Әлеуметтік құрылым және стратификация: теориялар мен қоғам типтері


Slide 1

Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы

Slide 2

Жоспары:

«Қоғам» ұғымының мәні және түрлері.

Әлеуметтік стратификация теориялары

Slide 3

Қоғам, мемлекет, ел ұғымдары

Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік.

Уикипедиялық сөздік

Slide 4

Қоғам құрылымы:

Әлеуметтік саласы;

Экономикалық саласы;

Саяси саласы;

Рухани және мәдени саласы

Slide 5

Қоғамның пайда болу негізіне:

Эмиль Дюркгейм: ұжымдық сана;

М. Вебер: өзара ықпалдастық, әлеуметтік байланыс;

О. Конт: қоғамдық еңбек бөлінісі;

Т. Парсонс: ережелер мен құндылықтар;

К. Маркс: тарихи қалыптасқан қатынастарды жатқызады.

Slide 6

ХХғ. 50-60-жылдарында американдық әлеуметтанушылар Даниел Белл, Уолт Ростоу және француз әлеуметтанушысы Раймон Арон қоғам дамуын үшке бөлді:

индустриалдық сатыға дейінгі қоғамдар, оларды аграрлық немесе дәстүрлі қоғам деп те атайды;

индустриалдық қоғамдар;

постиндустриалдық қоғамдар.

Slide 7

Дәстүрлі қоғам - көбінесе ауылдық қоғам, индустриалды емес, бүгінгі индустриалдық қоғамға қарсы, өндіру мен мәдени мұраларды сақтайтын қоғам.

Дәстүрлі қоғам - саяси, әлеуметтік және мәдени дамуы дәстүрлі құндылықтарға, салт-санаға, ата-баба мұраларына негізделетіндігімен ерекшеленетін әлеуметтік орта.

Slide 8

Д. Белл индустриалдық қоғамда оның

әлеуметтік динамикасын анықтайтын

шамалар еңбек пен капитал болады деп есептеді.

Р. Дарендорф бойынша,

бұл қоғамда негізгі әлеуметтік конфликт меншіктің негізінде болады.

Slide 9

Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам

Slide 10

Ақпараттық қоғам:

З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос) .

Slide 11

Стратификация -

Әлеуметтік мәртебелерді шектеулі ресурстарға қолжетімділік тұрғысынан анықтайтын теңсіздіктің институттық құрылымы;

Бедел, билік және байлық - қоғамдағы теңсіздікті қалыптастырады.

Slide 12

Стратификацияның түрлері:

Касталық жүйелер - шектеулі ресурстардың бөлінуі жоғары аскриптивті мәртебеге негізделген стратификация (дәстүр, дін, Үндістан) ;

Таптық жүйелер - қол жеткізген статусқа негізделген стратификация (кез келген қоғам, байлар, орта тап, кедейлер) .

Slide 13

Стратификация теориялары:

Карл Маркс: буржуазия (дәулеттілер) және пролетариат (кедейлер) ;

Буржуазия - өндіріс құрал-жабдықтарын иеленген тап;

Пролетариат - үстемдік етуші тапқа жалданып өмір сүрушілер, өндірістік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.

Slide 14

Карл Маркс:

Өндіріс құралдарының еңбекке қатысы бар, бірақ олар бір мәнде емес;

Колледж оқытушысы, ірі дүкен менеджері, қоқыс жинайтын қала қызметкері - барлығы пролетариат;

Бірақ қоқыс жинаушы буржуазия өкілі болуы мүмкін;

Slide 15

Карл Маркс:

Адамның дәулеттілер тобына немесе кедейлер тобына жатуын анықтайтын басты факторлар:

Адамның қанша ақшасы болуы, қандай жұмыс атқаруы емес;

Өндіріс құрал-жабдықтарын меншіктенуі мен еңбектің өз бақылауында болуы.

Slide 16

Макс Вебер:

Тап - өндіріс құрал-жабдықтарына деген қатынас;

Мәртебе - әлеуметтік қадір, бедел;

Билік - қоғамның әрекетіне ықпал ету қабілеті.

Осы үш өлшем, әлеуметтік стратификацияны анықтайды.


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік құрылым және стратификация: теориялар мен әлеуметтік мобилділік
Әлеуметтік құрылым және стратификация: теориялар, тарихи типтер және әлеуметтік теңсіздік
Әлеуметтік құрылым мен стратификация: таптар, страта және әлеуметтік теңсіздік
Әлеуметтік стратификация: ұғымы, типтері және әлеуметтанулық теориялары
Әлеуметтік құрылым мен стратификация: институттар, мәртебе, рөлдер және әлеуметтік мобильділік
Әлеуметтік құрылым мен стратификация: топтар, таптар, әлеуметтік мобильділік және орта таптың рөлі
Қоғам: ұғымдар, әлеуметтік жүйе, типтері және қызметтері
Әлеуметтік құрылым және стратификация: ұғымы, негізгі элементтері мен формалары
Әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік ұтқырлық: түрлері, өлшемдері және қоғамға әсері
Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен стратификациясы: теориялар, өлшемдер және әлеуметтік мобильділік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz