Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру негіздері
Презентация қосу
Кәсіпорынның инновациялық
қызметін ұйымдастыру негіздері
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар
• 1. Инновация, инновациялық қызмет дегеніміз
• 2. Инновациялық қызметті атқарушы тұлғалар
• 3. Инновациялық қызметтің бағыттары
• 4. Инновацияның негізгі түрлері
• 5. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен алғышарттары
• 6. Қорытынды
• 7. Әдебиеттер
Инновация
• Инновация сөзі 1440 жылдары француз тіліндегі «жаңғыру немесе
жаңару» әлде «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағыналарды білдіретін,
«innovation» сөзінен пайда болған.
• Инновация: 1) техникалар мен технологиялардың ауысуымен
қамтамасыз етуге байланысты экономикаға қаржы жұмсау;
• 2) ғылыми техникалық прогрестің жетістігі нәтижесінде жаңа техника
мен технология. Инновацияны анықтайтын фактор ─ ол өнертапқыштық,
оңтайландыру, ірі жаңалықтарды жарыққа шығару болып табылады.
Инновациялық қызмет
• Инновациялық қызмет ─ бұл әр түрлі тәсілдердің, факторлардың өзара әрекет етуі және
ғылыми зерттеулермен, жаңа өнім түрлерін жасаумен, еңбек құралдары мен құрал-
жабдықтарды жетілдірумен, ғылым мен техниканың жаңа жетістеріне сәйкес
технологиялық процестер мен өндірісті ұйымдастыру формаларымен, жоспарлаумен,
қаржыландырумен және ҒТП-тің басқаруымен, экономикалық тетіктер мен стимулдарды
жетілдірумен айналысатын басқару органдарының күрделі динамикалық жүйесі; ҒТП-тің
интенсивті дамуын жеделдетуге және оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеруге
бағытталған өзара шарттастырылған кешендерді реттеудегі шаралар бойынша өңдеу
жүйесі болып табылады.
• Қысқаша айтқанда инновациялық қызмет- инновацияларды жасау, игеру және пайдалану
бойынша қызметтер.
Инновациялық қызмет
Инновациялық қызмет көпшілік жағдайда
ғылыми, техникалық идеялардың жүзеге
асырылуымен, нарық сұранысына сәйкес
нақты өнім мен технологиялардың
өңдеулерімен байланысты болып келеді.
Нарықтық экономика жағдайында
инновациялық қызметті басқару механизмінің
экономикалық жетілдіруді қалыптастырудың
қажетті негізгі шарты инновациялық
кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.
Инновациялық қызметті атқарушы тұлғалар
• 1. инновацияны жасаушы жəне іске асырушы
жеке жəне занды тұлғалар;
• 2. технополистер, технологиялық парктер,
технологиялық инкубаторлар, инновациялық
қорлар, инновациялық орталықтар жəне
инновациялық қызмет инфрақұрылымының өзге
де ұйымдары;
• 3. инновациялық қызметті реттеуге қатысатын
мемлекеттік органдар;
• 4. инновацияларды жасаушылар мен
тұтынушылардың мүдделерін білдіретін жəне
қорғайтын қоғамдық бірлестіктер
Инновациялық қызметтің бағыттары
• Инновациялық қызметтің үш: белсенді, қарсы, енжар (баяу) бағытын ажыратып көрсету
қажет.
• Белсенді бағыт кәсіпорынның нарықтағы жағдайын, оған сыртқы факторлардың
(мүмкіндіктер, қауіп-қатерлер) әсерін егжей-тегжейлі зерттеуге негізделіп жасалған
стратегияға байланысты.
• Қарсы бағыт бәсекелестердің іс-әрекеттеріне қарсы жауап беру ретінде іске асырылады.
• Енжар бағыт айқын құрылған стратегия, нарық, бәсекелестер, тұтынушылардың
болашақтағы сұраныстары жайында анық ақпарат болмаған кезде таңдалып алынады. Ол
өндіріс көлемі төмендей бастаған, ал тұтынушылардың талаптарын енді ескермеуге
болмайтын жағдайда жүзеге асырылады.
Инновацияның негізгі түрлері
Инновациялық қызмет кәсіпорынның жұмыстары мен кезеңдерінің орындалуын қарастырады.
Осы жұмыстардың көлемі мен мазмұны инновацияның түрлеріне және кәсіпорынның бар
әлеуетіне байланысты. Инновацияның негізгі түрлерін қарастырайық:
Инновацияның негізгі түрлері
• Инновацияның мынадай түрлері болады:
1.Жаңалығына байланысты:
• базистік инновациялар, олар ірі зерттеулерді жүзеге асырады;
• жақсарту инновациялары, кіші және орташа зерттеулерді іске асырады;
• жалған инновация, техника мен технологияның ескірген бөліктерін біртіндеп жақсартуға
қолданылады.
2.Қолданылуына байланысты:
• өнімдік инновациялар ─ жаңа өнімдерді шығарып, қолдануға бағытталған;
• технологиялық инновациялар ─ жаңа технологияларды шығарып, қолдануға бағытталған;
• әлеуметтік инновациялар, жаңа құрылымдарды құруға бағытталған;
• нарықтық инновациялар, жаңа нарықтардағы өнімдер мен қызмет етуді тұтынуды іске асыруға
бағытталған.
Инновацияның негізгі түрлері
1.Шығу көздеріне байланысты.
• ғылым мен техниканың дамуынан пайда болған инновациялар;
• өндірістің қажеттілігінен пайда болған инновациялар;
• нарықтың қажеттілігінен пайда болған инновациялар.
2.Қайта өндіру процесіндегі рөліне байланысты:
• тұтыну инновациялары;
• инвестициялық инновациялар.
3.Масштабына байланысты:
• күрделі инновациялар;
• жай инновациялар.
Кәсіпорынның
инновациялық қызметінің
мәні мен алғышарттары
Кәсіпорынның инновациялық қызметі ─
бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не
қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа
әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-
техникалық және зияткерлік әлеуеттік
шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты,
сонымен бірге жалпы пайдалы
жаңалықтарға қоғамның мұқтажын
қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметінің
мәні мен алғышарттары
• Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
• жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін, техниканың
жаңа түрлерін, жаңа конструкцияның және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық
жұмыстарды жүргізу;
• өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;
• жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
• қажетті өнімді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтардан өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
• жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді әзірлеу және
енгізу;
• қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
• қажетті ғылыми зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық
беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
• лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;
• инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Қорытынды
• Инновация – «Тәжірибелік қызметте немесе жаңа қызмет тәсілдерінде қолданылатын
жаңа не жетілдірілген технологиялық процесс түрінде көрініс тапқан инновациялық
қызметтің ақырғы нәтижесі»
• Инновациялық қызмет- инновацияларды жасау, игеру және пайдалану бойынша
қызметтер.
• Кәсіпорынның инновациялық қызметі ─ бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не
қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-
техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты,
сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы
үшін пайдаланылады.
Әдебиеттер
• 1.
https://www.stud24.ru/innovation/ksporynny-innovaciyaly-
yzmet/429116-1523885-page3
.html
• 2. https://helpiks.org/8-62899.html
• 3.
https://thepresentation.ru/menedzhment/ksporynny-innova
tsiyaly-strategiyasy
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz