Жобаны іске асыру




Презентация қосу
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Фармацияның ұйымдастырылуы, басқарылуы және экономикасы және клиникалық фармация кафедрасы Презентация

Қазақстан Республикасында
жобалық қаржыландыруды
табысты қолдануға арналған
шарттар (СРС)
Орындаған: Султанбекова А
Тобы: ТФП 18-015-001
Тексерген: Серикбаева Э.А
Инвестициялық жоба
• Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның
даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен
кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты
болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты
болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте
кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның
тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба –
бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін
өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жоба мәні мен мазмұны

• Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады.
Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік
қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының
түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін
қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім
көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен
байланысты болады.
• Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның
айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы
кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып
табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және
жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық
мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан
ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Циклдері мен Жобаның тұжырымдалуы

Циклдері
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі
жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге ие.
Жобаның тұжырымдалуы
Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы
жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын
анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның
неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге
асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі
дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей
дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде
олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше
инвестициялық жобалар әзірленеді.
Жобаны дайындау

Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң
немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға дейін оны ары
қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық
бағыттарында коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық,
институционалды және т.б. – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру
талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін
бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып
табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда
болатын мәліметтерді дұрыс өңдеу алуға және бастапқы ақпараттардың
шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.
Жобаны сараптау

Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы –
жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер
жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен
қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама
жүгізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде
ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір
консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды
қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен
өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда
жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де
сараптама қажет.
Жобаны іске асыру және
Нәтижелерді бағалау
Жобаны іске асыру
Бұл кезең бизнес- идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық
қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі
реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген
кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты – бастапқы
инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және
инвесторлврдың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.
Нәтижелерді бағалау
Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет
түрірнің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу
дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың
нәтижесінде жобаны қарастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа
жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.
• Түрлері
• Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және
типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін
инвестициялық жобалардың негізгі түрлері мынадай:
• Қондырғыларды ауыстыру
• Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген
қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі
дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың
бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдей
керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.
• Шығындарды азайту
• Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту қондырғыларды ауыстыру. Осындай
жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым
жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда
салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір
жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада
неғұрлым тиімді бола бермейді.
Қызмет көрсету нарығын кеңейту
Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын
басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын
нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келе-
келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
Кәсіпорынды кеңейту
Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі
болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық
кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлнген кезде жіберілген қате
кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап кеткен жөн. [5]
Экологиялық жүгі бар жобалар
Инвестициялық жобалау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Экологиялық
жүгі бар жобалар өздерінің байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.
Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма – жобалардың қай түріне
назар аудару керек:
капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану немесе;
ағымдағы шығындарды көбейте отыры, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.
Маңыздылығы аса жоғары емес жобалар
Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа
автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды.
Міндеттер
Қойылған мақсатқа жету үшін жобалық талдаудың алдына келесі міндеттер белгіленеді:
Іске асырылатын жобалардың іс жүзінде кедергі болар шектеулерді және шаралардың өзгерістерін есепке ала отырып қол жеткізетін нәтижеге баға беру.
Жоба бойынша жұмсалатын қажетті ресурстардың көлемін анықтау және олардың әр түрлі шаралар бойынша салыстыру.
Жобаның және оны іске асырылу жолдарының бірнеше болуына қарай ең тиімді жобаны қабылдауға немесе ең тиімді нұсқаны таңдауға шешім шығару.
Жобаны іске асырудан түсетін табыстарды бағалау және оны инвесторлар арасында бөлу.
Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтижелігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және оптимизациялау
жатады.
Кез келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның түріне, сондай-ақ оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың қатысуы
талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инженер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инженер-эколоктар және т.б. жатады.
Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді.
Осыған сәйкес жобалық талдау да бірнеше түрлерге бөлінеді:
жобаны экономикалық талдау,
жобаны техникалық талдау;
жобаны коммерциялық талдау;
жобаны ұйымдастырушылық талдау;
жобаны әлеуметтік талдау;
жобаны экологиялық талдау;
жобаны қаржылық талдау.
Ал, жобаның соңғы бағасы бірнеше жылдар аралығында белгіленеді. Бұл техникалық шешімнің дұрыстығын, жергілікті әлеуметтік, экономикалық және саяси
жағдайлардың ескерілуін, шығынның дәл есептелуін, яғни, жобаның тиімділік көрсеткіштерінің тура екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Қаржыландыру үшін инвестициялық жобалардың тиімділігіне баға беру жөніндегі әдістемелік ұсыныстар халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданалатын қағидалар мен
әдістерге негізделген.
Коммерциялық тиімділікті есептеуге капиталдан түсетін пайда деңгейіне деген әр инвестордың жеке көзқарасы негізінде дисконт нормасын ешқандай қосымша
дәлелдемелерге суйенбей-ақ қабылдауға болады. Алайда, дисконт нормасының мөлшерін анықтаудың тәртібі қаржылындыру үшін инвестициялық жобаларды объективті
түрде таңдауға мүмкіндік береді. Инвестициялық жобалның тиімділерін талдай отырып таңдап алу инвестицияның қайтарамдылығын қамтамасыз етудің факторы болып
табылады.

Ұқсас жұмыстар
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ҚҰРЫЛЫМЫ, ОНЫҢ ТАЛДАУЫ МЕН ӨМІРЛІК ЦИКЛЫ
Инвестициялық талдаудың қарапайым критерийлері
Кәсіпорынның инвестициялық – инновациялық саясаты
ТАЛДАУ ТӘУЕКЕЛДІ ТАЛДАУ
Балалар футбол клубын ашу Бизнес-жоспар
Инвестициялық жобалар
Бизнесті жоспарлау процесінің кезеңдері
Көкөніс өсіретін жылыжай
Жобаны алға жылжыту
Өндіріс жоспары
Пәндер