ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ӨСУІ


Slide 1

Қазақстандағы санақ деректері бойынша этнодемокрафиялық өзгерістер

презентация

Орындаған: Суйнов Бекзат

Slide 2

Қазақ халқының Ресейге бодан бол ғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақ станның Ресейдің отары, қазақтардың этно демографиялық дамуы отарлық-миграция лық (соның ішінде қоныстандыру) саяса тының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең.

КІРІСПЕ

Slide 3

Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзге рістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болға ны мен, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңын да, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58, 7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Сол түстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.

Slide 4

Егемен ел болғанымыздан кейін, мың өліп, мың тірілген қазақ халқы дербес дамуға мүмкіндік алып, алыс- жақынын тү гендеп, Отан туы астына жинала бастады. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы бойынша, сол жылдың басында өз еліміздегі қазақтардың саны 10 млн. -нан асып түсті. Ал осыдан бірер жыл бұрын шетелдердегі отандастарымыздың саны 5, 5 млн. -дай деген дерек болған-ды. Осыған байланысты қа зіргі таңда қазақтардың жалпы саны (өз еліміздегілер мен шетелдегілерді қоса есептегенде) 15, 5-16 млн. деп айтуға толық мүм кіндік бар. Бұл қазақ ұлтының көп ғасырлар бойы, талай демографиялық апат тарды бастан кеше отырып, егемендік жағ дайында өз

еліндегі халықтың көпшілігіне айналуы еді.

ЕГЕМЕНДІК ЕЛ

Slide 5

Қазақ ұлтының өсіп-өніп көбеюіне, соның нәтижесінде республика тұрғындары арасында өз үлесінің көтерілуіне шет жерлерден қайта оралған отандастарымыздың да әсері күшті болды. Қазақстанға бағыт талған бұл көші-қон үрдісі 1918- 1920, 1933-1935, және 1950 жылдардың екінші жар- тысы мен 1960 жылдардың басында жүріп өтті. 1916 жылы көтерілісті аяусыз басып, қырғынға ұшыратқан кезде 300 мыңдай қазақ пен қырғыздар Қытайға қашып, бас сауғалаған-ды. Олардың көбі 1918-1920 жылдарда қайта оралды. 1931-1933 жыл дардағы ашаршылықтан ауа көшкендердің көбі Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан және басқа Кеңес одағы аймақтарында паналаған-ды, олардың да басым көпшілігі қайтып оралды.

ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ӨСУІ

Slide 6

Дегенмен, қазақтардың әлеуметтік-де мографиялық дамуында әлі де келеңсіз жағдайлар кездесетінін де айтқан жөн. Табиғи өсім жағынан қазақтар басқа түркі-мұсылман этностарынан әлі де едәуір кейін қалып келеді. Өзбек, ұйғыр, әзірбайжан, түрік, күрд және басқа ұлт өкілдерінің табиғи өсімі қазақтардан едәуір басым келіп, саны өсіп, құрамы күшеюде. Қазақтардың басым көпшілігі аймақтардың ауылды мекендерінде тұратынын ескерсек, олардың әлеуметтік жағдайы өз деңгейінде емес екендігін байқаймыз.

ҚОРЫТЫНДЫ


Ұқсас жұмыстар
Қазақ шаруалары
ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ МӘДЕНИ КОДЫ
Жаһандану және Қазақстан экономикасы
Қазақ ұғымында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуына жиналған жақындары
Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы
Тарихи кезең сабақтары
Қазақ бітім - болмысын, адамгершілік негізін анықтаған көшпелі мəдениеттің тарихи типі
Пән оқытушысы
Өндіріс шығындарының өсуі
Сынып жетекшісінің жеке оқушымен және оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz