Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру және тәрбие жұмысының әдістемелік негіздері

Slide 1

БӨЖ № 4

Сынып жетекшісі қызметін ұйымдастыру

Орындаған: Карлыбаева Г.

ДДО-101 тобы

Slide 2

Сынып жетекшісінің қызметі

Сынып жетекшісі жалпы білім беретін мектепте - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, үйлестіруші және өткізуші педагог.

Сынып жетекшісі - мектеп пен баланың арасындағы қарым-қатынас жүйесін сынып ұжымының тәрбиелік қызметінің санқырлы түрлері арқылы ұйымдастыратын кәсіби педагог, әрбір оқушының жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасайды және өз қызметін мектептің оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесі арқылы жүзеге асырады.

Slide 3

Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік мақсаты

Сынып жетекшісі қызметінің мақсаты - оқушының өзін-өзі дамытуына және өзін-өзі жүзеге асыруына, оның қоғамда табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау.

Баланың қабілеті мен оптималды даму мүмкіндіктерінің дер кезінде анықталуына, олардың қорғалуы мен қауіпсіздігіне, эмоционалдық жайлылықтарына психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу.

Тәрбиеленушілердің әлеуметтік ортада қолдана алатын өмір тәжірибесінің: қазіргі және болашақ ересек өмірінде өзін-өзі дамытудағы, өзін-өзі анықтаудағы және өзін-өзі жүзеге асырудағы білімінің, біліктілігі мен дағдыларының қайнары ретіндегі саналуан шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық маңызды қызметтерін ұйымдастыру.

Өзара байланыста тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынасын ұйымдастыру.

Slide 4

Сынып жетекшісі қызметінің тәрбиелік міндеті

сынып ұжымын қалыптастыру мен дамыту;

тұлғаның дамуына, әрбір оқушының өз орнын табуына, оның қайталанбас потенциалдық қабілеттерінің сақталуы мен ашылуына қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу;

салауатты өмір салтын қалыптастыру;

қарым-қатынас жүйесін сынып ұжымының тәрбиелік қызметінің әртүрлі формалары арқылы ұйымдастыру;

оқушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;

оқушылармен сыныпта жүйелі жұмыс ұйымдастыру;

оқушылар арасындағы және оқушылар мен педагог қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты гуманизациялау;

оқушыларда адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарлар қалыптастыру;

оқушылардың әлеуметтік маңызды, шығармашылық қызметтерін ұйымдастыру

Slide 5

Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне жататындар:

сынып ұжымы қызметін ұйымдастыру;

сынып ұжымының оқу жұмысын ұйымдастыру;

сыныптың оқудан тыс өмірін ұйымдастыру;

оқушы тұлғасын зерттеу.

оқушыларды әлеуметтік қорғау.

ата-анамен жұмыс.

Slide 6

Сынып жетекшісі:

өзінің тәрбиелік мақсатын көре және құра білуді;

өз сыныбында тәрбие жұмысының жоспарын жасауды;

тәрбиелік шараларды өткізуді;

ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізуді;

өзінің жеке іскерлігін және жауапкершілігін үлгі ете және балалардың белсенділігін, жауапкершілігін дамыта отырып, балалармен қарым-қатынас жасауды;

психологиялық - диагностикалық тесттерді, сауалнамаларды, басқа да диагностикалық әдістемелерді пайдалануды және оларды тәрбие жұмысында дұрыс қолдануды білуі керек.

Slide 7

Сынып жетекшісі білуі керек:

ҚР «Білім туралы» заңын;

Бала құқығы туралы Конвенцияны;

педагогиканы, педагогикалық психологияны, валеологияны, мектеп гигиенасын;

тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;

еңбектің заңнамалық негіздерін.

Slide 8

Сынып жетекшісінің қызметтік міндеттері:

журнал жүргізеді;

оқушылардың жеке іс қағаздарын жүргізедіі және олардың дұрыс сақталуын қадағалайды;

сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен жұмыс жасайды, оқушыларды бағыттап отырады;

аға кезекшінің жұмысын ұйымдастырады және оған көмектеседі;

сыныптағы, мектептегі, асханадағы кезекшілікті ұйымдастырады;

бекітілген кабинеттің санитарлық жағдайын бақылайды;

тәрбиеленушілердің сыртқы түрлеріне қамқорлық жасайды;

тамақтануды ұйымдастырады

сыныптың қажеттіліктерінің қаржылық қанағаттандырылуына қамқорлық жасайды (сынып қоры, әртүрлі қызмет көрсету жұмыстарына ақы төлеу т. б) ;

оқушылардың сабаққа қатысымын бақылау, ата-аналармен бірлесе отырып, себепсіз сабаққа қатыспайтындарды бақылауға алады;

оқуға қолайлы жағдай туғызу;

сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерінің қызметін үйлестіреді;

оқушылардың күнделіктерімен жұмыс істейді, оқушылардың сабақ үлгерімі бойынша ата-аналармен байланыс жасайды;

Slide 9

неғұрлым дарынды балалардың дамуына, олардың танымдық қызығушылықтарының артуына, олардың ой-өрісін кеңейуіне ерекше жағдай туғызады (үйірмелерге, факультативтерге, байқауларға, викториналарға, олимпиадаларға, сайыстарға қатыстырады, театр, көрмелерге экскурсия ұйымдастырады т. б)

психологты оқушылармен ақыл - ой еңбегін ұйымдастыруға қатыстырады (әңгімелесу циклы, жеке ұсыныстар) ;

сыныпта қолайлы микроклимат құрады, жағымды тұлғааралық қатынас қалыптастырады, түзейді және бағыттап отырады;

сыныптағы шығармашылық істерді ұйымдастырады;

балалардың денсаулығын нығайтады, оқушыларды дене шынықтаруға, спортқа тартады;

балалардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарының қызметіне көмектеседі;

айына бір рет тақырыптық сынып сағатын өткізеді; пән мұғалімдерінің, ата-аналардың пікірлерін ескере отырып, қолданылып жүрген әдістемеге сай оқушылардың жеке тұлғасын зерттейді; оқушыларға мінездеме беру жұмысымен айналысады;

оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі;

Slide 10

егер сыныпта ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар боласа олардың құқықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етеді; әлеуметтік педагогпен ынтамақтастықта әрекет етеді;

әлеуметтік жағынан қорғалмаған оқушылар категорияларын тауып, оларды есепке алады;

қолайсыз отбасылардың балаларын тауып, оларды есепке алады;

«қиын» жасөспірімдердің, «тәуекел тобындағы»оқушылардың және есепте тұрғандардың тәртіптерін қадағалайды;

тоқсанға бір рет тақырыптық ата-аналар жиналысын өткізеді;

отбасындағы тәрбие жағдайын зерттейді;

ата-аналармен жеке жұмыс жүргізеді;

ата-аналарды сыныптан тыс шаралар ұйымдастыруға тартады.

Slide 11

Өз қызметін жүзеге асыра отырып сынып жетекшісі жылдың басында:

сыныптың тізімін жасап, сынып журналын жасақтайды (алғашқы оқу аптасының басында)

мектеп кітапханасынан оқулықтар алуды ұйымдастырады (бірінші-екінші оқу күндері барысында)

оқушылардың отбасындағы тәрбиелік жағдайын зерттейді (алғашқы оқу тоқсаны барысында) ;

сыныптың әлеуметтік төлқұжатын жасап немесе нақтылап, әлеуметтік педагогқа тапсырады (бірінші оқу тоқсаны барысында) ;

сынып оқушыларының қосымша білім беру мекемелеріне қатысымы жөнінде толық ақпарат жинайды (қазан айында) ;

оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту мақсатында оларды әртүрлі қызметке, соның ішінде қосымша білім бірлестіктеріне тарту бойынша жұмыстар жүргізеді (бірінші тоқсан бойына) ;

сынып өмірінің қызметін жартыжылдыққа немесе бір жылға ұжымдық жоспарлауды ұйымдастырады ( қыркүйек бойына) ;

сыныптың тәрбие жоспарын құрастырады, оны сынып жетекшілері бірлестігінің жетекшісімен келістіргеннен кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына бекітуге тапсырады (қыркүйек бойына) ;

Slide 12

күнсайын:

сынып журналына жоқ оқушыларды белгілейді;

сынып оқушыларының өзін-өзі басқару органы мен мектептің өзін-өзі басқаруындағы сынып өкіліне педагогикалық көмек көрсетеді;

оқушылардың сыртқы түрін және оларда ауысымдық аяқ киімнің болуын қадағалайды;

оқушылардың тамақтануларына және олардың асханадағы өз-өздерін ұстау мәдениетіне бақылау жасайды;

сынып бойынша кезекшілікті бақылайды;

Slide 13

аптасайын:

оқушылардың күнделіктерін тексереді;

пән мұғалімдерінің сынып журналын жүргізулерін қадағалайды;

сынып сағатын өткізеді және (немесе) жартысағаттық ақпарат алысу және жүздесу ұйымдастырады;

мектептің сыныпқа бөлінген жер телімінің санитарлық жағдайына бақылау жасайды;

оқушылардың тамақтануына ақша жинауды ұйымдастырады

Slide 14

айсайын:

сынып ұжымының мектеп істеріне қатысымын ұйымдастырады;

оқушылардың өзін-өзі басқару органына сынып ұжымы қызметінің қорытындысын шығаруға көмектеседі;

жолда жүру ережесі бойынша сабақтар жүргізеді және техника мен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша жоспарлы нұсқаунамалар беріп отырады;

оқу кабинетінің және сыныпқа бөлінген жер аумағына тазалық күндерін ұйымдастырады;

жалпымектептік кештерде және өзге де шараларда кезекшілік атқарады (кезекшілік кестесі бойынша) ;

ерекше педагогикалық қамқорлықты қажет ететін өз сыныбының үйірме, секция, клуб, басқа да оқушылар бірлестіктеріне қатысымдарын қадағалайды;

Slide 15

тоқсан бойына:

оқушылардың денсаулықтарын қорғау бойынша медицина қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды ұйымдастырады;

оқушылардың өзін-өзі басқару органына сынып ұжымы қызметін ұйымдастыруға көмектеседі (ағымдағы ұжымдық жоспарлау, істі ұйымдастыру және ұжымдық талдау) ;

сыныптың мектеп бойынша кезекшілігін ұйымдастыру (кезекшілік кестесі бойынша) ;

әлеуметтік педагогты, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын немесе директорды оқушылардың ауытқымалы мінез-құлықтары, оқушылардың мектеп ережесін өресел бұзғандығы, өз оқушыларын әлеуметтік қорғау қажеттілігі туралы дер кезінде хабардар етіп отырады, және сонымен қатар қажетті педагогикалық шараларды қолданады;

мектеп оқулықтарының жағдайына бақылау ұйымдастырады;

сынып оқушыларының қосымша білім беру бірлестіктеріне қатысымы жайлы ақпараттарды анықтап нақтылайды;

педагогикалық консилиумдар өткізеді;

ата-аналар жиналысын өткізеді;

сыныптың ата-аналар жиналысын өткізеді;

сыныптың ата-аналар комитетінің жұмысын ұйымдастырады (комитеттің жұмыс жоспарына сәйкес) ;

сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысына, тәрбие жұмысының мәселелеріне арналған семинар, кеңестерге, сынып жетекшісінің педагогикалық шеберліктерін арттырумен байланысты басқа да шараларға қатысады.

Slide 16

тоқсан соңында:

өткен тоқсандағы оқушылардың оқу және өмір сүру қызметінің қорытындысын шығаруды ұйымдастырады;

директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сынып үлгерімі туралы есеп және толтырылған сынып журналын тапсырады;

каникул кезінде:

сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің каникул кезіндегі жұмысына қатысады;

өзін-өзі басқару органымен, қоғамдық ұйымдармен, оқушы белсенділерімен, ата-аналармен өз сыныбының каникул кезіндегі шараларын ұйымдастырады;

Slide 17

оқу жылы аяғында:

оқу жылындағы сынып өмірінің қорытындысын шығарады және сынып белсенділерімен (өзін-өзі басқару) сыныптың есеп беру-сайлау компаниясын ұйымдастырады;

сыныптың оқу-тәрбие жұмысының барысы мен қорытындысына педагогикалық талдау жасайды және оны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына (өткен жылдың оқу-тәрбие жұмысының есебі формасында) тапсырады;

кітапханаға мектеп оқулықтарын тапсыруды ұйымдастырады;

сынып бөлмесін жөндеуді ұйымдастырады;

ата-аналардан балалардың жазғы демалысы туралы мәлімет жинақтайды.

Мектеп бітіруші сыныптың жетекшісі:

түлектердің болашақтағы оқу және еңбекке орналасу жоспары туралы мәлімет жинақтайды (соңғы оқу жылы бойына) ;

оқушылармен және олардың ата-аналарымен өз сыныбының мектеп бітіруіне арналған шараларды дайындауды ұйымдастырады (жыл бойы) ;

өз түлектерінің оқуға және еңбекке орналасқандықтары туралы толық ақпарат алады (кезекті оқу жылының басына қарай) .

Slide 18

Сынып жетекшісінің құжаттары:

сынып журналы;

сынып ұжымымен тәрбие жұмысының жоспары;

оқушылардың жеке іс қағаздары;

оқушы тұлғасын зерттеудің психологиялық-педагогикалық картасы;

ата-аналар жиналысының хаттамалары;

оқушылардың күнделіктері;

тәрбие шараларының папкасы, сыныпты педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық зерттеудің қорытындылары.

Slide 19

Тәрбие жоспарына қойылатын талаптар

Жоспар алты бөлімнен тұрады:

Өткен жылғы тәрбие жоспарының талдауы.

Тәрбие қызметінің мақсаты мен міндеті.

Сынып қоғамдастығының негізгі бағыттары мен істері.

Оқушылармен жеке жұмыс.

Ата-аналармен жұмыс.

Сыныптағы тәрбие үрдісінің жағдайын және тиімділігін зерттеу.

Slide 20

Тәрбие шарасының өту барысы

Ұйымдастыру сәті ( . . . мин)

Кіріспе бөлім ( . . . мин)

Негізгі бөлім ( . . . мин)

Қорытынды бөлім ( . . . мин)

Slide 21

Тәрбие шарасын талдау схемасы

1 нұсқа. Сыныптан тыс шараны талдау

Сабақтың тақырыбы

Мақсаттар мен міндеттер

Оқушылардың дайындығын ұйымдастыру

Тәрбиеші тұлғасының ерекшеліктері


Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz