Сублимация әдісі




Презентация қосу
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы

ОСӨЖ №6
Тақырыбы: Химиялық тазалау және бөлу технологиясы. Экстракция,
тасымалдаушымен экстракция, экстрагенттің селективтілігі, экстрагенттің
сыйымдылығы

Орындаған: Султанбекова А.М
Тобы: ТФП 18-015-1К
Тексерген: Туртубаева М.О

Алматы 2021
Химиялық тазалау және бөлу технологиясы

Қайта кристалдану әдісі қатты заттарды бір-бірінен ажыратып алуда және олардың
құрамдарын бөгде заттардан тазарту кезінде қолданылады. Бұл әдіс арқылы заттарды
тазартқанда мына төмендегідей үш мәселеге көңіл бөлінуі қажет.
а) органикалық заттың ерігіштігі температураға тікелей байланысты болуы шарт;
ә) берілген бір еріткіште тазартылуға тиісті зат бөгде заттарға қарағанда өте жақсы еруге
тиіс;
б) еріткіш тазартылатын затпен реакцияға түспеуі қажет.
Қайта кристалдану әдісінің мәні мынада:
Құрамында бөгде нәрселері көп, ластанған органикалық қатты заттар белгілі бір ыңғайлы
еріткіште кыздырылып ерітіледі. Бұдан әрі қызған ерітінді фильтр арқылы сүзіледі, ал
сүзгіден өткен ерітінді суылтылады. Сол кезде суыған ерітіндіде зат қайтадан кристалданады.
Бұл түзілген таза кристалдарды екінші рет фильтрлі сүзгіден өткізсек, таза зат ала аламыз.
Сублимация әдісі
Бірден булану (сублимация) әдісі де органикалық заттарды тазартудың тиімді түрлерінің
бірі. Сублимациялау дегеніміз қатты заттарды қоспадан қыздыру арқылы бірден буға
айналдырып содан сон, ол буды суытып, қайтадан қатты зат алу. Бұлай тазартудың
қолданылатын жері аз. Оған себеп, сублимацияға ұшырайтын органикалық қатты заттар
санаулы ғана.
Сублимацияның екі түрі болады:
а) қарапайым сублимация
ә) вакуумде өтетін сублимация .
Қарапайым сублимацияны кәрден тостағанында жүргізуге болады. Кәрден тостағанына
заттар қоспасы салынады да, оның бетіне воронка төңкеріледі. Тостағаншаны қыздырғанда
сублимацияға ұшырайтын зат буға айналып воронканың ішкі бетіне келіп соқтығады және
сол бетте ол бу қатты заттың кристалына айналып, воронка қабырғасына жабысады. Одан
затты қырып жинап алуға болады. Кейбір заттарды вакуумде кыздырып сублимациялап алу
ыңғайлы болады.
Хроматография әдісі
X р о м а т о г р а ф и я. Қазіргі уакытта органикалық заттарды бір-бірінен бөліп шығаруда, тазалау
және жекелеп алуда көп қолданылып жүрген әдістердің бірі. Хроматографияның негізі — заттардың
ерітінділерінің сорғыш материалдардың бойымен жылжып өтуі кезіндегі жылдамдығының әртүрлі
болатындығы. Басқаша айтсақ, әрбір заттың ерітіндісі сорбенттің (сорғыштық қасиетібар заттар)
бойымен өткенде әртүрлі жылдамдықпен жылжиды және сол сорбенттің бойында белгілі бір уақыт
сақталып тұра алады.
Заттарды хроматографиялық жолмен, тазалаудың төрт түрі бар:
а) адсорбациялық хроматография;
ә) бөліну хроматографиясы;
б) ион алмасу хроматографнясы;
в) газды хроматография.
Әр түрлі әдктер арқылы тазартылып алынған органикалык заттарды әр алуан жолдармен құрғатып,
одан әрі олардың тұрақты физикалық константаларын анықтайды (балқу немесе қайнау температурасы,
тығыздығы, жарық сәулесін сындыру қасиеті.
Нағыз таза заттар үшін оның барлық физикалық константалары тұрақты, аз ғана интервалды
өлшемдер болып келеді.Бұдан арғы жерде заттың құрамын анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Экстракция
Экстракциялау дегеніміз – қатты, немесе сұйық заттарды қоспалардан
басқа бір еріткіштер арқылы бөліп алу. Мұның мәні мынада: суда немесе су
мен қышқыл қоспасында еріп тұрған затты бұл ортаға органикалық
еріткіштер кұю арқылы ерітіп, бетіне қалқытып шығарады да, судан бөліп
ағызып алады. Экстракциялауды көп жағдайда бөлгіш воронкаларда
жүргізеді .
Экстракциялау үшін органикалық еріткіштер: диэтил зфирі, бензол,
толуол, хлороформ, дихлороэтан, төртхлорлы көміртегі ,петролейн эфирі,
этилацетат және т.б жиі қолданылады.
Экстракция жүргізудің жолдары
Экстракция жүргізудің әртүрлі жолы бар. Олар мына төмендегі әдістер:
мацерация — қалыпты жағдайда немесе бөлме температурасында қатты затты бірнеше
қабат аздаған мөлшерлі еріткіште ерітіп экстракциялау;
дигерлеу — қатты затты еріткіштің порцияларымен қыздырып экстракциялау;
перколяция — қатты заттың үстінен еріткішті үнемі ағызып өткізу арқылы
экстракциялау;
перфорация — заттың ерітіндісінің ішінен еріткішті үнемі айналдыра өткізіп отыру
арқылы (циркуляциялау арқылы) экстракциялау;
қарама – карсыағында бөлу — затты және еріткішті бір-біріне қарама-қарсы ағызып,
екі түрлі сұйықтық фазаның арасында экстракциялау.
Экстрагенттер ретінде қолданылатын еріткіштерге фармацевтік өндірістің
ерекшеліктеріне байланысты қосымша арнайы талаптар қойылады. Оларға:
экстрагенттің селективтілігі, жоғарғы экстракциялаушы қабілеті немесе сыйымдылығы,
микробиологиялық тұрақтылығы, т.б талаптар жатады.
Экстрагенттің селективтілігі

Экстрагенттің селективтілігі – экстрагенттің негізгі қасиеті. Селективтілік
экстрагенттің сығындалатын шикізаттың құрамына кіретін компоненттердің
біреуін іріктеп бөліп алатын қабілетін сипаттайды. Осыған байланысты, бір
затты барынша көп жеткіліктім ерітіп, екінші затты өте аз мөлшерде ерітетін
экстагент таңдап алу керек. Экстракцияланушы компонентке қарасты
экстрагенттің жоғарғы сұрыптаушылығы қолданылатын экстрагенттің мөлшерін
азайтып, процесті үнемді жүргізуге м.үмкіндік береді. Осы жерде Нернстің
негізгі заңымен анықталатын бөлу коэффициенті әсер етеді: К = C1/C2. Мұндағы
К – бөлу коэффициенті; С1 – компоненттің сулы фазадағы концентрациясы; С2 –
компоненттің органикалық фазадағы концентрациясы.
Бөлу коэффициентінің мәні неғұрлым жоғары болса, экстрагенттің
селективтілігі соғұрлым жоғары болады.
Экстрагенттің сыйымдылығы

Селективтілікпен қатар экстрагенттің жоғары экстракциялаушы
қабілеті немесе сыйымдылығы, яғни, сығындалушы заттың көп мөлшерін
еріте алатын қабілеті де әсер етеді. Егер экстрагенттің еріткіштік қабілеті
төмен болатын болса, онда оның селективтігіне қарамастан, сығындалушы
заттыбөліп алуғаосы экстрагенттіңкөп мөлшері қажет болады. Бұл өндіріске
экономикалық тиімсіз. Сондықтан, экстрагенттің аз мөлщерінде
сығындалушы заттың көп мөлшері экстракцияланатын экстрагенттер
қолданылуы тиіс.

Ұқсас жұмыстар
Гримотерапияның түрлері
Комплекстердің күші
Күкіртсутекті толық утилизациялауды шешу жолдары
Жеміс - жидек экстрактері
Химиялық заттарды тазалаудың әдістері
Бүркіп кептіргіш
Сұйық сығындылар
ПСИХОАНАЛИТИК АЛЫҚ БАҒЫТ
Сана және бейсаналық
ВАКУУМ - СУБЛИМАЦИЯЛЫҚ КЕПТІРГІШТЕР
Пәндер