Қадыр Мырза Әлі - күміс қоңыраулы балалар ақыны




Презентация қосу
“Қадыр Мырза Әлі –
күміс қоңыраулы
балалар ақыны”

Қорғаған: Айтхен Әмина
Шт-18-1
Қадыр Мырза Әли
Тақырыптың өзектілігі:
Қадыр Мырзалиев біздің дәуіріміздегі әлемдік аренаға шыққан қазақ
поэзиясының көкжиегін кеңейтіп, мазмұнын сапаландыруға, көркемдік
деңгейін биіктетіп, мәртебесін көтеруге айрықша еңбек сіңірген, «Қазақтың
Қадыры» деп танылып, халқы ардақтаған бірегей тұлға, ерекше дарын иесі.
Қадыр Мырзалиев жасөспірімдерге арналған өлең, жаңылтпаш, жұмбақ,
мысалдардан тұратын ондаған жинақ беріп, балалар әдебиетін дамытуға да
үлкен үлес қосқан, өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, өзі де
Руми, Гейне, Гюго, Лермонтов, Есенин, Гамзатов, Межелайтис, Петефидің
жырларын қазақ тіліне сәтті тәржімалаған көркем сөздің хас шебері еді.
Ақынның озық үлгілі туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорын
байытқан жауһарлар қатарынан орын алып, болашақта да ұлтымыздың
рухани қазынасына айнала бермек.
Зерттелу нысаны:
Курстық жұмысымның зерттелу нысаны – Қадыр Мырзалиев өлеңдері.
Ақын 1935 жылы 5 қазанда Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында.1958
жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын сол жылы жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған.
«Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты
хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ
поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан
Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы
берілді.
1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
атанды. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.
Оның тұңғыш туындысы 1954 жылы республикалық «Пионер» балалар журналында
жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде оның жетпістен астам поэзиялық, прозалық,
сондай-ақ әдеби-сын кітаптары жарық көрді, өлеңдері мектеп оқулықтарына енді. Қ.
Мырза Әлі – 200-ге жуық әні бар.
Тұңғыш жинағы «Көктем» 1959 жылы жарық көрді. Артына ең көп еңбек қалдырған
ақынның туындыларының жалпы көлемі 32 том. Оның 20 томдығы ақынның 75
жылдығына орай «Қазығұрт» баспасынан жарық көрген болатын.
22 қаңтардың күні қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының
иегері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлі 77 жасқа қараған
шағында өмірден озды.
Күміс Дала Бұлбұ Ақ
қоңырау дидары л отау
бағы
Ой Домбыр Жер Көш
орман а қыры
ы
Биік
баспалдақт
ар
Ақын тағылымы
Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік
әдебиет ғұламаларының талайының шығармаларын Ш.Петеи, С.Есенин, Р.Гамзатов
өлеңдерін қазақ тіліне аударады.
Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк,
болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды. Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая
юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976),
«Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985),
тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз
тілінде «Алақан» (1979), әзербайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде
«Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды. Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса
кітабы бүрынғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку,
Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.
1993 жылы Қадыр Мырза Әлі әлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін
Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын алды.
Соңғы жылдары ақынның он алты томдық таңдамалары жарық көрді.
2003 жылы Санкт-Петербургтің «Славия» баспасында «Прапамять» атты үлкен бір
томдығы орыс тілінде басылып шықты.
Қ.Мырзалиев ең алдымен балалар ақыны, ұрапақ ұстазы. Бұған ақынның
«Сабақ» атты кітабы дәлел.
Сабақтың композициялық құрылымы кәдімгі сабақ өткізу жүйесіне
негізделіп жасалған. Бірінші сабақ - табиғат тану туралы.
Екінші сабақ - хайуанаттар.
Ал үшiншi сабақ - тiл.
Төртiншi сабақ - еңбек.
Соңғысы - қосымша сабақ. Ғибрат деп аталады. Мақсаты - үлгере
алмаушылар мысалданып, соларға ғибрат боларлық ақыл-кеңестер, ойлар
ұсынады.
Сабақтан қайтарда мазақтамалар басталады: еріншек, сотқар,
маубас, жайбасар, мақтаншақ, комағай, салақ балаларды келемеждейді.
Санап тұрып ертесiн, Сұрайтын кант бөлкесiн Сен бiр жаман еркесiн!
Көкеннiң де желкесiн жауыр қылған еркесiң!-дейдi ақын Ерке аталатын
мазақтамасында. Сабақ - айтары мол, кұрылысы өзгеше жинақ.
Ақынның тағы бiр кұнды еңбегi «Ақиқаттың алдында» атты поэмасы. Бала
психологиясына жетiк ақын сюжеттiк бұрылыс-кұйылыстарды
ойнақыландырып, оқушы ойын он саққа жүгiртiп, ұстараның жүзiнде ұстап
бағады.
Көлемi шағын, бала психологиясын меңгерген ертегi-поэмада акын
фольклорлык сюжеттi өзiнше байытқан. Сөйтiп, ауыз әдебиетiнiң асыл
үлгiсiмен жүрiп отырып-ақ бүлдiршiндерге ойлы, ойнақы, соны ертегі-поэма
ұсынған.
Қ.Мырзалиевтың Балшық ұлы Балшықбай ертегі-поэмасы Л. Толстойдын
Алтын кiлт немесе Буратиноның басынан кешкендерi ертегiсiн еске түсіреді.
Орыс әдебиетiндегi тәжiрибенi Қадыр өінше өрбiтiп, ұстартып пайдаланған.
Буратино акылды куыршақ болса, Б
алшықбай ecep, тентек, салак. Л.Толстой Буратино аркылы орыс өмiрiнiң
кейбiр көлеңкелi жақтарын сынаса, Қадыр Балшықбай арқылы салақ
балалардың әрекеттерiн әшкерелейді. Ақынның Киiмдер қалай киiнедi атты
поэмасы оқушы баланың уқыпсыздығын, тентектiгiн әшкерелейтiн сатиралық
туынды. Мұнда Еркебек деген баланың киiмдi күтiп кимейтiнi қатты
сыналады.
II.Негізгі бөлім:
2.1АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІ – ШЫНДЫҚТЫҢ АЙНАСЫ
Поэзия — әлемдік өмірдің қан тамырының құштарлықпен шиыршық ата
соғуы, сол өмірдің қаны мен оты, жарығы мен нұры, ал лирика –
поэзияның поэзиясы секілді қағида адамзат баласының танымына сөз
өнерін тани және таныта алатын қабілет дарығалы бері айтылып келеді.
Қадыр Мырзалиев өзінің ақындық, азаматтық өмірінің мәні мен
мағынасын осыдан, поэзияның поэзиясынан – лирикадан тапқан.
Ақындық өнер өнер біткеннің алды екендігінде сөз жоқ. Шын талант
үшін ақындық өнер емес, өмір. Заманның қилы қияндарында өмірі
өлеңіне, өлеңі өміріне айналған талант тағдыры ғана талайлы болмақ.
Мұндай талант үшін өлеңсіз өмір жоқ. Қадыр Мырзалиев – өмірі өлеңді,
өлеңі өмірлі талант.
Ақынның «Мүйізтұмсық немесе миллионның тағдыры» деген өлеңіне көз
жіберіп көрелік:
Мүйізтұмсық!
Мүйізтұмсық!
Керемет!
Зообаққа бара қалсаң көре кет!
Кішісі бар,
Үлкені бар…
Үлкені
Кем дегенде бір машина береді ет.
Ақын — мүйізтұмсықтың біздің елде кездеспейтінін тәптіштеп жатпай- ақ,
оны зообақтан көруге болады деген емеурінмен ғана түсіндіріп өтеді де, оның
үлкен екенін «бір машина ет береді» деген қазақы пайымдау арқылы
түсіндіреді. Меніңше қазақтан басқа ұлт өкілінің дәл осындай салыстыру
жасауы мүмкін емес шығар.
Осынау жазықсыз хайуанның жер бетінен жойылып бара жатуының себебін
де кестелі өлеңмен сәтті баяндайды.
Мүйізтұмсықтың қырылу себебі де өз құлқынына ие бола алмайтын
пенденің пендешілігінде екен. Бірақ пендешіліктің асқындап, жазықсыз
аңға ажал болып тиюіне негізгі себеп өсек қана. «Дұрыс емес десе де бұл
ғалымдар кейбіреулер сенеді осы өсекке» десе де сананы жаулап алған
өзімшілдік пен соқыр сенімнің жетегіне ергендер, қара басының қамы
үшін күллі дүниені қараң қалдыруға даяр. Адамгершілік, саналылық деген
асқақ ұғымдар бәз біреулердің уақытша тоят алар ләззаты үшін аяққа
тапталуда. Неліктен? Оған ақын былайша жауап береді.
О адамзат!
Қарамаймын дініңе,
Қайтер еді берік болсаң тіліңе!
Бір білместің айтқан сөзі
Жазықсыз
Жетіп жатыр миллионның түбіне!
Иә, адам ойының адал арнадан шығып бұзылуына, қолын қандап күнәға
батуына себеп болған бір-ақ ауыз сөз екен. Адамдардың бойындағы
тоқтамға, көнуге ырық бермейтін жыртқыштық қасиеттің құрбаны болған
мүйізтұмсықтардың тағдыры ойлап отырсаң кейде сол адамдардың өз
тағдыры секілді.
Қ. Мырзалиевтің де табиғат бейнесі басқа ақындардан өзгеше. Ол табиғатты
формалық тұрғыдан ғана қызықтап қоймайды, сол төл табиғаттың әрбір
туындысының мазмұнына тереңдей үңіліп, өзіне ғана тән пайымдаулар
жасап, өзгелерден оқшау сыр түюге шебер. Ол суық аязды: «Қас батырдан
қаһарлы, ояздан да озбырлау»-деп суреттесе, көз ұшында көрінген ауыл
бейнесін: «Бұлдырайды әне ауыл, буға ұстаған әйнектей» — деп, ал сол
суықтағы аттың күйін «Құлагердің танауы, қайнап кеткен шәйнектей» деген
ойға қонымды, ойнақы теңеулермен әдемі бейнелейді. Ал әрқашан ақын
ойында келісім тауып, жағымды жағымен көріне бермейтін өндірістің суреті
де сол біз айтқан сипатта көлбең етіп өте шығады. «Жырақ зауыт түтіні,
жын-перінің шашындай» деген жолдарда табиғат тазалығы мен сұлулығына
«жын-перінің шашы» секілді зияны мен улы түтінді қарама-қарсы қояды.
«Ақындық көзқарас пен көркемдік шешімнің тұтастығы, ой-сезім дүниесінің
тереңдігі, бейнелеу жүйесінің көп желілігі, суреттеу құралдарының қашан да
сонылығы Қадыр поэзиясының қадір-қасиетін танытады. «Мынау Қадыр
ғой», дейсің оның қолтаңбасын ә дегеннен-ақ аңғарып, жаза баспай танып».
Алпысыншы жылдардың аяғы мен жетпісінші жылдардағы ақын
поэзиясының алдыға шыққан тақырыбы — «Ана» тақырыбы. Қадыр да
ана тақырыбына арнап көптеген өлеңдер жазып, өзінің бұл тақырыпта да
ешкімнен кем емес екенін танытқан қаламгер.
Жетпісінші жылдардан бастап жазыла бастаған экология тақырыбы да
Қадырдың бұл саладағы көп ізденісінің, талмай талаптануының жемісі.
Қадырдың экология тақырыбына қалам тарта бастаған тұсын анықтап,
сол кездегі өзі тұрғылас басқа ақындармен салыстыра тексергенде бұл
тақырыпты тек Қ. Мырзалиевтің жеке меншіктеп, өзі ғана түбегейлі
игеріп келгенінің куәсі боламыз.
Қадырдың экология тақырыбына арнап жазылған лирикалық өлеңдерінің
көбісінің басты кейіпкері – ақынның өзі. Оны лирикадағы негізгі
идеядан, оған баға беруші, кесімін айтып, үкімін шығарушы ақындық
«мен» арқылы іске асуынан да байқаймыз. Жоғарыдан азды-көпті талдап
кеткен:«Қамысты көр», «Шарт», «Табиғат тауқыметі», «Қымбат»,
«Мүйізтұмсық немесе миллионның тағдыры» тағы басқа лирикаларында
ақын өзінің ойын тікелей тыңдаушыға жеткізуге тырысады.
2.2 ҚАЗАҚ БАРДА СЕН БАРСЫҢ, ҚАДЫР АҒА!

Адам шынын айтамын деп сырын айтса, онда ол – оның жамандығы. Ал ақын
шынын айтамын деп сырын айтса, онда бұл оның ақындығы. Ал ақын шынын
сырға бөлеп, сырын шынға балап толғанса, өзі ғана толғанбай, өзгелерді де
толқытса онда бұл – оның даналығы. Өмірін өлеңіндей, өлеңін өміріндей сүю,
шынын сырға бөлеп, сырын шынға балап толғану , өзі ғана сүймей, өзгені де
сүйсінтіп, өзі ғана толғанбай, өзгені, қалың жұртты толқыта жырлау – Қадыр
Мырзалиевтің шығармашылық асыл қабілеті, әрі ақындық асыл қасиеті.
Қадыр Мырзалиев ал­пы­сыншы жылдары қалың қазақты өзіне жалт қаратқан
бірегей тұлғалардың сойы­нан еді. ол қазақ өлеңінде соны соқпақ сал­ған,
реформа жасаған ақын.
Біз, әдетте, қайтыс болған ақын-жа­зу­шылар жөнінде айтқанда, аруағы риза
болсын деп кейде мақ­тауын асырып жіберетініміз бар. Алайда, қанша айтсаң
да мақтауын жеткізе ал­май­тын да тұлғалар болады. Олар өте аз. Сол аздың
бірі Қадыр Мырзалиев еді. Ол әде­биетке қайталанбайтын құбылыс болып
келді, қайталанбайтын құбылыс болып қалды.
Қа­дыр ақын не жазса да жүректің сөзін сөйлейтін.
«Ақындардың бәрі бірдей ой толғайды. Бірақ ойшыл ақын­дар­дың бәрі
бірдей философ бола бер­мейді. Сен ойламаған ойың, оқы­маған кітабың жоқ,
ендігі ең философ ақындардың бірегейі едің. Сенің философиялық тол­ғам­­
дарың қазақ халқының ақыл мен ой-қазынасын одан әрі то­лықтыра түсті.
Сенің мысқылың да мірдің оғындай еді… Адам бойындағы кем­шіліктерді
мінегенде кері кеткен кенеусіздердің төбесінен жай түсіретінсің.
Сен тоқшыл емес, көпшіл едің. Үйірсек емес, ұйымшыл едің. Сен ешкімнің
айтқанына кө­ніп, айдағанына жүрмедің. Өзі­ңе ғана тән, азаматтық әділ
жолмен жүрдің.
Сен соншама кішіпейіл едің. Ақынмын деп асқақтамай, жұрт­тың бәрімен
қоян-қолтық ара­ла­сып кететінсің. Сенімен сәлем­де­су­дің өзі бір ғанибет
болатын. Ақ көңіл, адал пейілмен күлімдей ке­ліп құшақтаса кеткеніңде
мерейі­міз өсіп, мәз болып қала­тынбыз»
(Әзілхан Нұршайықов)
Бұл музей қорындағы жәдігерлер негізінде қазақтың әйгілі ақыны,
аудармашы, сыншы, драматург, публицист, Жастар сыйлығының,
Мемлекеттік Халықаралық және «Тарлан» сыйлығының иегері,
Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің өмір жолынан, ерекше
дарынынан қазіргі ұрпаққа үлгі -өнеге, тағылым беру мақсатында
жинақталған материалдар төмендегідей
III. Қорытынды
Қадыр Мырза Әлі поэзиясы – тұтас бітімді, тұлғалы поэзия. «Ой орманы»,
«Дала дидары»,«Бұлбұл бағы», «Қос домбыра» жеке – жеке жинақ болғанымен
қозғайтын көкейкесті мәселесі үлкен Өмір – Дала тынысы»- деп ақын
шығармасын жоғары бағалады Х. Әдібаев.Ақын поэзиясының тақырыптық
өріс – аясы кең. Шетсіз, шексіз даламыз бен сол далада қайғылы-қасіретті
ғұмыр шеккен бабамыз, қатпар-қатпар тарихтың ой-шұрықы, жастың жарқын
көңілі мен дананың кермек ойы, шежіре –тарих пен замандастың сырға толы
қилы күндері, жас жүректі өртеген махаббат шоғы мен көреген көзді кәрінің
ауыр тынысы- Қадыр Мырза Әли жырының жанды өзегі, тербеліс қылы.
Арайлап атқан таң да, мұнараға батқан күн де – ақын поэзиясының тыныстаған
ауасы, тыныс тіршілігі. Қадыр Мырза Әлі өз буын, өз өмірінің ғұмырнамасын
жырлаушы ғана емес, сол арқылы тұтастай ұлттың атынан сөз айта алатын
атақ – дәрежеге көтерілген ірі тұлға. Оның өлеңдерінсіз толыққанды ұлттық
қазақ поэзиясын көз алдымызға келтіру қиын. Ол – аксиома. Ақынның бүкіл
шығармашылық ғұмыры тұтас бір ұлттың тарихы, сол ұлт өмір сүрген қоғам,
заман, уақыттың барометрі. Ол – уақыт пен кеңістікті үндестірген ақын.
Тәжірибелік жұмыс:

Ұқсас жұмыстар
Қадыр Мырза Әли
Өлеңнің соңында
Еңбекжолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев
Болымды етістіктер мен болымсыз етістіктер
1980 жылы Жерұйық жыр кітабы үшін Қазақ КСР
Мен өмірді жырлау үшін келгенмі (поэзия кеші) Мұқағали Мақатаев
Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
Сұраулы сөйлем.180-184-жаттығу
Пәндер