Стафилококктар: морфология, патогенез, клиника, емдеу және алдын алу шаралары


Slide 1

СӨЖ Тақырыбы: Стафилококктар. Орындаған:Нұғымашева Данагүл Тексерген: Бахитова. Р. А.

2022 оқу жылы

Атырау жоғары медициналық колледжі

Slide 2

Стафилококктар

Ең алғашқы рет стафилококктарды іріңнен 1878 жылы Кох, 1830 жылы Пастер тапқан. 1881 жылы Огюстон оларды «стафилококк» деп атауды ұсынды (стафилос- грекше “жүзім” деген мағынаны береді) . Таза дақылдарын бөліп алып, оны жан-жақты зерттеген Розенбах (1874) .

Терісі іріңдеп қабынған науқастан (1874 Бильрот ), іріңді аурумен сепсис

болғанда (1879, Пастер) стрептококктарды табады. Таза дақылын Фелейзен (1883) және Розенбах (1884) бөліп алады, қасиеттерін толық зерттейді. Пневмониялық стрептококкты (пневмококкты) бірнеше зерттеушілер әр кезде ашып, оның белгілерін анықтаған (Кох - 1871, Клебс - 1875, Пастер-Шамберлан 1881) . Таза дақылын 1885 жылы Френкель бөліп алады. 1886 жылы Вексельбаум жанжақты зерттейді.

Slide 3 Slide 4

Стафилококктар домалақ шар тəрізді, диаметрі 0, 5-1, 5 мкм, көбейгеннен кейін, топталып жиналып жүзім кестесіне ұқсайды, бірақ іріңде - дара жəне қосақталған коккалар кездеседі. Стафилококктар грам оң, қозғалмайды, спора құрамайды.

Стафилококктар - факультативті анаэробтар, бірақ олар оттегінің көмегімен əсіресе қаны бар ортада 37°С оптимальді температурада, рН 7, 2-7, 4. жақсы өседі. Элективті қоректік орта ретінде- сарыуыз - тұзды агар, тұзды агар колданылады.

Стафилококктың пигменті суда ерімейді, ацетонда, спиртте, эфирде ериді.

Токсин түзуі. Стафилококктар экзотоксин бөліп шығарады, оған түрлі гемолизин жатады, соның ішінде ең маңыздысы α - токсин, оның қасиеттері: гемолитикалық - эритроциттердің гемолизін тудырады, дермонекротикалық (теріні жансыздандыру) - тері ішіне енгізгенде тері жансызданады, летальды (қазалы) - көк тамырға енгізгенде оған сезімтал жануарлар өледі. Гемолизиннен басқа стафилококктар лейкоцидин түзеді - лейкоциттерді өлтіреді, энтеротоксиндердің 6 түрін - тағаммен улануды тудырады, эксфолиатиндердің 2 түрін - жаңа туған балаларда терісін зақымдайтын токсиндер өндіреді.

Slide 5

Жіктелуі. Адамнан бөлініп шығатын стафилококктың антигендік қасиеті: 3 түрге белгілі: S aureus, S epidermidis, S saprophуticus.

Резистентілігі. Стафилококктар сыртқы ортада тұрақты, олар ауада, топырақта, суда, құрал аспаптарда кездеседі, олар 100°С температурада бірден өледі, 70°C температурада 10-15 минуттан кейін өледі. Стафилококктар төмен температураға тұрақты, қатырған кезде бірнеше жыл тіршілік етеді. Тікелей түскен күн сəулесі əсерінен бірнеше сағаттан кейін өледі. Стафилококктар бриллиант жасылына сезімтал.

Патогенез. Стафилококктар тері, кілегейлі қабықшалар арқылы енеді. Көпшілік жағдайда тері, тері асты май қабатын зақымдайды, пиодермия, фурункулдер, күбірткелі тудырады. Стафилококктар тудыратын аурулардың ішінде тағам токсикинфекциясы жоғары орындарда болып табылады. Бұл ауру токсикоз белгілерімен, құсу, іштің өтуімен, бастың ауруымен сипатталады.

Slide 6

Адамда тудыратын аурулар: пиодермия, шиқан, күбірткелі, іріңдік, органдармен тканьдердің қабыну процесстері; баспа, цистит, остеомиелит, холецистит, мастит, сепсис жəне септикопиемия, тағам токсикоинфекцияларын.

Алдын алу: санитарлы гигиеналық жағдайларды жақсарту, ауруларды жəне бактерия тасымалдаушыларды уақытында анықтау, ауруханалар дұрыс режиммен жұмыс істеу.

Емдеу: Антибиотиктер қолдану, стафилококкты бактериофаг, антистафилококкты плазма, иммуноглобулин егу. Стафилококкты инфекция ұзаққа созылса - аутовакцина қолданады.

Slide 7 Slide 8

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Коктар мен стафилококтар: морфология, патогенез, клиника, диагностика және алдын алу
Ішек тобы бактериялары: Escherichia coli және Shigella - таксономия, морфология, патогенез, клиника, диагностика, емдеу және алдын алу
Гликозидтер құрамындағы өсімдіктерден малдардың улануы: клиника, патогенез, емдеу және алдын алу
Балалардағы АИТВ-инфекциясы: клиника, диагностика және емдеу мен алдын алу шаралары
Емдеу-алдын алу мекемелерінде жұмысты ұйымдастыру және аурухана ішілік инфекциялардың алдын алу шаралары
Үй түліктеріндегі сальмонеллез (қылау): этиология, патогенез, клиника, патанатомия, диагностика және алдын алу-бақылау шаралары
Менингит: этиологиясы, патогенезі, клиникасы және емдеу-алдын алу шаралары
Коронавирустық инфекция (COVID-19): этиология, эпидемиология, патогенез, клиника, диагностика, алдын алу мен емі
Жылқылардың ересек құрттары қоздыратын стронгилятоздар: морфология, даму циклы, клиника және алдын алу
Мидың абсцесстері мен арахноидит: этиология, патогенез, клиника және емдеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz