибелер ғалымдардың ұрықтық даму заңдылығын анықтап, адамға арналған екіқабаттық
гигиенасының негізіне жататын кағида жасауға мүмкіндік берді.
Назарларыңызға рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz