Экономикалық білім және тәрбие берудің негіздері



Экономикалық білім және тәрбие берудің негіздері

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН МАЗМҰНЫ
1. 1 экономикалық тәрбие түсінігі мен зерттелуі
1. 2 экономикалық тәрбие берудің міндеттері, мазмұны
ІІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН МҮМКІНДІГІ
2. 1 экономикалық тәрбие жүйесі және әдістері
2. 2 мектепте экономикалық білім мен тәрбиені жүзеге асыру жағдайы мен жолдары
2. 3 мектепте «кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін енгізу және жүргізілу жағдайына талдау (зерттеу жұмысы)
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ. Қазақстанның білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси білім мен тәрбие ісі ерекше бағыт алып отыр. Тәрбие жұмысы тәжірибесімен шаруашылық саласында экономикалық білім, экономикалық тәрбие, экономикалық мәдениет - деген ұғым жиі кездеседі. Адам болашағын шешетін тәрбие екені белгілі. Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық т. б. қасиеттер дарытуға бағытталған. Тәрбиенің ең өзекті мәселесі - білім негізінде жеке адамның ғылыми көзқарастарын қалыптастыру арқалы қоғамдық тұрмыстағы адамдардың өндірістегі қарым - қатынасын қалыптастыру.
Экономикалық тәрбие беру - оқушыларды экономикалық білім негіздерімен қаруландыру, қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру, еліміздің экономикалық саясатын ұғындыру, негізі экономикалық қатынастарды (өндіріс, айырбас, бөлу, және тұтыну) тәжірибеде меңгерту.
Мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие жұмысында бүгінгі таңда жүріп жатқан пәрменді іс-әрекеттер, жаңа ізденістер, жаңа істер, әдіс-тәсілдер өз орнын тауып, қоғамымыздың қажеттілігіне сай дами беруі тиіс. Әлеуметтік-экономикалық сапалы, түбегейлі өзгерістердің болуы жас жеткіншектердің жаңаша ой-пікірлерінің қалыптасуына жол ашты.
Экономикалық тәрбие - жас жеткіншектерге экономикалық қызмет, қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы дұрыс түсінік беру. Осының негізінде өндірістік экономикалық қызметте, материалдық өндірістен тысқары экономикалық қатынаста, күнделікті өмірде жеке адамның санасын қалыптастыру.

Зерттеу мақсаты: экономика, экономикалық тәрбие туралы түсінік беру; мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие мен білім берудің маңызы мен мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу және тәжірибеде дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
Экономика түсінігінің мәнін ашу;
Экономикалық тәрбие мәні мен маңызын көрсету;
Экономикалық тәрбие беру әдістері мен формаларын нақтылау;
Мектеп оқушыларына экономикалық тәрбие беру маңызын дәлелдеу.
Зерттеу объектісі: мектептегі педагогикалық процесс
Зерттеудің ғылыми болжамы: экономикалық тәрбие және мәдениетпен қаруландыратын тәрбиелік шараларды өз деңгейінде жоспарлап, ұйымдастырып өткізу оқушыларды экономикалық білім, білікпен қаруландырып, экономикалық мәдениетін арттырады.
Зерттеу әдістері:
тақырып бойынша әдебиеттерді зерттеу;
бақылау, салыстыру, талдау;
жинақталған материалдарды сұрыптау әдістері.

Мектеп оқушыларына экономикалық білім және тәрбие беру еліміздегі әлеуметтік-экономикалық (білім және тәрбие беру) мәселелерімен тығыз байланысты.
Экономикалық ғылым - ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет «экономия» (ойкономия) термині біздің дәуірімізге дейін III-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт және Аристотель еңбегінде пайда болды.
Тәрбиенің басқа салалармен тығыз байланысты экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек процесінде жатыр.
Тәрбие - нақты педагогикалық мақсатты, есепті, міндетті шешуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсат бағыттылығы, жүйелі өзара ықпал, қызмет ету процесі .
Тәрбиенің мақсаты - балалардың ақыл-ой, дене көркемдігі, рухани адамгершілік қасиеттерін ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, құндылықтар мен мүдделер негізінде үйлесімді қалыптастыру

сендіру әдісі, сенімсіздік білдіру әдісі;
жаттықтыру әдісі;
көтермелеу әдісі;
үлгі көрсету әдісі;
талап - тексеру қою әдісі.
ТӘРБИЕ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІН ШАРТТЫ ТҮРДЕ МЫНАДАЙ БІРНЕШЕ ТОПҚА БІРІКТІРУГЕ БОЛАДЫ:

Экономикалық тәрбие деп -
оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамдық экономикалық саясатын ұғындыру деп білеміз.
Экономикалық білім -
оқу пәндеріндегі білімдерді, іскерліктер мен дағдыларды жүйелендіруге бағытталған.

Экономикалық білім дегеніміз - оқушыларға әдейі ойластырылған жұмыс жүйесі мен олардың экономикалық санасын қалыптастыруға бағытталған ұстаздың еңбегі.
Экономикалық білімде мынандай қасиеттер қалыптасады:
қоғамдық белсенділік;
іскерлік, белсенділік, ұқыптылық;
қоғамдық немесе жеке мүлікке көзінің қарасындай қарау, талан-таражға жібермеу;
жаңа технологияны іске қосу, пайдалану;
өнімнің сапалығын қадағалау, баюдың жолын іздеу.
Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбие. Экономикалық тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Жастарға экономикалық тәрбиені саналы түрде беру керек. Ол үшін экономикалық сананы қалыптастыру қажет.

Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері бар. Білімді бекіту, іскерлікті қалыптастыру үшін мынадай әдісті қолануға болады.

1. Жаттықтыру. Бұл әр түрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру, уақыт және өндіру нормаларын анықтау, материалдарды, электроэнергияны, суды, газды үнемді пайдалану т. б.
2. Практикалық жұмыстар және эксперимент. Бұл әдістерді оқушылардың өндірістік бригадасынды, оқу өндірістік кооперативте, жанұялық мердігерлікте, мектептерде шағын мал, құс фермаларында қолдануға болады. Практикалық және эксперимент жұмыстарының мақсаты - оқушыларды өнімді бағалай білу, бизнес, ақша мен пайда сияқты ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
3. Экономикаға байланысты есептер шығару - еңбек ақыны, уақыт және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельділік, пайда, өзіндік құн және басқа да экономикалық ұғымдар жайлы есептер шығаруға оқушыларды үйрету, жаттықтыру.
5. Ғылыми-техникалық, экономикалық әдебиеттермен жұмыс.
4. Цифрлы материалдарды талдау әдісі - саяхат кездерінде жиналған мәліметтердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да экономикалық шаруалардың тиімділіг анықтау үшін цифрлы материалдарды талдау т. б.
6. Экономикалық сөздік жасау, нарықтық экономика терминдерін қазақ тіліне аудару.

Мектептегі экономикалық білім мен тәрбиенің міндеттері:
Оқушыларды қоғамның даму заңдылықтарымен, өндіріс экономикасымен таныстыру.
Басқаруға тән - ұқыптылық, іскерлік, ықыластылық, тәртіптілік, т. б. қасиеттерді дағдыландыру.
Экономикалық есеп, талдау жасау дағдыларына үйрету, еңбекті ғылым негіздерімен байланыстыра білу.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz