Қазақстандық фармацевтикалық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету


Slide 1

ҚР өнеркәсіп: жаһандану жағдайындағы қазіргі жағдайы мен даму үрдістері. Қазақстандық фармацевтикалық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

«С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА»

Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасы

№6 сабақ

Орындаған: Султанбекова Айдана

Тобы: ТФП 18-015-1К

Тексерген: Серикбаева Э. А

Алматы 2021

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

ҚР өнеркәсіп: жаһандану жағдайындағы қазіргі жағдайы мен даму үрдістері.

Қазақстанда фармацевтика нарығын дамыту жолдары

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Фармация халыққа дәрі-дәрімекпен көмек көрсетуді іске асыратын сала. Фармацияның негізіне дәрілік заттарды анықтау, іздеу, оларды зерттеу, дайындау, қалыптау және шығару, сұрыптау, стандарттау, сақтау, тарату және фармациялық қызметті ұйымдастыру жатады. Фармацияның тарихы адамзат тарихымен бір.

Денсаулық сақтаудың маңызды міндеттерінің бірі - халықты қауіпсіз, тиімді, сапалы және қолжетімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып табылады.

«Осыны негізге ала отырып, Елбасы Н. Ә. Назарбаев Үкіметке Ұлттық фармацевтикалық өндірушілер есебінен ішкі тұтынуды дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойды. 2016 - 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылы Қазақстан Республикасының 2010 - 2014 жылдарға арналған фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламасының жалғасы ретінде бекітіліп, бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі халықты отандық өндірістегі медикаменттермен қамтамасыз ету мәселелерін, дәрілік заттардың қолжетімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін, тиімді қолданылуын қамтамасыз ету сияқты негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін іс-шаралар кешенінің тиімділігін әзірлеу, орындау және мониторинг жасауды алдын-ала қарастыратын дәрілік қамтамасыз ету және Денсаулық сақтау жүйесін дәрімен қамтамасыз етудің Ұлттық саясатын жүзеге асыру болып табылады».

Осыған байланысты Қазақстанның фармацевтикалық нарықтағы отандық дәрілік препараттардың негізгі даму қарқынын талдау өзекті болып қалуда. Фармацевтика саласын басқару кезіндегі, яғни дәрілік заттармен халықты қамтамасыз етудегі жедел шешім қабылдау, әдетте, дәрілік препараттар нарығында қалыптасқан жағдайды маркетингтік талдауға негізделеді. Осы мәселелерді қарастыру қажеттілігі халықты отандық дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауға және Қазақстан Республикасында отандық дәрілік заттарды тиімді қолдану жүйесінің жаңа әдістемелік жолдарын ғылыми негіздеуге мүмкіндік берді.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

«Қазақстан республикасындағы фармацевтикалық өндірістерді дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау және оның өнімділігін арттыру ұлттық экономиканы дамытуға ең қолайлы жолдардың бірі болып табылады. Осының арқасында республика аумағында шамадан тыс көбейіп кеткен импорттық медикаменттерді отандық фармацевтикалық заттармен алмастыруға жол табылады. Қазіргі таңда экономикада қалыптасып отырған тоқырау тек қана импорттық заттарды отандық тауарлармен алмастыру арқылы шешуге болады. Алғаш рет экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін отандық өндірістік өнеркәсіптерді дамыту қажеттігі туралы ойды 19 ғасырда неміс ғалымы Ф. Лист атап өткен. Осы ғалымның айтуынша жеке мемлекеттердің экономикасы өзіндік заңдар бойынша дамиды. Себебі, әр-бір елге ұлттық экономия тәуелді. Осы заң бойынша отандық өндірістік қуаттарды бірінші кезекте дамыту, экономиканың тоқыраусыз өсімін қамтамасыз етеді. Орыс ғалымы Н. Д. Контратев қалалардың өркендеуі мен тұрғындардың бақуатылығының артуы осы елді мекендерде орналасқан өндіріс ошақтарының, оның ішінде өндірістік өнеркәсіптің даму жылдамдығына тікелей байланысты. Бұл жерде өндірістің даму жоспары міндетті түрде екі әдіске сүйенеді, оның ішінде генетикалық 44 және теологиялық әдістерге арқа сүйейді»

Slide 7

«Елдің экономикасының дамыту үшін бірінші кезекте импорттық заттардың орнына отандық тауарларды еңгізу қажеттігі туралы 20 ғасырдың 60 - 70 жылдары атақты ғалымдар Х. Чинери, М. Бруна, А. Страук және М. Картер өз еңбектерінде дәлелді материалдарымен анық көрсетіп кеткен. Олардың жасаған экономикалық даму моделінде екі түрлі жетімсіздіктерден арылу мақсатында тек қана сырттай қаржыландыру көздерін отандық инвестициялармен алмастыру қажет екендігі көрсетілген. Алайда көптеген мемлекеттерде тауар айналымын қалыптастыру үшін және экономикалық тоқыраудан шығу мақсатында сырттай көмек алуға негізделеді, ал мемлекеттік қорлар осы мақсатта мүлдем қолданылмайды. Америкалық экономист М. Фортер жеке елдердің тауар айналымдағы бәсекелестігі тек қана отандық өндірушілерді қолданғанда ғана тиімді болатындығын көрсетті. Осы жағдайда отандық сапалы тауарлар ішкі нарықта үлкен мүмкіндіктерге ие болып, импорттық заттарды барынша азайтуға жағдай туғызады. Алайда бұл өндірістерді мемлекет міндетті түрде қаржылай, заңды тұрғыда және білікті мамандармен тоқтаусыз қамтамасыз етуге көмектесіп отыруы тиіс».

Импорттық фармацевтикалық тауарлардың біздің елімізге қарай шығаруын азайту үшін мемлекеттік басқару органдарының белсенді араласуын қажет етеді. Бірінші жағынан, импорттық заттарды алмастыру елдің экономикасын құрлымдық тұрғыда өзгертілуін қажет етеді. Басқаша айтқанда импорттық заттарды алмастыру үшін мемлекеттік басқару органдарының белсенді осы бағытта жүргізіліетін жұмыстарын қажет етеді. Екінші жағынан, импорттық фармацевтикалық заттарды отандық медикаментермен алмастыру жұмысы бірінші кезекте жергілікті тауар өндірушілердің ішкі нарықтағы бәсекелестік қуатын арттыруды қажет етеді. Сонымен қатар ескірген, болашағы жоқ дәрі-дәрмек өндірістерін жауып тастау және болашағы үлкен, бәсекелестікке ыңғайы бар өндірістерді барынша қолдау керек. Үшінші жағынан, елімізге импортталатын дәрі-дәрмектердің көлемін заңды түрде азайту қажет. Осындай жағдайға қол жеткізу тек қана отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту және отандық дәрі-дәрмектерге сұранысты арттыру арқылы қол жеткізуге болады.

Slide 8

Отандық дәрі-дәрмектерге сұранысты арттыру үшін иновациялық жолды таңдау және дәрі-дәрмектерді диверсификациялау қажет. Диверсификация дегеніміз - науқастарға ұсынатын дәрі-дәрмектердің клиникалық көрсеткіштерін жақсарту, оның тиімділігі төмен жақтарын арттыру. Сол арқылы отандық фармацевтикалық заттардың науқастардың сұранысына сай болуын қамтамасыз етеді. Бесінші жолы, отандық фармацевтикалық заттардың өзіндік құнын төмендету арқылы оның нарықтағы өнімділігін арттыру. Алтыншы, Республиканың халықаралық нарықтық сауда саласындағы жағдайын жақсарту. Оның негізгі мағынасы отандық фармацевтикалық заттардың құнынын төмендету арқылы импорттық заттардың да арзандауына жол ашу. Импорттық заттарды алмастыру мемлекеттік экономикадағы сапалы өзгерістердің бірі болып табылады. Осы арқылы отандық фармацевтикалық зауыттардан шығарылатын тауарлардың бәсекелестікке қабілеті арттырылып, өндіріске болашағы үлкен иновациялық жаңалықтарды енгізуге жол ашады. Сонымен, импорттық тауарларды алмастыру Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін арттырады. Қазақстан Республикасындағы импорттық тауарларды алмастыру бағдарламасы көбнесе фармацевтикалық өндірістегі бәсекелестікке даяр медикаменттері бар және осы салада өндіріске қажетті заттармен салыстырмалы түрде жақсы қамтамасыз етілген ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие және сатылым маркасы жоғары заттарға тікелей тәуелді. 2000 жылдан бастап ұлттық өндірісті дамыту барысындағы саясат бірінші кезекте инновациялық жүйелерді ендіруге қолайлы салаларды қамтыды. Осындай салалардың бірі фармацевтикалық салалардың бірі болып табылады.

Slide 9

«Фармацевтикалық саланы басқарудағы қысқа мерзімді жылдам шешім қабылдау ісі маркетингтік талдауға және қысқа мерзімді маркетинг жүргізуге негізделді. Тексерілген стратегиялық шешімді қабылдау үрдісінде, басқару нысанының жүйелі мониторингі анықтауға мүмкіндік беретін, ұзақ мерзімді даму бағытын ескеру қажет.

Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін, осы үдерістерді маркетингті зерттеу мен мемлекеттік қолдау негізінде, жаңа инновациялық әдістерді еңгізуді қамтамасыз ету қажет. Болатын өзгерістерді талдаусыз және бүгінгі күннің талаптарын анықтамай, салаға жеке инвестицияларды тарту механизмін пайдаланусыз, мемлекеттік қолдау деңгейін анықтамай Қазақстанның фармацевтикалық саласын одан ары дамыту мүмкін емес.

Slide 10

Медикаменттердің нарықтағы орны көптеген маркетингтік себептерге тікелей байланысты. Оның ішінде фармацевтикалық фирманың имиджі немесе нарықтық таңбасы ерекше роль атқарады. Оның абыройы жоғары болған сайын фирманың нарықтағы дәрілердің өтімділігі және бағасы жоғарылай түседі. Екінші орында фирманың медикаменттің өтімділігін арттыруға бағытталған жарнамасы. Осы бағытта фирманың жұмсайтын қаржысы артқан сайын, медикаменттің өтімділігі де жоғарылай түседі. Науқастардың дәріні қабылдағаннан кейінгі оның тиімділігі туралы қалыптасатын пікірі де басымдыққа ие. Дәріханаларға барған науқастардың басым бөлігі фармацевтердің кеңесіне жүгінеді. Сондықтан олардың сатылымдағы дәрілердің тиімділігі туралы ойын социологиялық зерттеу арқылы тексеріп отырудың маңызы өте жоғары.

Slide 11

«Қазақстан Республикасының фармацевтика нарығы - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) ішінде Ресей мен Украина нарығынан кейін үшінші орынды қамтиды. IMS Health мәліметі бойынша ТМД фармацевтика нарығындағы Қазақстан Республикасының үлесі 2014 жылы 7%-ды құрады. Қазақстан Республикасында фармацевтика өнімін жан басына шаққандағы тұтыну үлесі - 78 АҚШ дол. құрап, ТМД бойынша көлемі жағынан екінші орынды қамтып отыр. Алайда көрсетілген деңгей кез келген Еуропа елінің қол жеткізген көрсеткіштерінен айтарлықтай төмен. 2015жылы Европа одағында, Шығыс Еуропада және ТМД-да жан басына шаққанда дәрілік заттарды тұтыну, орта есеппен алғанда 150 долларды құрады. Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсібі шет елдік фармацевтика шикізатына, жабдықтар мен орама материалдарына айтарлықтай мұқтаж. Қазахстанда 10 мыңнан астам дәрілік препараттар тіркелген, дүние жүзінің 100 елінен келген өкілдер жұмыс істейді. Импорт көлемінде Батыс, Шығыс Еуропа елдерінің үлесінің өсу үрдісі байқалады. Дәрілік заттардың импортын бағасы бойынша 68, 6%-ын, саны бойынша 54, 5%-ын қамтамасыз ететін елдердің бірінші ондығына Германия, Франция, Ресей, Үндістан, Венгрия, Бельгия, Италия, Словения, Австрия және АҚШ кіреді. Отандық дәрілік заттардың өндірілуі Қазақстанның жалпы фармацевтикалық нарығының шамамен 8% -12%-ын құрайды»

Slide 12

Сонымен қатар қазақстандық фармацевтикалық өндірістің нашар дамуының бір себебі отандық өндірушілерге қатысты дискриминациялық заңдардың болуы. Заң жүзіндегі теңсіздік мына жағдайлардан көрінеді: елге кіргізілетін фармацевтикалық өнімге кеден салығы мен ҚҚС салынбайды, сонымен бірге дәрілік заттарды импорттаушылар тек дайын өнімді ғана тіркеуге міндетті. Осы уақытқа дейін біздің республикамызда нарықтық саладағы импорттық дәрі-дәрмектерді отандық дәрі-дәрмектермен ауыстырудың тиімді жолдары, оның ішінде менеджмент пен маркетинг мәселелері толық қаралмаған. Соңғы кезеңде қалыптасқан әлемдік экономикалық тоқырау фармацевтикалық нарыққа да өзінің әсерін тигізуде.

«Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығы орталық Азиядағы ең үлкен және өте дамыған нарықтардың қатарына жатады. Алайда бұл сала дамыған елдердегі фармацевтикалық нарыққа қарағанда өте төмен деңгейде дамыған деп айтуға болады. Тәуелсіздік жылдардағы еліміздің экономикалық дамуы мұнай мен газ және тау-кен өндірісінің жылдам дамуына тікелей байланысты. Сонымен қатар осы екі саланың дамуы фармацевтикалық заттардың сатылуын барынша жоғары көтеріп денсаулық сақтау саласының өсуіне жол ашты. Қазіргі таңда Қазақстандық фармацевтикалық компаниялар отандық нарықта үлкен кемшіліктерге ие болып отыр. Оның себебі тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жасалынып жатқан мүмкіншіліктері болып табылады.

Slide 13

Сонымен, Республикамызда дәрілік заттардың өндірісі өте баяу дамуда деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өндіріс орындары Республикада тұтынылатын медикаменттер көлемінің құндық көлемінде 10%-дан аспайтын деңгейді көрсетеді. Алайда біздің Республикамыздағы ішкі фармацевтикалық нарық жоғары қарқында өсуде, бұл ахуал республика тұрғындарының әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруымен халықтың әл-ауқатының өсуімен тікелей байланысты болып отыр.


Ұқсас жұмыстар
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі
АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ФАРМАЦЕВТИКА ӨНДІРІСІНДЕ САПАНЫ БАҚЫЛАУ
Отандық өнім сапасы
Баға қалыптастыру әдістерін ата
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері
ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
ӨНДІРІСТІК - ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz