МАҚСАТТЫ НАРЫҚТАР




Презентация қосу
Мейрамхана бизнесіндегі маркетинг - бұл клиенттердің ерекше
қажеттілігін анықтауға бағдарланған мейрамхана қызметтёрін әзірлеу, жылжыту
мен іске асыру процесі. Маркетинг құралдарының көмегімен тамақтандыру
кәсіпорындарының қызметін бағалау, дұрыс таңдау жасау үшін көмек
көрсетіледд.

Тамақтандыру кәсіпорындары маркетингінің негізгі мақсаты тұтынушылардың нақты
сегментінің сұранысын қанағаттандыруға барынша бағдарланған қызмет көрсетуді
ұйымдастыру және бәсекелестерге қарағанда қызмет көрсетудің неғұрлым тиімді
нысандары мен әдістерін қамтамасыз ету болып табылады. Мейрамхана бизнесінде
маркетингпен барлық кәсіпорындар сол немесе басқа дәрежеде айналысады, алайда осы
салада маркетингтің концепцияларын іске асыратын негізгі буын ретінде туристерге
халықаралық және ішкі тасымалды, қажетті қызметтердің топтамасын
қамтамасызететін,сондай-ақбасқададелдалдыққызметтерді орындайтын туристік
фирмалар қарастырылады
Маркетинг жоспарының мазмұны мен
құрылымы

Өнім өткізу ең күрделі мәселе болған жағдайда, кәсіпорынның басқа
салаларын жоспарлау маркетингті жоспарлауға негізделеді. Маркетингті
жоспарлау процесіне келесі үш логикалық және хронологиялық фаза кіреді:

1 кәсіпорын мен ортаның ағымдағы және болашақтағы жағдайын талдау

2 осы негізде мақсаттар қойылып, оларға жетуге арналған стратегиялар әзірленеді

таңдалған стратегияларды іске асыру мақсаттарына қол жеткізу
көзқарастары анықталады.
Жоспарлау процесі талдау, жоспарлау, сату мен бақылау деп
аталатын төрт сатыны қамтиды.

Жоспарлау процесі қолайлы мүмкіндіктерді анықтап, қауіп-қатерге
жол бермеу, ұйымның күпггі және осал жақтарын талдау үшін
компания жұмыс істейтін ортаны талдаудан басталады.

Жоспарлау сатысында компания әрбір бизнес бірлік қатысында
қандай іс-қимыл жасау қажет екенін шешеді.

Сату сатысында стратегиялық жоспарлар іске асырылады,
осының нәтижесінде компанияның мақсатгарына қол жеткізіледі.

Бақылауға жоспарлардың орындауын талдау мен оның
нәтижелерін бақылау кіреді.
Маркетинггің жоспары - бұл фирманың мақсаттарына, оның
ресурстарына, ұйымдастырылуына сәйкес маркетингтік қызметтің
барлық түрлерін біріктіруге мүмкіндік беретін ұйымдастыру-
басқарушылық құжат. Маркетингтің бюджеті оның негізінде
қалыптастырылып, фирманың нарықтағы мінез-құлқы мен нәтижелері
бақыланады. Жоспарлау болашаққа бетбұрыс жасаған іс-қимыл мен
жоспарларға қолдау көрсетіп, маркетинг саласындағы шешімдер мен іс-
әрекеттерді үйлестіреді, сонымен бірге қызметкерлерді мақсаттар мен
қажетгі ресурстар туралы хабардар етеді және салиқалы сынға төтеп
береді, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандырып, нәтижелерді бағалап,
бақылауды жүзеге асырады. Маркетинггік жоспарлар фирма таңдалған
стратегияға сәйкес тауарлар мен қызметтердің ассортиментін
уақьпъшда әрі қажет үлесте жаңарту, жарнаманы уақьггқа сай пайдалану,
өнім өткізу саясатын мақсатқа сәйкес дамьпу үшін қажет.
Жоспарлау барлық деңгейде жалпыдан жеке жағдайға қарай былайша
жүзеге асырылады:

-фирманың орта және үзақ мерзімді кезеңдердегі бас саясатын жоспарлау;
- орта және үзақ мерзімді кезеңдердегі маркетинггік қызметті жоспарлау;
- бағдарлама әзірлеу
- нарықтағы қызметтің әрбір элементі (өнім, баға, өнім өткізу, ақпарат
беру, сауда қызметкерлері) бойынша қысқа мерзімді кезеңге жоспарлау;
- әрбір жеке операция бойынша бағдарлама жасау.
Компаниялар негізінен жылдық, үзақ мерзімді және стратегиялық
жоспарлар жасайды. Жылдық жоспар деп компанияның ағымдағы
ахуалын, мақсатын, алдағы кезеңнің стратегиясың, іс-қимылдар
бағдарламасын, бюджет пен бақылау нысанын сипаттайтын қысқа
мерзімді жоспар аталады.
Үзақ мерзімді жоспарда келесі бірнеше жыл бойы ұйымға ықпал
ететін негізгі факторлар мен күштер сипатталады, онда үзақ мерзімді
мақсаттар, оларға қол жеткізу үшін пайдаланылатын және қажетті
ресурстар анықталатын негізгі маркетингтік стратегиялар
жазылады. Стратегиялық жоспар компанияға тұрақты өзгеретін
ортадағы мүмкіндіктерді өз мүддесінде пайдалануға көмек көрсету
үшін жасалады. Бүл бір жағынан, компанияның мақсаттары мен
мүмкіндіктерінің және екінші жағынан, нарықтың өзгеретін
мүмкіндіктерінің арасындағы сәйкестіктерді орнату мен сақтау
процесі.
Стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарлаудан ерекшеленеді, өйткені
ұзақ мерзімді жоспарлау уақытша кеңістікке, ал стратегиялық жоспарлау -
жоспардың мазмұнына негізделеді. Стратегиялық жоспарлау компаниядағы
жоспарлаудың басқа түрлері үшін іргетас болып табылады.
Ол компанияның галамдық мақсаттары мен миссияларын анықтаудан
басталады. Мақсатты стратегиялық жоспарлау нарықты зерттеу барысында
алынған деректерге негізделеді.
ЖОСПАРЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР
СЫРТҚЫ ЖАҒДАЙЛАР
ІШКІ ЖАҒДАЙЛАР ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

НАРЫҚ
Кәсіпорынның мәдениеті САТЫП АЛУШЫЛАР
мен философиясы ЖЕТКІЗУШЫЛЕР
МАҚСАТТАРДЫ БӘСЕКЕЛЕСТЕР
ЖОСПАРЛАУ ӨЗГЕ ӘРІПТЕСТЕР
КӘСІПОРЫННЫҢ
МАКРООРТА
РЕСУРСТАРЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЕҢБЕК,ҚАРЖЫ, СТРАТЕГИЯ ӘЛУМЕТТІК МӘДЕНИ
МАТЕРИАЛДЫҚ, ӘЗІРЛЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИКАЛЫҚ
Мақсат - бұл нақты істің болашақтағы адам қалайтын
жай-күйі. Мақсаттарды жіктеу: жоғары және бағынысты;
негізгі және қосалқы;
Мақсаттар мазмұны бойынша — нарықтыққа
(нарықтың ықпалы, өнім өткізу, нарықтың үлесі), қаржы -
пайда, пайдалылық, қоғамменбайланысты мақсаггар
жәнеөніммен байланысты мақсаттар - сапа, әлеуметтік
жауапкершілік, кәсіпорын қызметінің кепілдігі бойынша
бөлінеді.
Мақсат көп жағдайлармен, сонымен бірге
тұтынушылардың тілегімен, бәсекелестердің іс-
қимылымен, кәсіпорынның ресурстарымен шектеледі.
МАҚСАТ ҚОЙҒАН КЕЗДЕ ЕҢ АЛДЫМЕН МЫНАНЫ
ЕСКЕРУ ҚАЖЕТ:

1 операцияны қалыптастыруды;

2 мақсатқа жету жолындағы ымыраға қол жеткізуді;

3 қызметкерлердің қатысуын.
Миссия нақты, айрықша ерекшеліктерге негізделуі,
адамдарды ынталандыруға тиіс. Әрбір басқару деңгейінде
компанияның миссиясын нақты мақсатқа айналдыру керек.
Компанияның миссиясы кәсіпорынның философиясын
анықтайды, ал стратегиялық мақсаттар - бұл компанияның
алдында тұрған нақты өлшенетін міндеттер.
Келесі саты - ішкі және сыртқы стратегиялық ішкі және
сыртқы аудит жүргізу. Сыртқы аудит - бұл нарықты,
бәсекелестікті, ұйым жұмыс істейтін экономикалық ортаны
егжей-тегжей зерттеу.
Ішкі аудит - бұл материалдықтехникалық жабдықтаудың,
өндірістің, өнім өткізудің, сатудың, маркетингтің, сатудан
кейін қызмет көрсетудің, компанияның қаржы жағдайының
тиімділігін бағалау.
SWОТ - талдау мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді
анықтаудан басталады. Мүмкіндіктерге
экономикалық ахуал, демографиялық өзгерістер,
нарық, технологиялар кіреді. Тиісінше қауіп-қатерге
бәсекелестердің белсенділігі, сауда тарапынан
қысым, демографиялық өзгерістер, саяси фактор
кіреді. Табысқа жетудің негізгі факторына ұйымның
табысына ең көп әсер ететін ұйымның күшті де
сондай-ақ осал жақтары жатады. Олар
бәсекелестерге қатысты анықталады.
Клиенттерді қанағаттандыру үшін компанияның барлық
қызметтері тұтынушылық құндылықтарды түпкілікті
тұтынушыға жеткізу жөніндегі қызмёттерді жеткізу жөнінде
келісіп іс-қимыл жасауға тиіс. Тұтынушылық құндылық жасау -
«маркетингтің функциясынан» анағүрлым күрделі, бұл үшін
синергизм нәтижесіне, яғни жалпы нәтиже жекелеген
құрамдастардың сомасьшан асып түсетін қүбылыс орын
алынғанда қол жеткізіледі.
Тактикалық жоспарлау сатысында маркетинг жоспары
негізгі құжат болып табылады.
МАРКЕТИНГ ЖОСПАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ
ТАРАУЛАРЫ:
1. Бақылау көрсеткіштерінің мәліметін қалыптастыру.
2. Қауіп-қатер мен мүмкіндіктердің тізбесін
қалыптастыру.
3. Мәселелер мен проблемалардың гізбесін қалыптастыру.
4. Маркетинг стратегиясын әзірлеу.
5.Нақты іс-қимылдар бағдарламасьш қалыптастыру.
6. Маркетинггің бюджегін әзірлеу.
7. Маркетингтік бақылау.
8. Бақылау көрсеткіштерінің мәліметі.
Жоспарланатын көрсеткіштер нақты болуы тиіс. Осы
тарау басшылыққа жоспардың негізгі бағытын тез түсінуге
мүмкіндік береді және маркетинггің нәтижеге бағдарлану
қағидасын іске асырады.
Алдымен мақсатты нарық сипатталып, осы нарықтағы
сипаттама беріледі. Нарық сыйымдылығы жағынан
сипатталады, оның негізгі сегменттері, сыртқы және ішкі
ортаның айрықша факторлары баяндалады. Сондай-ақ
негізгі тауарларға шолу жасалып, негізгі бәсекелестер
сипатталып, өнім бөлінетін каналдар, сондай-ақ қауіп-
қатерлер мен мүмкіндіктер көрсетіледі. Осы тараудың
мақсаты - бәсекелік артықшылық алудың қауіп-қатерлері
мен тәуекелдерінің, ықтимал қиындықтар мен
мүмкіндіктерінің алдын алу.
МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ПРОБЛЕМАЛАР. Мүмкіндіктер мен
тәуекелдерді талдау негізінде жоспарланып отырған кезеңде
қалыптастырылатьш проблемалар мен мәселелердің
ауқымын білу қажет.
Маркетинг стратегиясына мақсатты нарықтар,
маркетинг кешенінің негізгі бағыттары мен маркетингке
жұмсалатын шығын деңгейі бойынша стратегиялар кіреді.
МАҚСАТТЫ НАРЫҚТАР. Маркетинг стратегиялары
фирма өзінің негізгі күш-жігерін шоғырландыратын
нарықтың сегменттерін атауға тиіс. Осы сегментгер
неғұрлым тартымды, көп кіріс әкелуі тиіс. Әрбір
бейнеленген мақсатты сегмент үшін жеке маркетинг
стратегиясын әзірлеу керек.

Ұқсас жұмыстар
KFC және McDonalds стратегиялық жоспарлары
Маркетинг тік зерттеулер
Валюта нарығы
ТАРИХЫ МАРКЕТИНГТІК МИКС ТҮСІНІГІ
FOREX нарығының даму тенденциясы
Менеджер мен менеджменттің қазіргі заманғы ұйымдар үшін маңыздылығы
Демографиялық фактор
ФИРМАНЫҢ БАҒА САЯСАТЫ МЕН БАҒА СТРАТЕГИЯСЫ
Ресурстар нарығы
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білімін бағалаудың айырмашылығы
Пәндер