Компанияның қаржысы
Презентация қосу
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық
Презентация
фармация кафедрасы
Компанияның
қаржысы.
Компанияның
қаржылық есептілігі.
Орындаған: Султанбекова Айдана
Тобы: ТФП 18-015-001
Қабылдаған: Алиманова А.Д
Алматы, 2020
Кәсіпорындар мен ұйымдардың
қаржысы –
біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі ақша
қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда, материалдық
өндірістің ақша қатынастарын қамтитындықтан, олар
қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. өйткені нақ
сонда жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық
байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес
салалардың материалдық шығындары, ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден бір көздер.
Мемлекеттегі сияқты, кәсіпорындар
мен ұйымдардың қаржысы тауар –
ақша қатынастары мен құн
заңының нәтижесінде құралады.
Тауар — ақша қатынастарын
қоғамдық еңбек бөлінісі, меншіктің
алуан формалары айқындайды.
Жеке тауар өндірушілердің еңбек
бөлінісінің дәрежесі әр тұрлі, дербес
кәсіпорындарды, олардың
құрылымдық бөлімшелерін
айқындайды. Жекеленген тауар
өндірушілер өздерінің еңбектерінің
нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін
айырбастайды немесе тауардың
құнын көрсететін ақшаға сатады. Бұл
қатынастар жиынтығы тауар –
ақша қатынастары болып табылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың
қаржысы мыналар: кәсіпорындар,
ұйымдар, бірлестіктер, концерндер,
ассоциациялардың салалық
министрліктер мен басқа
шаруашылық органдардың,
өнеркәсіп, ауылшаруашылығы,
құрылыс, көлік, сауда, дайындау,
геологиялық барлау, жобалау тұрғын
үй – коммуналдық қызметін жұзеге
асырушы шаруашылық аралық,
салааралық, кооперативтік
ұйымдардың ( оның ішінде ұжымдық
шаруашылықтардың халыққа
қызмет көрсетудің, байланыстың,
қоғамдық тамақтандырудың)
қаржыларын қамтиды.
Осыған байланысты
кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы бөлу, бақылау және ұдайы
өндіріс қызметін орындайды деп тұжырымдауға болады.
ҰДАЙЫ ӨНДІРІС
ҚЫЗМЕТІНІҢ МАЗМҰНЫ жай және
ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және қаржы
қозғалыстары айналымын қамтамасыз ету. Бұл үшін кәсіпорын
өндіріс жоспарлары, болжамдары негізінде өнімдерді өткізу,
нақты мерзімдерге сай белгіленген экономикалық нормативтері,
кірістер мен шығыстар көлемін белгілейді, шығындардың
меншікті қаржы есебінен,уақытша алынған басқа кәсіпорындар
мен өз қызметкерлерінің қаржысы банк несиелері, айрықша
жағдайда бюджет есебінен ақталуын анықтайды.
КӘСІПОРЫНДАР ҚАРЖЫСЫНЫҢ БӨЛУ
ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ – жиынтық
қоғамдық өнімнің құны айналым қаржысы процесінде
белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінуі.
Мұның өзі ұдайы өндіріс процесінде құнның бөліске және
қайта бөліске түсуіне қаржының қатысуын анықтайды.
Ақшалай бюджеттер мен қорлардың экономикалық негізінде
бөлінуі қаржының ұдайы өндірістегі қызметінің басты шарты.
КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫНДА ҚАРЖЫНЫҢ БАҚЫЛАУ
ҚЫЗМЕТІ маңызды рол атқарады. Есеп пен бақылаусыз шаруашылықты
жүргізуге болмайды. Кәсіпорындардың қаржысы басқа да экономикалық
тұтқалармен бірге экономиканы жоспарлы басқару, өндірісті ұлғайту, еңбек,
материалдық табиғи, қаржы ресурстарының ұтымды пайдалануына бақылау
жасауды қамтамасыз етуде маңызды рол атқарады. Үнем мен ұқыптылық режимін
өмірде дәйектілікпен жүргізу маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Кәсіпорынның ішінде ғана емес, оның басқа кәсіпорындар, ұйымдар, қаржы –
несие мекемелерімен өзара қарым-қатынасында теңге бақылауы пайдаланады.
Кәсіпорын ішінде еңбектің саны мен сапасы, негізгі, айналым және ынталандыру
қорларының құралуы, пайдалануы бақылауға айналады. Кәсіпорындардың өзара
қарым – қатынастарында берілетін тауарлар, көрсетілген қызметтер орындалған
жұмыстар, шарттардың орындалуы бақыланады. Қаржы және несие
органдарымен іс- қимыл барысында бюджет алдындағы міндеттемелердің
орындалуы, банк несиелерінің алынуы, қайтарылуы кезінде бақылау жүзеге
асырылады.
Кейбір экономистер кәсіпорындар қаржысына үш қызмет жіктейді:
1) ақшалай ресурстармен айналым қаражаттарына қызмет көрсету;
2) ақшалай табыстарды бөлу;
3) кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметіне бақылау жасау.
Халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындардың экономикалық
қызметі саласында өндірістік қатынастардың өзіндік ерекшеліктері, қаржы
қатынастарының басқа ақша қатынастарымен астасуы, олардың өндірістік қорлар
айналыммен тығыз байланысы, кейбір ғалымдардың пікірінше, халық шаруашылығы
салалары, бірлестіктері, кәсіпорындары қаржысының жалпы мемлекеттік қаржыдан
ерекшеленуіне әкеп соғады.
Қаржы саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың сан қилы
қатынастары ірілендірілген топтарда жинақталады; бұл қатынастар
ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінде мыналардың арасында пайда болады:
Мемлекет пен өндірістік кәсіпорындар арасында мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырғанда, сондай- ақ бюджетке төлемдер төлегенде, валюта
қорларын қалыптастырғанда:
шикізат, материалдар, отын т.с.с. төлеу үшін өзара қатынастарға түскен әр
түрлі кәсіпорындармен ұйымдар арасында;
кәсіпорындар мен ұйымдар арасында акциялар мен құнды қағаздар
шығару және өткізу кезінде бірлескен кәсіпорындар құру барысында
несиелеу мен үлестік қатыста;
кәсіпорындар мен несие жұйесі ұзақ және қысқа мерзімде несиелер
берілгені үшін проценттер төлегенде және т.б.
КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАР
ҚАРЖЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ
БЕЛГІЛЕРІ:
1) қаржы қатынастарының көп қырлылығы,
олардың формалары мен мақсатты арналымының
сан алуандығы;
2) өндірістік қорлардың міндетті болуы, олардың құралуы,
тұрақты толықтырылуы, көбеюі, бөлінуіне байланысты
қатынастар туындауы. Өндірістік қорлар -өндірістің серпінді
элементі. Олар, өндірістің өзі сияқты, ұдайы қозғалыста
болады; оның үстінеқұн формалары ұнемі өзгереді.
Кәсіпорынның өндірістік қорлары оның қызметі кезінде
материалдық – заттық және ақша формасы қалады;
3) жоғары белсенділік, кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің барлық қырларында
ықпал жасау мүмкіндігі.
Компанияның қаржысы мынандай
жағдайларда қалыптасады:
1) Компанияның алғашқы қаржылық
ресурстарын қалыптастыру кезінде.
Компанияны ашқандар осы қаржылық
ресурстарды береді.
2) Компанияны ашқандағы заң бойынша
қажетті төлемдерді мемлекетке төлегенде
(рәсімдеуге және кейбір салаларда қосымша
жарнаны беруге).
3) Компанияны сақтандыру кезінде.
4) Компанияны ашу үшін алынған
кредиттерді төлеу үшін.
5) Жұмысшыларға жалақы төлегенде.
Компания мынандай принциптерге негізделініп ашылады:
Қаржылық тәуелсіз болу, компания өз қаржысын өз еркімен жұмсайды.
Шикізатты сатып алу, жалақыны төлеу, кредитті алу тағы сол сияқты
қаржылық операцияларды өз еркімен орындайды.
Пайда табу, компанияны пайда табу үшін ашады. Ешкім өз еркімен
пайдасы жоқ компанияны ашпайды. Кәсіпкерлер компанияны
ашқанда, болашақта пәлембай пайда табамыз деп өз қаржысын
компанияны ашуға жұмсайды.
Қаржылық жауапкерлікті болу, мекеме — мемлекетке салық,
жұмысшыларға жалақы, шикізатқа төлеу тағы сол сияқты
міндеттемелерді төлеуі тиіс.
Ұлық алдында жауапты болу. Компаниялар мемлекеттік ұйымдар
алдында жауапты болады (салықты төлеу, жұмысшылардың құқықтарың
сақтау, тауарлардың сапалы болуы тағы сол сияқты).
Қаржылық тұрақты болуы. Компания өз міндеттерің тұрақты орындау
үшін, компанияның қоры бар болуы тиіс. Бұл қор компанияларда алдын
ала белгілі болмаған шығындарды төлеуге жұмсалуы мүмкін.
Инвестициялық тартымды болуы. Компания кредитті аз пайызбен
алуы үшін, компанияның қаржылық көрсеткіштері жақсы болуы тиіс.
КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫСЫ МЫНАНДАЙ
ФАКТОРЛАРҒА НЕГІЗДЕЛЕДІ:
1. Компанияның түпкі мақсаты.
2. Компанияның түрі.
3. Компанияның жұмыс істеу аясы.
Пайданы табу мақсатымен құрылған компаниялар коммерциялық
компаниялар деп аталады. Коммерциялық компанияның пайдасы оның
қожайындары арасында бөлінеді.
Қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтерді, халыққа игілік жасау
мақсатымен құралған компаниялар коммерциялық емес
компаниялар деп аталады.
Мұндай компаниялардың мысалы ретінде қайырымдық мекемелері бола
алады. Қайырымдық мекемелерінің негізгі мақсаты кедейлер мен
ауыруларға көмек көрсету, пайданы көбірек табу емес.
Коммерциялық және коммерциялық емес компаниялар заңды рәсімделуі
тиіс.
Компания құрылған кезде, осы компанияның негізін қалаушылар,
компанияның атына қаражатты аударады. Бұл қаржы
компанияның жарғылық капиталы деп аталады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кәсібіңіздің көлеміне қарамастан 1:3
формуласын есте сақтаңыз. Мәселен, 100 000
теңге және 300 000 теңге. Бірінші сома шағын
бизнес әкелетін таза табыс болса, екіншісі орта
есеппен жеке кәсіпкерлікті бастау үшін керек
сома. Кәсіпкерлікте айтарлықтай тәжірибеңіз
жоқ болса, тәуекелдерді азайту үшін неғұрлым
аз қаржы кететін кәсіп түрін таңдаңыз. Біліксіз
бизнеске соңғы ақшаны салу – ақымақтық.
Пайдаланылған сілтемелер
https://cmab.kz/index.php/kz/o-u-a-t-su/mamandy-tar/arzhy
https://massaget.kz/qaarc/qa/20124/
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D1%80%D0%BF
%D0%BE%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%B
D%D1%8B%D0%B5_%
D1%84%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D0%BD%D1%81%D1%8B
https://
ru.coursera.org/lecture/finansy-companiy/chto-takoie-finansy-kompan
ii-i-pochiemu-oni-vazhny-rHRzD
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz