Бүйрек құрылысы
Презентация қосу
Бүйрек
құрылысы
1 — несепағар;
2 — бүйрек венасы;
3 — бүйрек артериясы;
4 — ми қабаты;
5 — қатпарлы қабаты;
6 —астауша;
7 — бүйрек
пирамидалары;
8 — бүйректің ірі
тостағаншалары.
Нефронының құрылысы:
1 — әкелуші шумақтық
артериола;
2 — әкетуші шумақтық
артериола;
3 — шумақтық капиллярлар
шоғыры;
4 — бүйрек шумақшасы
капсуласының сыртқы және
ішкі бөліктері (Шумлянский
—Боумен капсуласы);
5 —капсуланың іші;
6 — проксимальды өзекше;
7 —Генле арнасының
төмендеме бөлігі;
8 — Генле арнасының өрлеме
бөлігі;
9 — дистальды өзекше;
10 — зәрді жинаушы түтікше.
Негізгі шағымдары:
●бел аймағының ауырсынуы,
●зәр шығарудың бұзылуы,
●зәр түсінің өзгеруі,
●ісіну,
●бас айналу, бас ауруы,
●көру қабілетінің нашарлауы
Белдің ауырсынуы:
а) ұстамалы түрде «бүйрек шаншуы» -
несеп жолында бөгет болуынан.
б) үздіксіз, тұрақты ауырсыну -бүйрек
капсуласы керілуінен .
Ұстамалы ауырсынудағы
науқастардың қалпы
Ұстамалы ауырсынудағы науқастың қалпы
Ісіну - таңертең қабақтары, беті
ісініп тұрады, кейбір науқастарда
түгел денесіне тарайды.
Бүйректік ісіну (бүйрек
капиллярларының өткізгіштігі
жоғарылауына немесе қанда
онкотикалық қысым
төмендеуіне, Na+ иондарының
көбеюіне байланысты). Бүйрек
шамасыздығы дамығанда бүкіл
денесі ісінеді.
Беттің ісінуі
Беттің ісінуі
Бүкіл дененің існуінде қолдың ісуі
Дизурия – зәр шығарудың бұзылуы
(жиі және ауырсынып зәр бөлу). Бір
тәулікте шығарылатын зәрдің мөлшері
диурез деп аталады.
Тәуліктік диурездің көбеюі - полиурия
(1,5 литрден көп), зәр шығарудың жиілеуі
– поллакиурия, ауырсынып зәр бөлу –
странгурия, тәуліктік мөлшерінің азаюы
– олигурия (500 мл төмен), зәр
шығарудың толық тоқтауы - анурия (50
мл аз) деп аталады.
Ишурия – зәрден қуықты босата алмауы
(жұлын қысылғанда, зақымдалғанда,
естүссіз жатқанда болады).
Никтурия - зәр шығарудың түнде
жиілеуі. Қалыпты жағдайда түнде
зәрдің 1/3 бөлігі бөлінеді. Никтурия
созылмалы гломерулонефрит,
созылмалы пиелонефрит ауруларының
соңғы кезеңіне, бүйректің басқа да
созылмалы сырқаттарына тән.
Изурия – зәрдің тұрақты түрде белгілі
бір уақыт аралығында, белгілі бір
мөлшерде бөлінуі (бүректе зәр
түзілуінің реттелуі бұзылғанда
дамиды). Бүйрек изуриясы мен
никтуриясында бүйректің ураттарды
концентрациялау қабілеті бұзылып,
шығарылған зәрдің тығыздығы үнемі
бірқалыпта қалады (изостенурия),
немесе төмендейді (гипостенурия).
Зәр тығыздығы тіпті өзгермеуі әрі
үнемі төмен болуы мүмкін
(гипоизостенурия). Зәр түсі - әдетте
сарғыш түсті, мөлдір болады. Қан
араласса - гематурия, гемоглобин болса -
гемоглобинурия (жуған ет суына ұқсас),
белок болса - протеинурия, ірің болса -
пиурия (жуындыға ұқсас), билирубиннен
- сырадай қоңыр түсті, уробилиннен -
қызғылт түсті болады.
Қарағанда:
Тері түсі ақшыл бозғылт болуы
(анемияның, ісінудің әсерінен
капиллярлардың тарылуымен
байланысты).
Беті, қабақтары ісінгенде - беті
домаланған, көздері сығырайған
болады. Бүкіл денесі ісінгенде
(анасаркада) жатқан төсегінің батқан
жерлерінде із қалады.
Беттің ісінуі
ҚОСЫМША ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Лабораториялық зерттеу әдістері
I. Зәрдің жалпы анализі
II. Несепті бактериологиялық зерттеу
III. Нечипоренко әдісі
IV. Аддис-Каковский әдісі
V. Зимницкий сынамасы
YI. Қанның биохимиялық анализі
YIІ. Қанның жалпы анализі
Аспаптық зерттеу әдістері
● ультрадыбыспен зерттеу,
● рентгенологиялық әдістер,
● эндоскопиялық әдістер,
● радиоизотопты әдістер,
● биопсия,
● сканерлеу.
Ультрадыбыспен зерттеу:
Рентгеннен ерекшелігі: бүйректің
мөлшері аз болып көрінеді. Өйткені
дыбыс қайта оралғанша азаяды.
Ұзындығы - 7,5-12 см-ге дейін болуы
мүмкін (бүйрек ісігін, сарысу ісігін,
бүйрек тастарын, бүйрек поликистозын,
гидронефрозды және бүйрек туберкулезын
анықтауға болады).
Рентгенологиялық әдістер:
●Жалпы шолу урографиясы;
●Экскреторлық урография;
●Ретроградты урография;
●Пневморен;
●Бүйрек артериясының ангиографиясы
Экскреторлық
урография
Бүйректің асимметриялы жабысуларының схемалық
көрінісі: а — S-тәрізді бүйрек; б — L-тәрізді бүйрек; в
— I-тәрізді бүйрек; 1 — қолқаның құрсақ бөлігі; 2 —
төменгі қуысты вена; 3 — несепағар; 4 — бүйрек.
Лабораториялық және аспаптық зерттеу
әдістері
I. Зәрдің жалпы анализі:
Макроскопияда:
●Түсі қалыпты жағдайда сарғыш болады.
Бүйректің қызметі төмендегенде түссіз
болуы да мүмкін.
Қызыл түсті болуы (қан болуынан макрогема-
турия деп аталады) құрамында:
а)эритроциттер;
б)гемоглобин;
в) миоглобин;
г)порфириндер.
● Мөлдірлігі - қалыпты жағдайда
мөлдір әрі көбігі аз болуы керек. Егер
көбігі көп болса, құрамында белоктың
көп екенін дәлелдейді.
●Тығыздығы қалыпты жағдайда 1015-
1025 аралығында
●Несеп реакциясы қалыпты жағдайда
қышқыл – 4,5 pH (5-7).
●Белок - қалыпты жағдайда тек іздері
болуы мүмкін (0,033 г/л).
●Глюкоза - жоқ.
Микроскопияда:
1) Лейкоциттер саны:
●ерлерде - 3-4 көру аймағында (к/а);
●әйелдерде - 5-6 к/а;
Лейкоциттерден: нейтрофилдер
болса, бактериялық инфекция
нәтижесінде (цистит, пиелонефрит)
пайда болады. Лимфоциттер болса,
иммундық қабыну (гломерулонефрит)
салдарынан болуы мүмкін.
2.Эритроциттер саны: қалыпты
жағдайда
●ерлерде болмауы керек;
●әйелдерде - 0-1 к/а.
Көру аймағында сілтіленген
эритроциттер кездессе, ол бүйректік
болады, жас эритроциттер
(бұзылмаған) болса -қуықтан, зәр бөлу
жолынан болуы мүмкін, ал препаратта
бірен-саран болуы мүмкін. Көру
аймағында 0-1 көп болса, онда
микрогематурия дамиды.
3. Цилиндрлер: көбінесе несеппен
бірге белок және басқа элементтер
бөлінгенде пайда болады – бүйрек
өзекшелерінің таңбасы, оның көп
бөлінуі цилиндрурия деп аталады.
Белоктан құрылған цилиндр түрлері:
а) гиалинді - (қалыпты жағдайда бірен-
саран кездесуі мүмкін, егер көп болса
патологиялыќ жағдай болғаны).
Гиалинді цилиндірлер протеинурияға
тән (жедел нефрит пен нефрозда
кездеседі).
б)балауызды цилиндірлер - сарғыш
түсті болады. Бүйрек өзекшелері
басым зақымдануынан (нефрозға).
Амилоидозда балауыз цилиндрлері
амилоидтан тұрады;
в)қан цилиндрлері -
эритроциттерден тұрады және
бүйректік гематурияның белгісі
болып саналады;
г) эпителий цилиндрі - бүйрек
эпителийінен тұрады;
д) түйіршік цилиндрі - ыдыраған
бүйрек эпителийінен тұрады.
Эпителий және түйіршік цилиндрі
бүйрек паренхимасының
зақымдалғанын көрсетеді және
жедел процеске тән.
4. Эпителий клеткалары: несеп
тұнбасында олардың үш түрін анықтауға
болады. Жалпақ эпителий - сыртқы жыныс
мүшелерінен не үрпіден түседі.
Ауыспалы эпителий клеткалары
(мөлшері әртүрлі, көбінесе несеп
жолдарынан (пиелит, цистит) түседі.
Призма тәрізді бүйрек өзекшелерінің
эпителий клеткалары бүйректің жедел және
созылмалы ауруларында, қызбада,
уланғанда және жұқпалы ауруларда пайда
болады.
5. Бактериялар қалыпты жағдайда да
кездесуі мүмкін, бірақ бірен-саран болады.
II. Несепті бактериологиялық зерттеу
Несепті бактериологиялық зерттегенде:
бактериялар саны -10-ның 6 дәрежесі-
нен аспауы керек.
III. Нечипоренко әдісі: Таңертеңгі
несептің 1 мл-де:
●Эритроциттер - 1000
●Лейкоциттер - 2000
●Цилиндрлер (гиалинді) - 220-дан
аспайды.
IV. Аддис-Каковский әдісі:
Бұл әдістің артықшылығы: тәулік ішінде
қанша эритроцит, лейкоцит бөлінді соны
білуге болады.
Қалыпты жағдайда:
●Эритроциттер - 1 млн.
●Лейкоциттер - 2 млн.
●Гиалинді цилиндрлер - 20 мың.
Зәрді 24 сағат жинайды, сондықтан
лейкоциттер бұзылып, олардың ферменттері
шығып эритроциттерді бұзуы мүмкін.
Екі тәсілде де лейкоцитурияның басым
болуы пиелонефритке, гематурияның
басым болуы гломерулонефритке тән.
Кристалл не аморфты масса түрінде
шөккен несеп тұздары (дианостикалық
маңызы шамалы).
Несептің: кышқыл реакциясында: несеп
қышқылды ураттар, оксалаттар болады.
Несептің сілтілік реакциясында: несеп
қышқылды аммоний, көмір қышқылды
кальций, трипельфосфаттар, аморфты
фосфаттар, фосфор қышқылды бейтарап әк
болады. Несепте тирозин мен цистеинді
кездестіру бауыр дистрофиясында және
фосформен уланғанда байқалады.
Тәуліктік протеинурия.
Бір тәулікте 50-150 мг-ға дейін белок зәрмен
шығуы мүмкін, ал патологиялық жағдайда 3-
4г дейін кейде одан да көп бөлінуі мүмкін.
1.Функциональды протеинурия:
а) дене температурасы жоғарылағанда
шыққан белок, сондықтан «қызбалық"
протеинурия деп аталады;
б) ортостатикалық протеинурия - тұрып,
жүргенде тапсырған зәрде пайда болады,
жатқанда болмайды.
в) күш түскенде болатын протеинурия "марш
протеинуриясы" деп аталады.
2. Шынайы протеинурия:
●бүйрек ауруларына байланысты екі
түрі бар:
●а)альбуминдік - селективті
протеинурия (майда белоктар),
●б)глобулиндік - селективті емес
протеинурия (ірі белоктар) - бұл
бүйректе өзгеріс бар екенін дәлелдейді.
V. Зимницкий сынамасы:
Тәуліктік зәрді 8 рет бөліп жинайды (4 рет
күндіз, 4 рет түнде үш сағат сайын). Әр
бөліктің мөлшері, салыстырмалы
тығыздығы анықталады. Салыстырмалы
тығыздығы - 1018-ден төмен болса -
гипостенурия, 1008-1010 (барлық бөлікте
шамалас) болса - гипоизостенурия деп
аталады.
Зәрдің тәуліктік мөлшері - 1,5 л болады, 2
литрден көп болса - полиурия, 0,5 литрден аз
болса - олигурия, 50 мл-ден аз болса - анурия
деп аталады.
Қанның биохимиялық анализінде: қалдық
азот және оның құрамы тексеріледі.
Қалыпты жағдайда қалдық азот - 14,28 -
28,56 ммоль/л. Оның көбеюі -азотемия деп
аталады, ол бүйрек шамасыздығының
белгісі болады.
Экстраренальды (бүйректен тыс) азотемия
себептері:
● Құсу, іш өту, т.б.
● Белок ыдырауының күшеюі (жаралар,
операция, ісіктің ыдырауы).
● Тиреотоксикоз.
Қалдық азоттың құрамы:
Индикан: қалыпты жағдайда - 0,2-0,8
мг/л немесе 0,68-5,44 мкмоль/л. Ол бүйрек
жетіспеушілігінде қалдық азоттан да
ертерек анықталады.
Креатинин: қалыпты жағдайда, ерлерде
- 0,053-0,106 мкмоль/л, әйелдерде - 0,044 -
0,097 мкмоль/л. Оның жоғарылауы бүйрек
жетіспеушілігінің алғашқы белгісі болып
есептеледі.
Мочевина: қалыпты жағдайда - 2,5 - 8,3
ммоль/л, оның жоғарылауы бүйрек
шамасыздыєының болжытпас айқын
және ерте белгісі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz