Артикуляциялық жаттығулар


Slide 1

Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы ТП 18-2К1 Қабылдаған: Калыбекова Сәуле Кураловна

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА » ФАКУЛЬТЕТІ

«ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

Тақырыбы: Артикуляциялық жаттығулар

Логопедиялық альбом

Slide 2

Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты талабы жүйелілік. Сабақ күн сайын жүргізілу керек. Жаттығуларға көшпес бұрын ең алдымен міндетті түрде балалармен ерінге арналған жаттығулар жасау керек. Жаттығулар 15 минуттан аспауы керек. Бір күн ішінде біртнеше түрлі жаттығулар орындалу керек.

Сабақ барысында бала отырған қалыпта болу керек. Бұл оған денесін түзеуге, аяқ бұлшық еттерін бос ұстауға және де артикуляциялық органдарға толығымен назарын аударады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикуляциясын нақты көру керек. Сонымен қатар ол тапсырманы орындау кезінде өз ерні мен тілін көру керек. Ол үшін ол айналасын пайдалануға немесе сабақты үлкен айна алдында өткізуге болады.

Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінрде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды бірінші реттен дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан шыдамды болу керек.

Slide 3

№1 «Күрекше».

Тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұру керек.

Slide 4

№ 2 «Чашечка» «Шәшке».

Ауыз кең ашылады, жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі де, шәшке формасы беріледі. Тілдің шеттері тіске тимейді.

Slide 5

№ 3 «Иголочка» «Инеше»

«Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып

10-15 секунд ұстап тұру керек.

Slide 6

№4 «Горка» «Төбешік»

«Төбешік» - ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

Slide 7

№5 «Трубочка» «Түтікше».

Тіл ауыздан шығарылады да, түтікше түріне енгізіледі. Жаттығуларды алдымен жайлап, айна алдында жасалады, сонан соң біртіндеп жоғарырақ ырғаққа көшу керек. Әрбір жаттығу 10 секундтан 6-8 рет орындалады.

Slide 8

№ 6 «Часы» «Сағат»

«Сағат» - тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

Slide 9

№ 7 «Дәмді тосап»

Мақсаты: жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.

Қысқаша сипаттамасы:Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап, ауыз қуысына кіргізу.

Әдістемелік нұсқау. 1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау керек. 2. Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек. 3. Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек. 4. Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет. Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.

Slide 10

№ 8 «Ат шауып келеді»

«Ат шауып келеді» - ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру - айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады

Slide 11

№ 9 «Грибок» «Саңырауқұлақ»

«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

Slide 12

№ 10« Гармошка»

Ауызды ашып, гармошканың жұмыс жасау қалпын көрсету. Қайталап ауызды қатты ашып, тілді жоғарғы қалыпта ұстау керек

Slide 13

№ 11 «Әткеншек»

Мақсаты: тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.

Қысқаша сипаттамасы: Жымиіп, тістерін көрсетіп, аузын ашып, жалпақ тілді астынғы тістердің артына (ауыз қуысының ішінде) орналастыру. Осы қалыпта тілді жоғары көтеріп дәл осылай істеу керек.

Осылай тілдің қалпын 4-6 рет өзгерітіп, жаттығуды қайталау керек. Осылай тілдің қалпын кезекпен 4-6 рет өзгертіп, жаттығуды қайталау керек.

Әдістемелік нұсқау. 1. Жаттығуды орындаған кезде тек тіл қимылдау керек, ерін мен жақтың қозғалмауын қадағалау керек.

Slide 14

№12 «Жылан»

«Жылан» ауызды кең ашып, тілді молырақ алға қарай жылжытып жіңішкертіп, қатайтып ұстап, сосын осы қалыпта ауыз қуысына ақырындап кіргізу.

№13 «Сылақшы»

ауыз сәл ашық, тілді шығарып әуелі жоғарғы ерінді, сосын төменгі ерінді жалау. Бағытын өзгерте отырып 10-15 рет қайталау.

№14 «Параход»

Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағынның қимыл-қозғалысын жетілдіру.

Қысқаша сипаттамасы:ауызды кішкене ашып ы дыбысын ұзақ айту.

Әдістемелік нұсқау. 1. Тілдің ұшы төмен және ауыз құысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға қара көтеріңкі болуы керек

Slide 15

№ 15 «Күркетауық»


Ұқсас жұмыстар
Сөйлеуді дамытуға бағытталған ерте жастағы балалармен қолданылатын заманауи білім беру технологиялары мен әдістері
ДИЗАРТРИК БАЛАЛАРДЫ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫСҚА
Қозғалыс функцияларын дамыту
Дене тәрбиесі ерекшеліктері
Дауыс перделері ажыраған күйде
Дефектология салалары
Сөйлеуі бұзылған балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен эмоционалды-ерікті саласы
Кеш қалпына келтіру
Баланың сөйлеу тілінің даму кезеңдері
СӨЙЛЕУ ЖЫЛДАМДЫҒЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН ТҮЗЕТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz